Қызметті egov.kz порталында қалай алуға болады?
Сізге қажет:
- ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
- өтінішті тапсыру және оның ЭЦҚ-ын куәландыру;
- тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) облыстық филиалында қызметті алу үшін қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу.
Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауап.
2
Тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) аймақтық бөлімшесінде қалай қызмет алуға болады?
Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде тіркеу туралы өтініш, инспекторға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің болуы немесе болмауын тексеру туралы келісім;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
- республикалық маңызы бар қалаларда кемінде үш жыл тұру фактісін растайтын куәлік;
- некеге тұру (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалар туылуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) туралы куәлік адамның сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі.

0