Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешiмiнің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасында жаңа Бюджет кодексі күшіне енді, ол елдің бюджеттік заңнамасын жетілдірудегі маңызды қадам болды. Құжат мемлекеттік қаржының ашықтығын, тиімділігін және тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

         Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
(27-бап, 2-тармақ) талаптарына сәйкес, жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актнің күші жойылды деп танылған жағдайда, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп тануға жатады. Осы талапқа сәйкес, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіне қатысты Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі қайта қаралып, жаңа кодекске сәйкестендірілді.

         Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін сақтау мақсатында, нормативтік актілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 9-тармағының талаптарына сәйкестендірілді.

Дата публикации
22 января 2026