ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 
2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

          Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес және Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №1-28 ө-н/қ өкімімен құрылған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде ТжКББ ұйымдарында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

         Сондай-ақ, ТжКБ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын білім басқармасының интернет-ресурсында күнтізбелік жылдың
29 тамызына дейінгі мерзімде орналастыру туралы комиссияның шешімін жарияланды.

         Сондай-ақ, 2025 жылғы 29 тамызда өткен комиссияның №3 хаттамалық шешімімен 46 ТжКБ ұйымына 15500 орын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. 

Дата публикации
22 января 2026