Түркістан облысы әкімі Н. Көшеровтің Жетісай ауданы тұрғындарымен 13.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

 

Газ мәселесі

1.

Мақталы ауылдық округі Тың ауылында газ жоқ, ауылда 174 абонент тіркелген. Сол ауылымызға газ тартуға ықпал жасауыңызды сұраймын.

 

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Тың елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізсін. 

01.10.2025 ж.

 

 

 

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

(З.Жолдасов)

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

Мақталы ауылдық округі, Тың елді мекеніне газ құбырын тарту жобасына бюджеттен 164,2 млн. теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары 100% аяқталып, пайдалануға берілді. Қабылдау актісі 31.10.2025 ж. Газ құбырының жалпы ұзындығы 7,9 шқ. Оның ішінде жоғары қысымды 0,9 шқ. төмен қысымды 7,0 шқ.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

2.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекені аумағында 10 тік дренаж ұңғымасын қалпына келтіру жобасына енгізілмеген, жобаға енгізуді сұрайды.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Тың елді мекені аумағында 10 тік дренажді қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп,  ұсыныс енгізсін.

 

10.04.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары 

(Н.Тұрашбеков)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

«Қазсушар» РМК ТФ

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Жобалаушы мекеме «Жер-Ана» ЖШС мен «Қазсушар» РМК ТФ аудандық тік дренажды пайдалану өндірістік бөлімшесімен Мақталы ауылдық округінің тұрғыны, сұрақ қоюшы А.Асановпен біргелікте Тың елді мекенінде жобаға енгізілмей қалған №10 тік дренажды ұңғыма бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде жобаға кірмей қалған №10 емес №11 тік дренажды ұңғыма екендігі анықталды. Жоба бойынша жалпы Мақталы ауылдық округінде 47 дана, оның ішінде Тың елді мекенінде 5 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Ғылыми тұрғыда зерттеп, дәлелденген әдіс бойынша бір ұңғыма 600-700 метр немесе 160-170 га егістік жердің жер асты суының деңгейін қадағалайды. Ал Тың елді мекенінде қайта қалпына келтіріліп жатқан 5 ұңғыма жобадан тыс қалған №11 ұңғыманың аумағын толық қамти алады. Осыған орай №11 тік дренажды ұңғыманы жобаға қайта қосудың қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековпен облыс әкіміне 08.05.2025 жылы №30-367-қ/х қызметтік хат енгізіліп, тапсырманы бақылаудан алу жөнінде ұсыныс берілген.

3

Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке қашан беріледі?

 

Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны О.Тастанов

 

3. Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3.1. Каналдар мен қашыртқыларға мемлекеттік акті және бағалау құнын шығару.

3.2. Каналдар мен қашыртқыларға техникалық төлқұжат алу

3.3. Коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелерін республикалық меншікке өткізу.

30.12.2025 ж.

 

 

3.1. 01.09.2025ж.

 

 

 

3.2. 01.10.2025ж.

 

 

3.3. 30.12.2025ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Н.Тұрашбеков)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Бүгінгі таңға коммуналдық меншіктегі 158 ағын су нысанының 153-інің құжаттары қайта рәсімдеу жұмыстары толық аяқталды. Ал қалған 5 нысанның бойында іргелес жатқан 8 шаруа қожалықтарының жерлері (накладка) сәйкессіздік орын алуына байланысты, құжаттарын қайта рәсімдеу (мемлекеттік актісі мен техникалық төлқұжаты) жұмыстары біршама уақыт талап етуде. Себебі сәйкессіздікке (накладка) түскен шаруа қожалықтарының егістік жерлерінің мемлекеттік актісін қайта рәсімдеу қажет. Қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасуда.

 

Кәсіпкерлік саласы (фабрика салу)

4.

Мақта шикізатының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан аумағынан тоқыма фабрикасын салу.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Ауданда тоқыма фабрикасын салу бойынша ұсыныс енгізсін.

 

 

10.04.2025 ж.

 

 

Облыс әкімінің орынбасары (Н.Тұрашбеков)

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Жетісай ауданы әкімдігі

Ауданда мақта кластерін дамыту мақсатында тоқыма фабрикасын салу жөнінде облыс әкіміне 20.03.2025 жылы шығыс №721 санды ұсыныс хат жолданды. Бүгінгі таңда отандық инвестор «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС-ы жалпы құны 10,1 млрд. теңгеге мақта өңдеу зауыты мен жіп иіру фабрикасын салу жобаларын іске асыруды жоспарлаған. Құрылыс мерзімі 2025-2026  жылдары. Бүгінгі таңға Асықата кентіндегі  индустриялық аймақтан 10 га жер телімі бөлініп, жоба иесі тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

 

Кәсіпкерлік саласы (индустриялық аймақ)

5.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында индустриялдық аймақты құру.

 

Асықата кентінің тұрғыны Т.Кенжебеков

5. Индустриялдық аймақты құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

5.1. Инфрақұрылымды тарту үшін ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу.

5.2. Индустриялдық аймаққа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімді беру.

5.3. Инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын жүргізу.

2025-2026 ж.ж.

 

5.1. 01.08.2025 ж.

 

 

5.2. 01.09.2025 ж.

 

 

 

 

 

5.3. 30.12.2026 ж.

 

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

Облыс әкімінің орынбасарлары

(З.Жолдасов,

Н.Тұрашбеков)

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

«Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағын құру бойынша облыс әкімдігінің 12.02.2025 жылы №31 санды қаулысы қабылданып, индустриалдық аймақ құрылды. Аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп (электрмен қамту – сметалық құны 79,3 млн. теңге және газбен қамту – сметалық құны 147,3 млн. теңге), мемлекеттік сараптама алынды. Қазіргі таңда аталған жобалардың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (электрмен қамту – «Каз строй Эверест» ЖШС, газбен қамту – «NIYET construction» ЖШС).

 

Білім саласы

6.

Жетісай ауданында жоспарланған 6 жайлы мектептің 3-і қашан салынады?

 

Асықата кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты М.Ділдәбеков

 

Ауданда 3 жайлы мектептің құрылысын жеке инвесторлар арқылы жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін.

 

10.04.2025 ж.

 

Облыстық білім басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

Жетісай ауданында 6 «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 мектеп пайдалануға берілді, 1 мектептің құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған 3 мектеп Жетісай қаласынан 600 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы бюджет тапшылығына байланысты жүргізілмейтін болды. Аталған мектептердің құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізіледі, инвестор анықталды. Аудан әкімдігі тарапынан 08.07.2025 жылы №1724 санды ұсыныс хат облыстық білім басқармасына, 25.06.2025 жылы №1608 санды ұсыныс хат ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ жолданған. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың атынан мектептердің құрылысын тоқтату жөнінде облыс әкіміне қызметтік хат жолданған.

 

Санитарлық тазалық мәселесі

7.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтерге жаңадан техника берсеңіз.

 

Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Б.Омарбеков

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында техниканы алу бойынша  жұмыстарды жүргізіп, аудандарға табыстау.

 

01.06.2025 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

(З.Жолдасов)

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 13 дана МТЗ-82 тракторы, 13 тіркеме және 3 дана жүк тиегіш (погрузчик) алынды.

Дата публикации
31 декабря 2025