«Келес ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Бұл жобаның мақсаты Келес ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - ден 2% - ға төмендету болып табылады.