Шешімнің жобасы «Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы
1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленіп, облыстардың жергілікті өкілді органдары ауызсуды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекітеді.
Осыған орай, «Түркістан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің шешімінің жобасы әзірленді