Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Шардара ауданы тұрғындарымен 19.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

Жол саласы

1.      

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің ішкі көшелерін жөндеу туралы.

 

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Муталиев Тұрысбек.

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

30.09.2025 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалды

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде орналасқан 10 көшеге (Мырзабаев, Кенесариев, Абай, Ақшағала, Мұратбаев, Еңбекші, Қарашаңырақ, Сейфуллин, Әлімбетов, Шорабеков) орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. Ағымдағы жылғы 5 мамырда қабылданып, пайдалануға берілген.

2.      

Шардара ауданы мен Келес ауданы аралығында ауданаралық қатынас жасайтын автомобиль жолының Шардара ауданына қарасты 8 шақырым бөлігін жөндеу туралы.

 

Қалғансыр ауылының тұрғыны Абилова Гүлнұр.

Жаушықұм-Қалғансыр жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу

30.09.2026 ж.

Облыс әкімнің бірінші орынбасары

(З.Жолдасов)

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалуда

Шардара ауданына қарасты ұзындығы 8 шақырымды құрайтын «Жаушықұм-Қалғансыр» учаскесінің конкурстық құны - 445,2 млн.теңге. Биылғы жылға облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алудың нәтижесі бойынша «Строительная компания «Строймонтаж»» ЖШС жеңімпаз болып танылған. 5 бірлік су өткелдері орнатылған және 8 шақырым жол төселімінің негізгі қабаты дайындалып, тас төселген. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Нысан 2026 жылға өтпелі

Денсаулық сақтау саласы

3.      

Алатау батыр ауылдық округіндегі алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету орталығы ғимаратын күрделі жөндеу туралы.

 

Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны Сейділдаев Жолбарыс.

Алатау батыр ауылдық округіндегі алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету орталығы ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

10.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалды

Аталған медициналық көмек көрсету орталығының күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ағымдағы жылғы 29 тамызда қабылданып, пайдалануға берілген.

Спорт саласы

4.      

Сүткент ауылдық округіне спорт кешенін салу туралы.

 

Сүткент ауылдық округінің тұрғыны Усипбаев Шалабай.

Сүткент ауылдық округіне спорт кешенін салу

 

31.10.2026 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалуда

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында конкурстық құны 366,7 млн. теңге. Биылғы жылға 240 млн. теңге қаралған. (Мердігер «Дәулет» ЖШС) Спорт кешенінің қабырғасы толық қаланып, шатыры жабылған. Ішкі және сыртқы сылақ жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда жылыту жүйелерін жүргізу жұмыстары  жүргізілуде.

Нысан 2026 жылға өтпелі

Тұрғын үй саласы

5.

Кезектілігіне сәйкес тұрғын үй алу мәселесі туралы  (көпбалалы ана, үй алу кезегіне 2019 ж. тіркелген)

Шардара қаласының тұрғыны Ж.Сұлтанова.

60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйден өтініш берушінің кезектілігіне қарай пәтер табыстау.

11.04.2025 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалды

Шардара қаласы №4 шағын ауданында жаңадан салынған 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден өтініш берушіге 11.04.2025 жылы пәтер табысталған.

Білім саласы

6.

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі А.Әлімбетов мектебінің ескі ғимаратын күрделі жөндеу туралы.

 

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Базарқұлов Ақберді.

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі А.Әлімбетов мектебінің ескі ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

25.08.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Орындалды

Реновация бағдарламасы аясында Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде орналасқан А.Әлімбетов мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ағымдағы жылғы
20 тамызда қабылданып, пайдалануға берілген.

Дата публикации
03 апреля 2026