Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесін алған педагог аттестаттаудың екінші сараптау кезеңіне жіберіледі. Педагогтар жергілікті атқарушы органдарға немесе білім беру ұйымдарына не «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы өтініш ұсына алады. Демек, тестілеуден өткен педагогтар жергілікті атқарушы органға, білім беру ұйымы не білім беруді басқару ұйымдарына бару арқылы ғана емес, ХҚКО арқылы да құжаттарын тапсыра алады. Аттестатаудың сараптау кезеңінде тапсырылатын құжаттар тізбесі мыналар:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;
9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);
10) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;
11) оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);
3)-11)-тармақтарда санамаланған құжаттар түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.