Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 300 қаулысымен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архивтерімен көрсетіліп, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскуранты бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тарамағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Осыған байланысты, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архивтерімен көрсетіліп, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскурантын бекіту туралы» №300 қаулысының күші жойылды