«Сауран ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен Сауран ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №140 қаулысына және Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы №8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленді.
Аталған жобаға сәйкес, Сауран ауданының Үшқайық, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал, Бабайқорған, Иассы, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Оранғай, Жүйнек, Қарашық және Шаға ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердің шекараларына (шегіне) ауданның ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін қосу жоспарлануда . Осыған байланысты, аталған елді мекендердің шекаралары өзгертіліп, жалпы аудандары жаңа редакцияда белгіленетін болады