|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі |
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы Қағиданың 10 - тармағында Субсидиялар нормативтері, сондай-ақ өлшемшарттар, өтінімдер нысандары және өтінімдер беру мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату; асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлады сатып алу; Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеуге. «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялар нормативтері, сондай-ақ «асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлады сатып алу», «Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу» бағыттары бойынша нормативтер мен өлшемшарттар мал шаруашылығы жөніндегі мамандандырылған бейінді ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде белгіленеді. «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау гидрометеорологиялық қызмет растаған өңірде (Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қоспағанда) азық дайындауға теріс әсер еткен төтенше жағдай жарияланған немесе қалыптан тыс ауа райы жағдайлары болған кезде ғана жүзеге асырылады. «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады. Осыған орай, Түркістан облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 25 маусымдағы Жоғарыдағының негізінде, «ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы дайындалды. |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Осы жобаны қабылдау отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды мүмкіндік береді. |
|
4. |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
Субсидиялар көлемдері жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде: Жобаны жүзеге асыру қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиімді, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп өндірісін дамыту үшін тиісті жағдайлар жасау |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ
|
|
7. |
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Жоқ |
|
8. |
Өзге де мәліметтер |
Қаулы жобасын қабылдау жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азаюына және (немесе) ұлғаюына әсер етпейді. |
Басқарма басшысы Ф.Байдуллаев