1
Egov.kz потралында қызметті қалай алуға болады?
Бұл әрекетті орындау үшін:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны)алу керек;
- авторизациялау және тұрғын үйге кезекке қою туралы өтінім беру және ЭЦҚ қол қою;
- өтінімге құжаттардың электрондық көшірмелерін тізбеге сәйкес қоса жалғау:
- тұрғылықты жерде кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжат;
- неке қию (бұзу) туралы куәлік (1 маусым 2008 жыл), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (дейін 13 тамыз, 2007 жылғы), балалардың тууы туралы (дейін 13 тамыз, 2007 жылғы);
- аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің анықтамасы, егер жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса;
- жұмыс (қызметтің) орнынан анықтама, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазым атқаратын адамдарға.
Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.
Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.
2
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшесінде алу
Құжаттар тізімі:
- коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- үш жылдан кем емес тұруын куәландыратын құжат;
- неке туралы куәлік (немесе некені бұзу туралы күәлік) - 2008 жылдың 1 маусымынан дейін, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәлік - 2007 жылғы 13 тамыздан дейін, балалардың туу туралы куәлігі - 2007 жылғы 13 тамыздан дейін;
- аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің анықтамасы, тек тұрғын үй төтенше жағдайда деп саналатын болса;
- жұмыс орнынан анықтама, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметшілері, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы тұлғалар жүгінуі жағдайда.
Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Баж төленбейді.
Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.