Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Созақ ауданы тұрғындарымен 10.04.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Орындалуы

Жол саласы

1

Таукент кентінің көшелерінің барлығына асфальт жабыны төселген. Ендігі кезекте кенттегі                    15 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеп берсеңіздер.

 

Есбергенов Бердібек – Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

Таукент кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2025 жыл

Орындалды

Таукент кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 9600 шаршы метрге асфальт жабынын төсеу жұмыстарына жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жоба құны 73 049,0 мың теңге.

2

Аудандық маңызы бар Тасты және Қылти елді мекендері арасындағы жолының құрылысы 2024 жылы басталған болатын. Аталған жол төсеу жұмыстары қашан аяқталады және сапалы жүргізілсе.

 

 Бейсенбаев Нұртас Аппазұлы – Тасты елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Тасты – Қылти бағытындағы жолдың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау.

 

30.09.2025 жыл

Орындалды

Аудандық маңызы бар «КХ-2-«Созақ-Тасты-Қылти» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жоба құны 118 553,0 мың теңге.

Ауыз су

3

Созақ елді мекенінде ауыз су кестемен беріледі. Ауыз судың тәулік бойы берілуін шешуге қолдау білдірсеңіз.

 

Нұрымбетов Асылхан – Созақ елдімекенінің тұрғыны, зейнеткер

Созақ елді мекеніне ауыз суды тәулік бойы беру үшін құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

 

30.12.2025 жыл

Орындалды

Созақ ауылын тәуік бойы ауыз сумен қамту құрылыс мақсатында 1385 абонентке су құбырлары жүргізілді. Жоба құны 3 235 795,0 мың теңге.

Спорт саласы

4

Былтырғы жылы Қаратау, Қарақұр ауылдарынан жабық кіші футбол алаңын салып, пайдалануға бердіңіздер.

Бұл жобаларыңыз ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізуде.

Осындай спорт алаңшасын Қозмолдақ ауылынан да салып берсеңіздер.

 

Арқаров Сұлтанберді – Қозмолдақ елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Қозмолдақ елді мекеніне жабық кіші футбол алаңын салу жұмыстарын ұйымдастыру.

30.09.2025 жыл

Орындалды

Қозмолдақ елді мекеніне 958 шаршы метрді құрайтын жабық кіші футбол алаңының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Жоба құны 110 млн.тг.

Ағын су

5

«Шұқырой» тоғанынан келетін ұзындығы 16,2 км болатын, 60 сантиметрлік канал 1973 жылы салынған.

Алайда қазіргі уақытта канал жарамсыз күйде.

Аталған тоғанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

 

Рысқұлов Әуесхан -  Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

 

«Шұқырой» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізу.

2025-2026 жж

 

Орындалу үстінде

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын «Шұқырой» каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 10 шақырым каналға демонтаж жұмыстары жүргізілді, 3 шақырым канал лотоктары ауыстырылды. Жоба құны 550 млн. теңге.

Өзге мәселелер

6

          Аудандағы уран өнідірісіне ең керегі дәнекерлеу мамандығы. Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжге дәнекерлеу мамандығын енгізуді сұраймын.

 

Жүсіпов Бауыржан – Қыземшек кентінің тұрғыны

Осы бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

06.05.2025 жыл

Орындалды

Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжде дәнекерлеу мамандығы оқытылады.

Қазіргі таңда 25 студент дәнекерлеу мамандығы бойынша білім алуда.

2025-2026 оқу жылына «электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алуға 25 грант бөлінді.

(түсіндіру жұмыстарының сілтемесі) https://www.facebook.com/share/p/1JVqEnQvWB/?mibextid=wwXIfr

7

      Жұбайым жалдамалы жұмысшы,     8 балам бар. Тұрғын үйімнің жағдайы нашар, онда тұру мүмкін емес, тұрғын үй беруіңізді сұраймын.

 

Тілеубергенова Гүлзада – Таукент кентінің тұрғыны

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Созақ ауданында тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне қою мүмкіндігі жоқ.  Үй мәселесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

31.12.2025 жыл

Орындалды

Өтініш иесі тұрғылықты жері бойынша Созақ ауданында тіркелмегендіктен тұрғын үй кезегіне қою мүмкіндігі жоқ екендігі түсіндірілді.

Дата публикации
31 декабря 2025