«TURKISTAN» Индустриалды аймағы туралы мәлімет

Түркістан облысында жалпы аумағы 1 961,3 га құрайтын
21 индустриалды аймақ құрылған.

Қазіргі уақытта, жалпы құны 59,7 млрд. теңгеге
55 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде
3 454 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жалпы құны 72,5 млрд. теңгеге 2 547 жаңа жұмыс орнын ашумен 43 инвестициялық жобаның іске асыру жоспарлануда.

Аталған инвестициялық жобалар құрылыс материалдарды және дайын металл өнімдерді өндіру, металлургия, машина жасау, пластмасадан жасалған өнімдерді өндіру, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салаларында жүзеге асырылуда.

Бұл ретте, индустриалды аймақтардың инфрақұрылымын жүргізу үшін жұмсалған қаржы көлемі 12,35 млрд. теңгені құрады. Бюджеттен жұмсалған
1 теңгеге, 10,5 теңге жеке инвестиция тартылды. 

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысымен кәсіпорындардың өндірілген өнім көлемі 12,5 млрд. теңгені құрады. Ал, бюджетке түскен салық көлемі 756,6 млн. теңге.

Слайдта ИА қатусушыларының өндірілген өнім көлемінің заттай түрдегі көрсеткіштері.

Сонымен қатар, 2025 жылыдың осы кезеңіне индустриялды аймақтарға жалпы құны 58,8 млрд. теңгеге 1 800 жұмыс орнын құрайтын жаңа 27 инвестициялық жоба орналастырылды.

Дата публикации
22 января 2026