1
ҚР азаматтығынан шығу
ҚР азаматтығынан шығу үшін сізге тіркелген жеріңіз бойынша Түркістан облысының Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне баруыңыз және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Қызмет көрсету мерзімі: 6 ай. Жеңілдетілген тәртіпте - 3 ай.
Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі кәмелетке толмаған баласымен бірге Қазақстан Республикасының азматтығынан шығу туралы өтініш білдірсе, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына қатысы бар екендігі туралы екінші ата-анасының өтініші ұсынылады.
ДА Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне тапсырылған құжаттардың барлығы жиналғаннан кейін, барлық материалдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне дәлелді шешім қабылдау үшін жолданады.
Көрсетілген қызметтің соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманы беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.
2
ҚР азаматтығынан шығу кезінде зейнетақы қорынан айыру
ҚР азаматтығынан шығу зейнет жасқа дейін зейнетақы қорынан айыруға бірден бір негіз болып табылады.
ҚР азаматтығынан шығу кезінде зейнетақы қорын алу үшін сізге тіркелген жеріңіз бойынша Түркістан облысының БЖЗҚ бөлімшесіне баруыңыз қажет.
Міндетті, кәсіби міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы қорларын алу кезіндегі қажетті құжаттар тізбесі:
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы қорларын алу кезіндегі қажетті құжаттар тізбесі:
Тұрғен жерін ауыстыруына жәнебасқа елдің төлқұжатын алуына байланысты алушының жеке деректері өзгерген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты) ұсынылады:
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жеріне кеткен жеке тұлғаларға зейнетақы қорын төлеу кезінде зейнетақы қорына 10% мөлшерде салық салынады.
3
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердеболған жағдайда, ҚР азаматтығынан шығу
Сіз шетелде тұрып жатырсыз және азаматтықтан шығу үшін Қазақстанға келгіңіз келмейді? Онда қазақстандық консулдық мекеме арқылы Қазақстан Республикасы Презиентінің атына өтініш жазуыңыз қажет.
Өтінішпен бірге:
Шетел азаматтығын алғаннан кейін сйәкес мемлекетте Қазақстан Республикасының Елшілігінің консулдық бөліміне Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжатын қайтару қажет.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұру қазақстандық азаматтықтың тоқтатылуына әкелмейді. Бірақ, шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы 3 жыл ішінде дәлелді себептермен консулдық тіркеуге тұрмаса, автоматты түрде Қазақстан Республикасы азаматтығының күші жойылады.
4
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуда бас тарту талаптары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етілмейді, егер өтініш беруші: