Собрания Туркестанской областной территориальной избирательной комиссии с руководителями политических партий Протокол №69

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының саяси партиялардың  жетекшілерімен өткізілген жиналысының

№69 хаттамасы

                                                      Күн тәртібі:

Облыстық аумақтық комиссиясына саяси партиялардың партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну жайлы тәртібі.

Шақырылғандар: 6 саяси партияларының өкілдері: «Nur Otan» партиясы, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы, «Ауыл» хлықтық демократиялық патриоттық партиясы», «Бірлік» партиясы, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы.

Қатысқандар:

«Nur Otan» партиясынан Тәжібаев Б, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясынан Есенбаев Н.Т және Білісбеков. Е , «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Әжіметов Н.Н, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясынан Әшімбеков А.

    Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне жергілікті мәслихат депуттаттарының сайлау өткізу туралы календарлық жоспармен таныстырды.

   Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы О.Сағымбекова Қазақстан Республикасының кезекті сайлауды өткізу туралы Заңнамасына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған кезекті сайлауына партиялық тізімімен ұсынудың тәртібімен және кандидаттардың сай келуін ұйымдастыру бойынша кеңінен түсіндірме жасады.

Қатысқан барлық саяси партияның өкілдеріне қажетті құжаттарды жинақтау және дайындау жайлы тиісті материалдар топтамасы дайындалып берілді.

 

Дата публикации
23 ноября 2020