2025 жылғы 5 қазанда Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 138 762 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 79233 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 415 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны – 3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және учаскелік сайлау комиссияларының Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:
Дулат Талғатұлы Абылгазиевке 4 724 сайлаушы дауысы берілді, Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевке 66 837 сайлаушы дауысы берілді, Алмас Мейрбекұлы Тураровқа 7 132 сайлаушы дауысы берілді. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 255. Сайлау қорытындысымен 1986 жылы туған, ұлты – қазақ, Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінің тұрғыны Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 қазандағы шешімімен 2025 жылғы 5 қазанда сайланған Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі болып тіркелді.
Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясы