ПИК-тің басқару органдары
ПИК-тің басқару органдары болып төмендегілер саналады:
Егер сізде ПИК-ке төленіп жатқан ақшаның қайда кетіп жатқаны күмән тудырса, тексеру комиссиясына жүгінуге болады. Егер тексеру комиссиясы ПИК-тің қызметінде өрескел бұзушылық анықтаса - сотқа жүгініңіз, сондай-ақ тұрғындар жалпы жиналыста ПИК басқармасының мүшелерін қайта сайлауға құқылы. Егер де тексеру комиссиясы тұрғындардың сенімінен айырылса, аудиторлық тексеру жүргізу қажет.
2
ПИК төрағасы лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар
Пәтер (бөлме) иелері кооперативі төрағасы лауазымына кандидат келесі талаптарға сай болы керек:
ПИК басқармасының төрағасы жалпы жиналысының шешімімен сайланады.
3
ПИК-тің міндеттері
4
ПИК тұрғындардың пәтер ақы төлемдерін қайда жұмсайды?
ПИК шығындары тұрғындар (пәтер иелері) жиналысында бекітіледі, сондықтан не үшін ай сайынғы төлем алынатыны мен ПИК-тің қандай жұмыстарды атқаратынынан хабардар болу үшін әр тұрғын жиналысқа қатысуы керек.
Үйлер, қабаттар, кіреберістер саны, құрылымдық ерекшеліктер, алаңдар және үй маңы аумағын көгалдандыру және құрылыстың өзге де жеке ерекшеліктеріне байланысты олардың техникалық жағдайды және физикалық тозу деңгейі кондоминиумдердің ортақ мүлкін ұстауға шығындар тізбесі ерекшеленуі мүмкін.
Жарналар мөлшері үй иелерінің жалпы жиналысындағы әзірленген жобалық-сметалық құжаттама негізінде анықталады
ПИК-ке міндетті төлемдерді кешіктіруде әрбір кешіктірілген күн үшін өсімақы есептеледі. Егер тұрғын төлемнің белгіленген күнінен кейін үш айдың ішінде мерзімі өтуін негізді себептерсіз төлеуден бас тартса, кооператив қарызды мәжбүрлеп төлету туралы сотқа жүгінуге құқылы.
5
ПИК қандай есептер ұсынуы тиіс?
ПИК жұмысы пәтер иелері үшін неғұрлым айқын болса, басқарма төрағасы пәтер иелерінің сұранысы бойынша ақша қаражаттарын пайдалану туралы есепті тоқсанына бір реттен кем емес ұсынуы тиіс. Есептің қорытындылары үй тұрғындарының жалпы жиналысында жарияланады.
Сондай-ақ тұрғындар ревизиялық комиссиядан кооперативтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру актісін талап етуге құқылы. Ревизиялық комиссия кооператив басқармасының жыл сайынғы есебі бойынша және табыстар және шығындардың басқарма ұсынған жылдық сметасы бойынша қорытынды береді.
6
Егер сіз ПИК қызметіне риза емес болсаныз?
Егер де ПИК жұмысын нашар орындаса, кооператив басқармасының немесе оның төрағасының әрекеттеріне кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында шағымдануға болады, яғни ПИК мүшелері басқарма немесе кооператив төрағасының қайта сайлану мәселесін көтеруге құқылы.
ПИК-ке бағынатын жалғыз орган - ПИК мүшелерінің жалпы жиналысы, ал барлық кооператив емес, жекелеген үйлер мәселелеріне қатысты - үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерінің жалпы жиналысы.
Сондай-ақ, меншік иелері жалпы жиналыста бір ПИК-тен басқасына ауысу туралы шешім қабылдауға, не басқарушы компания таңдауға не басқарушы шақыруға құқылы. Барлығы ПИК мүшелері болып табылатын меншік иелерінің қалауына байланысты. Оның үстіне олар басқа ПИК-ке үйге қызмет көрсетуді қабылдауға өтініш білдіруі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда келісім қабылданғаннан кейін ғана жиналыс өткізіп, басқа ПИК-ке өту керек.
Осылайша, заң жүзінде барлық бастама пәтер иелерінің өздеріне беріледі.
7
Жалпы жиналыс өткізілуі
Жиналыс объектті басқару огранының бастамасымен және пәтер иелерінің талабымен өткізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың басқару органын таңдау мәселесін шешу үшін пәтер иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық ету құқығы бар.
Пәтер иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектін басқару мен қалпында ұстаумен байланысты мәселелердің шешімдері қарастырылып қабылданады.Пәтер иелерінің жиналысын ұйымдастыру тәртібі әр кондоминиум объекті үшін жеке іске асырылады. Пәтер иелерінің жиналыстары аудио-бейне жазбамен өткізіле алады.
Пәтер иелерінің жалпы жиналысы қалай өткізіледі?
Пәтер иелері жиналысының бастамашылары он күннен кем емес мерзімде барлық иелерге алда тұрған жиналыстың күні, орны мен қаралатын мәселелер тәртібі туралы алдын-ала хабар береді.
Жиналыс өткізілуі туралы пәтер иелеріне хабарландыру мемлекеттік және орыс тілінде жазылған хабарламалардың кіреберістерде, лифттерде және тағы басқа көз жетерлік орындарда ілінуі мен, қол жетімді болса, интернет-ресурстары арқылы жасалады.
Жиналыстың өткізілуі үшін пәтер иелерінің арасынан төраға мен хатшы сайланады. Төраға мен хатшы иелердің қолтаңбаларын жинау арқылы жиналысқа келген адамдардың санын тіркейді. Тіркеу қағазының ішінде жиналыс мәселелері, өткізілетін күні, пәтер иелерінің мекен-жайы мен сауалнамалық деректері, сондай-ақ пәтер иесінің қолтаңбасы бар баған болуы тиіс. Жиналыс төрағасы өткізілетін жиналыстың мәселелер тәртібін жариялайды. Жиналыс тәртібін мақұлдау үшін төраға пәтер иелеріне дауыс беруді ұсынады. Дауыстарды есептеу арқылы төраға дауыс беру қорытындысын жасайды. Жиналған пәтер иелерінің жартысынан көбі қолдаушы дауыс берсе, жиналыс тәртібі мақұлданған деп саналады. Дауыстар есептеу нәтижесінде жиналыс тәртібі өзгерсе, төраға жаңа жиналыс тәртібін жариялайды.
Төраға жиналған иелерге жиналыс тәртібіндегі әр мәселені талқылауды ұсынады. Төраға пәтер иелеріне жиналыс тәртібіндегі әр мәселе үшін дауыс беруді сұрайды. Төраға дауыстар есептеуін жасайды. Жиналғандардың үштен екісінен көбі қолдаушы дауыс берсе, берілген шешім қабылданған деп саналады.
Пәтер иелерінің жиналысы пәтерлердің жалпы санынан иелердің саны үштен екісінен кем емес болғанда ғана құқықты деп санала алады. Олардың санына салушыдан берілген пәтерлерде тұратын иелер де жатады. Егер пәтер иесіне бірнеше пәтер тиесілі болса, ол сәйкес дауыс санына ие болады. Бір пәтер бірнеше иеге тиесілі болса, дауыстардың есептелуі кезінде «бір пәтер - бір дауыс» қағидасы орын алады. Хатшы пәтер иелері жиналысының шешімін өкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша хаттама түрінде рәсімдейді.
Пәтер иелері жиналысының хаттамасы тіркеу қағаздарымен бірге тігіліп нөмерленеді (хаттамаға тіркеу). Төраға мен хатшы жиналыс хаттамасына қол қояды. Жиналыс тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есеп бойынша өткізілетін жағдайда, жиналыс хаттамасына қосымша тексеру комиссиясының қолы қойылады. Жиналыстар хаттамалары тіркеу қағаздары мен тоқсан сайынғы есептермен бірге интернет-ресурстарда көрсетіледі.
8
Жазбаша сауалнама қалай өткізіледі?
Пәтер иелері жиналысы өткізілген кезде кворумның жоқ болған жағдайында қайта жиналыс өткізу немесе жазба сауалнама жасау туралы шешім қабылданады. Қайта жиналыс өткізу немесе жазба сауалнама жасау туралы шешім жиналыста қабылданып хаттамада тіркеледі. Жазбаша сауалнама әр кондоминиум объекті үшін жеке өткізіледі. Жазбаша сауалнаманы ұйымдастыру үшін пәтер иелерінің санынан жауапты тұлғалар тағайындалады. Жауапты тұлғалар пәтерлерді аралап пәтер иелеріне дауыс беру қағаздарын береді.
Егер пәтер иесіне бірнеше пәтер тиесілі болса, ол жазбаша сауалнама өткізілу кезінде сәйкес дауыс санына ие болады. Бір пәтер бірнеше иеге тиесілі болса, сауалнама «бір пәтер - бір дауыс» қағидасы негізінде иелердің тек бірімен толтырылады. Хатшы пәтер иелері жиналысының шешімін өкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша хаттама түрінде рәсімдейді.
Әр дауыс беру қағазында реттік нөмір, талқылауға енгізілген сұрақтар, пәтер иесінің мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қол қоятын орын мен сауалнама өткізілуі үшін жауапты тұлғалардың қолтаңбасы болуы тиіс. Дауыс беру қағазы орталық өкілетті органмен бекітілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. Пәтер иесі дауыс беру қағазындағы сәйкес бағанға қол қою арқылы өз пікірін білдіреді. Пәтер иесінің мәселелерді қосымша оқып білу қажеттілігі бар болса, жауапты тұлғалар дауыс беру қағазын қалдыра алады. Қол қойылғаннан кейін пәтер иесі жауапты тұлғалардың қолдарына толтырылған дауыс беру қағазын тапсырады. Жазбаша сауалнама отыз күн ішінде өткізіледі.
Жазбаша сауалнама пәтер иелерінің жалпы санынан қатысқан иелердің саны үштен екісінен кем емес болғанда ғана құқықты деп санала алады. Олардың санына салушыдан берілген пәтерлерде тұратын иелер де жатады. Салушы пәтерді иеге бермеген жағдайда пәтерге тұратын тұлғалар сауалнамада қатыспайды.
Жазбаша сауалнаманың нәтижесі бойынша хаттамада дауыс беру қағаздары туралы жиынтық мәліметтер келтіріледі. Дауыс беру қағаздары хаттаманың міндетті қосымшасы болып табылады, олар пәтер иелерінің ортақ жиналысының хаттамасымен бірге тігіледі.
Жазбаша сауалнама арқылы қабылданған шешім барлық пәтер иелері үшін міндетті болып табылады. Жазбаша сауалнама отыз күн ішінде бітірілмесе, сондай-ақ жазбаша сауалнаманың соңына қарай оң шешімнің қабылдаңбауы жағдайында пәтер иелерінің қайта жиналысы жасалады, бастамашылар жиналыстың өткізілуі туралы пәтер иелеріне аз дегенде он күн қалғанда хабар береді. Жиналыста тәртіпті сақтау үшін жиналыс бастамашылары ішкі істер органдарына жүгіне алады.
9
Кондоминиум объектін қалай тіркеу керек?
Тұрғын үй заңнамасы бойынша кондоминиум объекті құрылған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде біртұтас кешен ретінде тіркелуі қажет, ПИК (пәтер иелерінің кооперативі - үйдің басқару органы) кондоминиум объектін тіркеумен байланысты міндеттерін атқаруы тиіс. Кондоминиумның пайда болу кезі үйдің қолданысқа енгізілу кезінен басталып саналады, ПИК Заң нормаларын сақтауы тиіс.
Құрылған күннен бастап 15 күн ішінде кондоминиум объектінің басқару органы кондоминиум объектінің тіркелуіне байланысты міндеттерін атқаруы тиіс. Кондоминиум объектінің тіркелуі іс жүзінде пәтер иелері үшін көп қабатты тұрғын үйдін ортақ мүлігіне үлестік меншік құқығының заңды бекітілуі болып табылады. Кондоминиум объектінің тіркелуіне дейін ортақ мүлікке қатысты мәмілелер заңды күшіне енбейді, жеке(бөліспелі) меншікте (затқа құқығы басқа) болып табылатын ортақ мүліктегі үлеспен байланысты мәміленің құрылуы кезіндегі мәміленің жасалған болып саналатын жағдайларын қоспағанда. ПИК және басқа басқару ограндары тұрғындардың әрекетсіздігімен қолданып кондоминиум объектілерін тіркемейді. Осыдан олардың қызмет ашықтығымен байланысты барлық мәселелер туындайды. ПИК тіркеу жоқтығын желеуретіп есептеме бермейді, шоттар ашпайды (жинақ шоттары мен ағымдары шоттар), тұрғындардың рұқсатысыз ортақ қолданыстағы жайларды жалға береді. Дегенмен, кондоминиум объекті тіркеуінің жоқтығы ПИК қызметі бойынша ақпараттың тұрғындарға берілмеуі үшін негіз болып табылмайды. Тұрғындар белсендірек болып, кондоминиум объектін әділет органдарында тіркеу арқылы ортақ мүлікке құқығын заңды түрде бекітуі тиіс.
Кондоминиум объектінің мемлекеттік тіркелуі үшін мүшелермен (иелердің немесе кондоминиумның басқару органының өкілетті тұлғасымен) қозғалмайтын мүліктің (әғни көп пәтерлі үйдің) орналасқан жеріне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы келесі құжаттар келтіріледі:
Кондоминиум мүшелерінің ортақ мүліктегі үлес мөлшері екі баламалы әдіспен анықтала алады - мүшелердің келісімімен немесе формула арқылы есептеумен.
Кондоминиум құрылуын және оның әділет органдарында тіркелуін мақұлдау туралы иелердің ортақ жиналысының хаттамасы негізгі және міндетті құжат болып табылмайды.
Оның ішінде үшінші тұлғалар алдында, соның ішінде мемлекеттік және басқа ограндар, кондоминиум мүшелерінің мүддесіне өкілдік ететін тұлғаның сайлануы көрсетілуі мүмкін. Кондоминиум мүшелерінің ортақ жиналысының хаттамасын толтыратын және қол қоятын жиналыс хатшысы қабылданады.
Жиналыстың барлық қатысушылары хаттамаға қол қоюы тиіс. Жиналыс кворумы жай көпшіліктің, әғни кем дегенде иелердің 2/3 үлесінің қатысу жағдайында оңды деп саналады. Үлестердің есептелуі туралы келісімге бөліспелі мүліктегі тұрғын және/немесе тұрғын емес үй-жай иелері немесе олардың сенімді өкілдері қол қояды, әғни иелер өзара келісім арқылы үлестерін анықтайды.
Егер кондоминиумдегі үлестер формула арқылы есептелетін болса (бөліспелі (жеке) меншіктегі тұрғын және тұрғын емес жайдың пайдалы ауданының берілген тұрғын және тұрғын емес жайдың пайдалы аудандарының жиынына қатынасы) тізімдемеде иелердің (кондоминиум мүшелерінің) қолтаңбалары талап етілмейді. Бұл ретте есептеу дәлелдігі үшін қозғалмайтың мүлік (пәтерлер мен тұрғын емес жайлар) иелерінің өздері жауапты болады.
Қозғалмайтын мүлікке қүқық (құқық ауыртпалығы) мемлекеттік тіркеу кезінен пайда болады, кондоминиум объекті міндетті мемлекеттік тіркеуге тиісті болады. Кондоминиум объектін қалпында ұстау үшін жер телімінің кұжаттарын қарастырсақ, олардың екі түрі бар - құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттар.
Жер теліміне құқық белгілеуші құжат ретінде аудан, қала әкімдігінің кондоминиум мүшелеріне жер теліміне меншік құқығының берілу қаулысы, аудан, қала Әкімінің шешімі, немесе салушыдан кондоминиум мүшелеріне жер телімі бар құрылыстың жанадан салынған көп пәтерлі тұрғын үйлеріне қабылдау-тапсыру актісі бола алады.
Сәйкестендіруші құжат - жер теліміне меншік құқығының акті, ол құқық белгілеуші болып табылмайды. Көбінесе құқық белгілеуші құжатпен бірге беріледі немесе Салушымен тапсырылады.
Кондоминиум объектін тіркеу кезде ортақ мүліктің құрамы мен ортақ меншіктегі әр жай үшін құқық иесінің үлес мөлшері анықталады.
Кондоминиум объектінің басқару органы құрылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде кондоминиум объектінің тіркеуімен байланысты міндетін орындауы қажет.