Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы

Облыс бойынша 2025 жылы 1722 нысанның құрылыс-монтаждау
жұмыстары басталғаны туралы хабарлама тіркеліп, бақылауға алынды
(318-бюджеттік, 277-инвестициялық жоба, 1127-жеке кәсіпкерлік).
Құрылысы аяқталып, заң талаптарына сай пайдалануға
қабылданған нысандар саны - 1116 (313-бюджеттік, 53-инвестициялық жоба,
750-жеке кәсіпкерлік).
Басқарманың мемлекеттік құрылыс инспекциялау жұмыстары
нәтижесінде 469 (100-бюджет, 369-жеке) құрылыс нысанында заң
бұзушылықтар анықталды.
Құрылыс субъектілеріне қатысты 1202 хаттамамен (178-бюджет, 1024-
жеке) әкімшілік шаралар қабылданып, «Бұзушылықтарды жою туралы»
берілген нұсқамалардың орындалуы қадағаланды және заңсыз, өз
бетінше салынған 40 нысанды мәжбүрлеп бұздыру туралы сотқа
жолданған талап арыздардың 24-сотта қаралуда, 6 нысанды бұзуға сот
шешімі шықты, 10-қанағаттандырылмады. Түсіндіру жұмыстарының
нәтижесінде құрылыс иелерінің есебінен 16 нысан бұзылды.
Жалпы 324 577 604 теңге айыппұл салынып, есепті кезеңде
өндірілген 283 688 500 теңге бюджетке кіріске алынды (87,4 %).
Барлығы 490 құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік шаралар
қабылданды, оның ішінде:
38 сарапшы тұлғалардың аттестаттары 6 айға тоқтатылып,
әрбіріне 180 АЕК-тен айыппұл салынды (33 техникалық, 3 авторлық
қадағалаушы, 1 жобаға сарапшы, 1 ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар);
11 мекеменің лицензиясы бойынша
- 5 жобалаушы, 3 мердігер мекемелерге 4500 АЕК айыппұл
салынып, лицензияларының жұмыс түрлері тоқтатылды
(ҚР ӘҚБтК 312 бап, 2-бөлігі);
- 2 жобаға сарапшы мекемелердің аккредиттеу туралы
куәліктерінен айыра отырып, 1400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
(317-1 бап, 2-бөлігі);
- 1 мердігер мекемеге әкімшілік айыппұл салынып,
лицензиясының кіші қызмет жұмыс түрлері 1 айға тоқтатылды(313 бап, 1-бөлігі);
Облыс аумағында «Келешек мектеп» Ұлттық жобасы аясында
салынған 29 мектептің 12-нің құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасында
анықталған заң бұзушылықтар негізінде 3-техникалық қадағалаушы
тұлғаның сарапшы аттестаттары 6 айға тоқтатылып, 12-мердігер мен
1-лауазымды тұлғаға әкімшілік шаралар қабылданды;
2
Жетісай қаласы, 12-орамында 1500 орындық мектеп құрылысының сапасы
бойынша бас мердігер «BCN Group» ЖСШ кіші жұмыс түріне лицензиясынан айыру
туралы әкімшілік іс сотқа жолданып, тапсырысшы «Samruk-Kazyna Construction»
АҚ-ның өңірлік өкіліне қатысты әкімшілік шара көрілді және «Құрылыс нысанының
сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау қорытындысын алу
туралы» нұсқама берілді (осы мектептің ЖСҚ-на тиісті өзгерістер енгізбегені үшін
және ғимараттың 1-ші қабатындағы темірбетонды аражабында жарықшақ пайда
болуына байланысты)

Сауран ауданының Еңбекші Дихан ауылындағы құрылысы аяқталып,
пайдалануға қабылданған 600 орындық мектеп құрал-жабдықтармен толық
қамтылмағаны үшін бас мердігер «Ныш-Ер» ЖШС-не қатысты әкімшілік шара
көрілді.
Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үй кешендері құрылысына
үлестік қатысушыларды тарту талаптарын бұзған 3 тапсырысшы
мекемеге әкімшілік шаралар қабылданды (ҚР ӘҚБтК 320 бап, 1-бөлігі).
Облыс аумағындағы инженерлік жүйелердің құрылыс-монтаждау
жұмыстарының сапасына жүргізілген тексерулер нәтижесінде
58 нысанда анықталған 93 заң бұзушылықтар негізінде әкімшілік
шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 795 өтініш қабылданып,
416-қанағаттандырылды, 379-дәлелді бас тартылды.
Оның ішінде:
- лицензия алуға қатысты 169 өтініш тіркеліп, 45-не дәлелді бас
тартылды, 124-қанағаттандырылды (37-лицензия берілді, 81-қайта
рәсімделді, 6-қосымша жұмыс түрі);
- аттестат алуға қатысты түскен 624 өтініштің 334-не дәлелді бас
тартылды, 290 тұлғаға аттестат берілді;
- жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша
түскен 2 өтініш қанағаттандырылды.
Мерзімдері бұзылған, дәлелсіз бас тарту фактілері бойынша арызшағымдар болған жоқ.
Басқармамен сәулет-құрылыс саласындағы 254 лицензиат
мекемелердің біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша тексеру
жүргізілуде, оның ішінде 5 жобалаушы және 66 мердігер мекемелерге
лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін біліктілігіне қатысты әкімшілік
айыппұлдар салынып, лицензияларының кіші қызмет жұмыс түрлері
6 айға тоқтатылды (ҚР ӘҚБтК 464 бап, 1-бөлігі)

Дата публикации
21 января 2026