- Жалпы ережелер
- Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Түркістан жастары» жас сайлаушылар клубы туралы (бұдан әрі – Клуб) «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің (бұдан әрі -Жастар орталығы) жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
- Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен, Түркістан облыстық сайлау комиссиясымен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Клубтың Ережесі Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бекітіледі бекітіледі.
- «Түркістан жастары» жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
4 «Түркістан жастары» жас сайлаушылар клубын құрудың мақсаты Түркістан облысындағы жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
- «Түркістан жастары» жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары:
- Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Түркістан облыстық АСК-сы, мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) бола алады.
- Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб қатысушылары құқылы:
1) Түркістан облыстық АСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
- «Түркістан жастары» жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
- Клубтың отырыстарын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
- Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жұмыс органы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім қызметкерлері болып табылады.
- Жұмыс органы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қаулысымен енгізіледі.
15. Клуб қызметі Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жиналысының шешімімен тоқтатылады