Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 122-бабының 2-тармағына сәйкес еpeкшe қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн өзге қажеттерге алып қоюға жол берiлмейдi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары аталған мақсаттар үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасындағы елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайғастыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.