Меню

Страницы

Статья

Азаматтарды қабылдау орталығына қош келдіңіздер!

Түркістан облысы әкімідігінің Азаматтарды қабылдау орталығы 3 бағытта жұмыс жасайды. Олар:

1.Мемлекеттік қызмет көрсету;

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау;
  2. Азаматтарды жеке қабылдау.

Азаматтарды қабылдау орталығында бірыңғай кеңсе форматы жобасында өтініштермен жұмыс жасайтын 21 және мемлекеттік қызмет көрсетілетін 16 облыстық басқармалардың мамандары қамтамасыз етілген.

Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың  көтерілген мәселелерін бір жерден шешімін тауып, өтініштерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

1 – бағыт. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік қызметтің 174 түрінен қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде16 облыстық басқармалар тарапынан 119 қызмет.

Бір терезе қағидасы бойынша терминалдан реттік нөмірлік талонын алып, күту залында отырып, реттік нөмірі келген кезде оператордан қажетті қызметтерді ала алады.

Қосымша ақпараттар керек болған жағдайда, инфо киосктен «Жиі қойылатын сұрақтардың» жауаптары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес процестері туралы ақпараттар толық қамтылған. Қажет болған жағдайда, қағазға басып шығарып алу, электрондық пошталарына жіберуге мүмкіндіктері бар.

2 – бағыт. Жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қабылдап алып, кіріс хат реттік нөмірін ұсынып, заң аясында белгіленген уақытта жауабын ұсынады. 

3 – бағыт. Азаматтардың жеке мәселесімен басшылардың қатысуымен қабылдау жұмыстары 3-ші залымызда жүргізіледі. Жеке қабылдау бөлмесінде, кез келген уақытта өз мәселелерімен келген азаматтарға басқарма басшылары жеке қабылдау ұйымдастыра алады. Қабылдау онлайн форматта да жүргізуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
02 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

16 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
16 октября 2026
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
16 октября 2026
Түркістан облыстық маслихат депутаттарының сайлау округтері туралы ақпарат (орналасқан жері мен құрамы) (23-округ)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы