1
Мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету
Мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары әзірлеген мүгедектерді оңалту бағдарламасы (бұдан әрі - МОБ), мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша өтінімдерінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер МОБ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың келісімімен басқа тұлға, сонымен қатар мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: кресло-арба алуға арналған құжаттардың ресімделуі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлама алу.
Ескерту: бөлмелік креслолар мүгедектерге жеті жылға, серуендеу креслолары төрт жыл пайдалану мерзіміне беріледі.
2
Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету
Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына (бұдан әрі - ЖОБ) сәйкес мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі:
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беруге арналған құжаттардың ресімделуі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлама.
3
Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
Мүгедектерді сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі:
Қызметті алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне жүгіну қажет, сурдотехникалық құралдарын алу үшін өтініш пен келесі құжаттар ұсынылады:
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге сурдотехникалық құралдарын беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
4
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз ету
Сөйлеу процессорын кохлеарлы импланттарға ауыстыру және баптау қызметі кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын сатып алу, ауыстыру және баптаудан тұрады.
Сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметі мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балалардың сөйлеу процессорларын ауыстыру сөйлеу процессорлары орнатылған (ауыстырылған) күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Кохлеарлы имплантаттың бұрын берілген сөйлеу процессорын ауыстыру кезінде оны ұйымға қайтару қажет.
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын ауыстыру қажеттілігі, сонымен қатар кохлеарлы имплантаттарға орнатылатын сөйлеу процессорларының түрлері (модель) сурдологиялық кабинеттерде / орталықтарда кохлеарлы имплантациясын іріктеу комиссиясымен анықталады.
Комиссия құрамы мен жұмыс тәртібі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының бұйрықтарымен бекітіледі.
Сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысы сөйлеу процессорының түрін (моделін) көрсетумен тексерілген тұлғаның қолына (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.
Сөйлеу процессорын ауыстыруды қажет ететін кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балалар (олардың заңды өкілдері) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
5
Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Тифлотехникалық құралдарды қажет ететін бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге тифлотехникалық құралдарды беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
6
Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарын беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
7
Шипажайлық-курорттық ем алу
Шипажайлық-курорттық еммен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдама беру арқылы қамтамасыз етеді.
Мүгедектер немесе олардың келісімімен басқа тұлға, сонымен қатар мүгедек балалардың заңды өкілдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне шипажайлық-курорттық ем алу туралы өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге шипажайлық-курорттық ем тағайындау құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
8
Қозғалыста қиыншылық көретін бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін ұсыну, есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының қызметін ұсыну
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі қозғалыста қиыншылық көретін бірінші топтағы мүгедектерге беріледі.
Есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының әлеуметтік қызметі бір мүгедекке жылына отыз сағатқа дейін ұсынылады.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының қызметі МОБ негізінде жүзеге асырылады.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін және есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының қызметін алу үшін қозғалыста қиыншылық көретін бірінші топтағы мүгедектер және есту бойынша мүгедектер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін және есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының қызметін алу туралы өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен қозғалыста қиыншылық көретін бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін ұсыну және есту бойынша мүгедектерге ымдап сөйлеу маманының қызметін ұсыну құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
9
Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға (мүгедектерге) үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету
Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға (мүгедектерге) үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету бұл:
Үй жағдайында көрсетілетін әлеуметтік қызмет алу үшін ата-аналар (қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер немесе оларды алмастыратын тұлғалар) тіркелу орны бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдерінің әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелеріне жүгінуі қажет.
Сізге ұсыну қажет:
Қызмет көрсету мерзімі: 14 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: әлеуметтік арнайы қызметтер алу үшін кезекке қою туралы хабарлама.
Егер есепке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, жолдаманы ресімдеу кезінде қайта медициналық тексеріп-қараудан өту және медициналық карта ұсыну қажет. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда), карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
10
Арнайы интернат-үйлерге жолдама алу
Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелейтін отбасы оған медициналық күтім жасау мен оңалтудың, әлеуметтік бейімделу және оқыту ерекшеліктеріне байланысты туындайтын қиындықтарға тап болады. Мүгедек балаларға ерекше тәсіл қажет болғандықтан, мемлекет балаға медициналық көмек көрсету және әлеуметтік бейімдеу кезінде оның ауру сипаты мен ауырлығы есепке алынатын арнайы интернат-үйлер құрған.
аудандарда мұқтаж адамдарға стационарлық жағдайда (арнайы интернат-үйлерде) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:
Еңбек етуге қабілетсіз көмекке мұқтаж ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ мүгедектерге.
Интернат-үйге жолдама алу үшін Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметті тұтынушының тіркелу жері бойынша аудандық бөліміне жүгіну қажет.
Бұл үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Қызмет көрсету мерзімі: 17 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу мерзімін көрсетумен құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап.
11
Мүгедектакси
«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы аясында I және II топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адам тегін такси қызметін пайдалана алады. Бұл үшін арнайы телефонмен диспетчерлік қызметке қоңырау шалып, белгілі күнге және уақытқа автомобиль шақыру қажет. Содан кейін көлік келіп, адамды алып кетеді, қажетті орынға тағайындалған уақытта тегін апарады және кері қайтып алып келеді.
Қазақстан бойынша диспетчерлік қызметтің телефондары: