Меню

Страницы

Статья

Mенің баламды мектепте қорлап жүр

Егер сіз балаңыздың мектепте қорлық көріп жүргенін білсеңіз, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін еш кідірместен шаралар қолдану қажет.

Егер сіздің балаңыз басқа оқушылардың қорлайтын (ауызша кемсіту, физикалық зәбір көрсету, бопсалаушылық) нысаны болса, сіз аталған мәселені сынып жетекшісі мен мектеп директорының алдында көтеруіңіз қажет. Орын алған жағдайдың себебін анықтау үшін аталған мектепке бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторды тартыңыз.

Сіз жағдайдың қиындығына байланысты мектептің орналасқан орны бойынша аудандық білім бөліміне шағым жаза аласыз. Сізге ата-ана ретінде тексеру жүргізіліп жатқан кезде өз балаңызға одан да үлкен психологиялық зиян тигізбеу үшін оған максималды көңіл бөлуіңіз әрі мұқият болуыңыз қажет. Орын алған жағдайдың себептерін анықтау кезінде сіздің балаңыз басқа балалардың тарапынан күлкі мен жасырын қорлау нысаны болып қалмауын мұқият қадағалауыңыз қажет. Баламен бірге мектеп психологына жүгініңіз. Онымен көбірек тілдесіңіз, өз-өзіне тұйықталуына жол бермеңіз және бұдан былай оның өмірінде не болып жатқанына әрқашан қызығушылық танытыңыз.

Егер сіздің балаңыз мұғалім тарапынан зәбір немесе қорлық көрсе, сіз бұл жағдай туралы мектеп басшылығын хабардар етуіңіз, сондай-ақ, аудандық білім бөліміне шағым жазу қажет. Сіз және сіздің балаңыз Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің сенім телефонына 8 (717) 2 74 25 28 немесе 150 жалпы ұлттық телефон желісіне қоңырау шалсаңыз болады.

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
18 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
16 октября 2026
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
16 октября 2026
Түркістан облыстық маслихат депутаттарының сайлау округтері туралы ақпарат (орналасқан жері мен құрамы) (23-округ)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы