Меню

Страницы

Статья

Мен босқынмын

1

Босқын мәртебесін иемдену

Босқын мәртебесін иелену үшін Қазақстан Республикасына келгеннен кейін күнтізбелік 5 күн ішінде (нәсілдік, ұлттық белгілері бойынша қуғын құрбанына ұшырауы мүмкін жағдайларда немесе дін тұту, саяси пікірлер, белгілі бір қоғамдық топқа тиесілі болу) тіркелген жері бойынша ДП Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгіну қажет.

Ол үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. белгіленген нысанда босқын мәртебесін иелену туралы өтініш;
  2. пана іздеп жүрген тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. өтініш дәлелдігін растайтын құжаттар немесе материалдар (бар болған жағдайда).

Пана іздеп жүрген адамдның жеке куәлігі болмаған жағдайда, ол туралы деректер өз сөзінен жазылады.

Пана іздеп жүрген адам амалсыздан Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір күн ішінде ДП Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгінеді.

Қызмет көрсету мерзімі: 90 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: босқын мәртебесін иелену және босқын куәлігін беру немесе босқын мәртебесін беруден бас тарту.

Босқын мәртебесі ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық мерзімге беріледі.

2

Босқын мәртебесінің мерзімін ұзарту

Босқын мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін тіркелген жері бойынша ДП Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне жүгіну қажет.

Ол үшін cіз келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:

  1. белгіленген нысанда босқын мәртебесін иелену туралы өтініш;
  2. пана іздеп жүрген тұлғаны куәландыратын құжаттар;
  3. өтініштің дәлелдігін растайтын құжаттар немесе материалдар (бар болған жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: 90 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: босқын мәртебесін ұзарту немесе босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту.

Босқын мәртебесі ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі.

3

Босқын мәртебесін иеленуге рұқсат етілмейді

  1. Егер нәсілі, ұлты бойынша белгілеріне, дін тұтуына, азаматтығына, белгілі бір қоғамдық топқа жатуына немесе саяси пікірлерге байланысты қуғын құрбанына ұшырау қаупі болмаса.
  2. Егер адам мәлімет беруден немесе өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу себебі туралы жалған мәлімет берген болса, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынған болса.
  3. Егер ол адамда қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса.
  4. Егер адам оны қорғай алатын немесе босқын мәртебесін ала алатын мемлекеттен келген болса.
  5. Егер аталған тұлғаға қатысты террористік, экстремистік әрекеттерге қатысы бар немесе қатысқандығы туралы, сондай-ақ азаматтық алған елде немесе келген мемлекетте жұмыс істейтін тыйым салынған діни ұйымдарға қатысы бар екендігі туралы болжамдар болса.
  6. Егер аталған тұлғаға қатысты халықаралық актілерде көрсетілген әлемге қарсы қылмыс, әскери қылмыс немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны туралы болжам болса.
  7. Егер аталған тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының шегінен тыс, оның аумағына өткенге дейін саяси емес сипатта ауыр қылмыс жасағандығы туралы болжам болса.
  8. Егер аталған тұлғаға қатысты БҰҰ және Халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен қағидаттарына қарсы әрекеті үшін айыпталғандығы туралы болжамдар болса.
  9. Егер ол адам БҰҰ Босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссарының Басқармасынан басқа, БҰҰ органдарының немесе мекемелердің қорғауында болған немесе көмек сұраған болса.

 

Дата публикации
19 января 2021
Дата обновления
19 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
16 октября 2026
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
16 октября 2026
Түркістан облыстық маслихат депутаттарының сайлау округтері туралы ақпарат (орналасқан жері мен құрамы) (23-округ)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы