Меню

Страницы

Статья

Заң мен тәртіп

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ақпараттық-насихаттау жұмыстары туралы мәлімет

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Заң мен тәртіп» тақырыбы бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілерде 30 710 материал жарияланды. Оның ішінде электронды БАҚ-124, ақпарттық сайт-477 баспа БАҚ-126 және әлеуметтік желілерде 29 983 жазба жарияланған.

«Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыруға байланысты облыста мемлекеттік тапсырысты орындаушы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Заң мен тәртіп», «Заңның аты – заң», «Президент тапсырмасы», «Маман сөз алады»,                      «Нөлдік төзімділік», «Южный Казахстан» газетінде «Закон                         и порядок», «На страже закона», «Закон для всех» атты тақырыптық айдарлар ашылып,  құқық қорғау органдарының ресми өкілдерінің авторлық бағандары іске қосылған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша (жұмысқа орналасу, бизнеске жол, құрылыс, білім саласы және т.б.)                          «Пара берме, бара бер» тақырыбымен әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, жан – жақты насихатталуда. 

«Заң және тәртіп» тақырыбы аясында «Zakon.kz» сайтында тұрақты материалдар жариялануда.

Жергілікті телеарналарда қылмыстық оқиғалардың алдын алу, заң негіздерін түсіндіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, рейд жұмыстары, т.б. заң және құқық қорғау салаларына арналған «Мінбер», «Заң»,  «Жедел желі» бағдарламалары көрсетілуде.

Бұдан бөлек, жергілікті «Turkistan», «Са-НҰР», «Sairam TV»,                  «Сәт» телеарналарында мемлекетттік органдардың басшылық құрамынан дайындалған арнайы спикерлердің қатысуымен                              15-тен астам телебағдарлама түсіріліп, көрсетілді.

2026 жылы Түркістан Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында «Заң мен тәртіп» идеологиясын  ақпараттық-түсіндіру жөнінде 2 баспасөз жиыны өтті.

Облыс көлемінде 20-дан аса бейнероликтер дайындалып, ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың мамыр айында «Turkistan» телеарнасы  «Түркістан сақшылары» атты жасанды интеллект технологиялары қолданылған алғашқы анимациялық жобасын (3 серия) дайындап, көрерменге ұсынған болатын.

Одан бөлек, 2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында аталған телеарна облыс прокуратурасының ұсынысына сәйкес, «Түркістан сақшылары» атты анимациялық фильм (50 минуттық) әзірленіпкөрермен назарына ұсынылды.

Жыл басынан бері облыс көлемінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында 329 іс-шара өткізіліп, 30 мыңға жуық жас қамтылды.

Жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, ерте жүктілік, буллинг, сталкинг және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында 956 психо-профилактикалық іс-шара өткізіліп,  70 150 жас қамтылды.

Түркістан облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесе отырып «Тәртіпке тартыл» атты Street Workout шарасы, «Заңды күлкі» атты Жайдарман ойындары, «Әл-Фараби» интелектуалды ойыны  ұйымдастырылды.

Облыс әкімдігімен жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, лудоманияға және құқық бұзушылыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша индикатор бекітілді. 

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары, білім беру саласы мен жастар ресурстық орталығы мамандары бірлесіп облыс көлемінде                      508 рейдтік     іс-шара өткізді.

Жүргізілген рейдтер барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 342 кәмелетке толмаған жасөспірімдер және заңды өкілінсіз жүрген 4 662 жасқа қатысты хаттамалар толтырылды.

Облыстағы 17 аудан, қалада мемлекеттік органдардың сенім телефондары туралы ақпараттық хабарландыру парақшасы дайындалып, тұрғын үй кешендерінде (лифттер, подъездер) ақпараттық стендтер мен тақталарда, халық көп шоғырланатын мекемелердің ақпараттық тақтайшаларына және т.б. орындарға 1 600 дана орналастырылды.

         Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты арнайы әзірленген баннер эскиздері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 114, интернет алаяқтыққа қарсы бағытта 118, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 59, нашақорлықтың алдын алу мақсатында 119 билборд конструкциясы орналастырылған.

Сонымен қатар, 590 орынға, оның ішінде сауда орталықтарында, ХҚКО, вокзалдарда, супермаркеттерде, базарларда аудиоджинглдар қойылды.

Қоғамдық орындарға, аялдамаларға 650 ақпараттық плакаттар орналастырылды

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
16 октября 2026
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
16 октября 2026
Түркістан облыстық маслихат депутаттарының сайлау округтері туралы ақпарат (орналасқан жері мен құрамы) (23-округ)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы