Информация по «фронт-офису» в Туркестанской области

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ФРОНТ-ОФИС» БОЙЫНША МӘЛІМЕТ.

Информация по «фронт-офису» в Туркестанской области

 

 

Ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы
2 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттiк органдардың қызметiнде азаматтардың мұң-мұқтажына назар аударуды міндет ретінде айқындалған.

Осыған байланысты аталған бағытқа баса көңіл аударып, халықпен ашық пікір алмасуға, бұқарамен кездесуге, елдің жағдайымен жақыннан танысуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жергілікті тұрғындармен  көтерілген мәселелерін бір жерден шешімін тауып, өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Түркістан, Кентау қалалары мен Түлкібас, Төлеби, Келес, Отырар, Созақ аудандарында «Фронт-офис» орталығы ашылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Түркістан қаласы әкімдігі жанынан пилоттық жоба ретінде «Халықтық кеңсе» ашылып, 2020 жылдың 13-қаңтарынан бастап жұмыс істеуде.  Халықтық кеңседе Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты төмендегі дербес бөлімдер:

  • Жер қатынастары;
  • Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы;
  • Бизнесті қолдау және туризм бөлімі (ауыл шауашылығымен бірге);
  • Адами капиталды дамыту бөлімі;
  • Спортты дамыту бөлімі;
  • Инфрақұрлым және коммуникацялар бөлімі;
  • Сәулет және қала құрылысы;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының мамандары тікелей көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлерін көрсетуде. Осы өтініштерді қарау бөлімі мен мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдері біріктіліп, Халықтық кеңседе жалпы арыз-шағымдар мен жеке қабылдаулар бойынша жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан 3717 өтініш арыз-шағым қабылданды. Өтініштер құзыреттілігіне қарай әкімдіктің дербес бөлімдеріне жолданады.

 Жауаптары тиісінше «КАЗпошта» арқылы өтініш иесіне жолданады. Осы ретте айта кететін мәселе маусым айынан бастап өтініштердің жауабы электронды түрде  «гибридтті пошта» арқылы жолдануда. Бұл бойынша бір қатар бөлімдер өздерінен шыққан өтініштерді тікелей гибридті пошта арқылы жіберуде.

Сондай-ақ, жер қатынастары саласында жыл басынан халықтық кеңседен 577 ге жуық қаулы, 200 комиссия хаттамасы тарқатылды.  

Жыл басынан бері Халықтық кеңсеге 53300  (10 ай) азамат өтініш білдіріп, түрлі қызмет алуға жүгінді.

Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты 1 сәуір мен 18 мамыр аралығында карантиндік режимде Халықтық кеңсе онлайн жұмыс жасады. Қала әкімдігінің call-орталығы (диспетчерлік “whatsApp”) 87020325732 нөмірімен жұмыс жүргізу Халықтық кеңседе қолға алынды.

Ол үшін арнайы «Trello» бағдарламасы кеңсенің барлық мамандарының жұмыс компьютеріне енгізілді. Кеңсенің halyktyk_kense@mail.ru поштасы ашылып, әлеуметтік-еңбек саласындағы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жұмыссыздыққа тіркеу, жолдама беру, тұрғын үй кезегінің реттелігін білу бойынша қажетті құжаттар осы пошта арқылы және ватсап нөміріне сканерлеу арқылы қабылданды.

Мамыр айынан бастап келушілердің саны  күрт өсуінің басты себебі ХҚКО-да арқылы көрсетілетін 600 қызметтің саны  97-ге қысқарып, электрондық үкімет «е-гов»-на өткізілді. Сонымен қоса елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қысқартылды.

 Осыған орай, Халықтық кеңсенің «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмысын жандандыру қолға алынды. Қазіргі таңда өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында жабдықталған 9 компьютер мен операторлер халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бұрышта нақты күнделікті халықтың сұранысы көп «e-gov» порталындағы 60-тан астам қызмет (жалпы 600-ге жуық) бойынша жұмыс жасайды. Халықтық кеңсеге
«e-gov» электрондық үкімет порталы арқылы бүгінгі таңға 13800 азамат өтініш білдіріп, түрлі қызмет алуға жүгінді.

Осыларды ескере келе, халықтық кеңсенің өзіне өзі қызмет көрсету бұрышын жандандыру мақсатында қаржы бөлдіріп, құрал-жабдықпен жабдықтау үшін жұмыстар қолға алынуды.

 

 

 

 

 

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің ғимаратында14.12.2018 жылы халықтық кеңсе ашылып жұмыс жасауда.

Халықтық кеңседе қызмет көрсететін Түлкібас ауданы әкімдігіне қарасты  төмендегі 7-і дербес бөлімдер:

  • Жер қатынастары бөлімі;
  • Ауылшаруашылық бөлімі;
  • Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
  • Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі;
  • Дене шынықтыру және спорт бөлімі;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
  • Білім бөлімі.

        Жоғарыда аталған бөлімдерменмемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша (7 маман)өтінішпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетуде.

Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.

Халықтық кеңседе анықтамалық (ресепшен), қызмет көрсету залы, күту залы,«Standing» компаниясының электронды қызмет көрсету құрылғыларымен (электронды кезек тақтайшасы, кезек нөмірлерін беруге арналған құрылғы), бейне ролик көрсететін теледидарменжабдықталып жұмыс жасауда.

Қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»жасақталған. 

Халықтық кеңсе ғимаратының сырты, ішкі залдары толығымен бейнебақылаумен қамтылған.

Сонымен қатар, карантин режимі кезеңінде мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 7 санаттағы тізімге сәйкес,  отбасы мүшелеріне  коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу үшін бүгінгі таңда аудан тұрғындарына күніне 25-30 адамға кеңсе арқылы электронды түрде қызмет көрсетілуде. 

 

 

 

 

 

 

Келес ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Келес ауданы, Абай ауылынан 2020 жылдың
20 тамызында «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ»ашылып жұмыс жасауда.

Халықтық кеңседе қызмет көрсететін Келес ауданы әкімдігіне қарасты төмендегі 7-і дербес бөлімдер:

  1. Білім саласында ұсынылатын - 24 қызмет;
  2. Құрылыс, сәулет және құрылыс саласында ұсынылатын –

5 қызмет;

  1. Жер қатынастары саласында ұсынылатын - 7 қызмет;
  2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында ұсынылатын - 32 қызмет;
  3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында ұсынылатын - 4 қызмет;
  4. Ауыл шаруашылығы саласында ұсынылатын - 6 қызмет;
  5. Экономика және қаржы саласында ұсынылатын – 1 қызмет.

Жоғарыда аталған бөлімдерден мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша (7 маман) өтінішпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетуде.

Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.

Халықтық кеңседе анықтамалық (ресепшен), қызмет көрсету залы, күту залы, электронды қызмет көрсету құрылғыларымен (электронды кезек тақтайшасы, кезек нөмірлерін беруге арналған құрылға), бейне ролик көрсететін теледидармен жабдықталып жұмыс жасауда.

Қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Төлеби ауданы әкімі аппараты ғимаратында 2020 жылдың
12 наурызында Фронт-офис ашылды.

Фронт-офис ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қызмет (әкімге, басшыларға, Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жазылу)салалары бойынша қызметтер көрсетіп, кеңестер (консультация) береді.

Фронт-офисте аталған салалар бойынша 5 қызметкер жұмыс атқарады (осы мерзімде  228 сәулет, қала құрылысы саласы, 176 тұрғын үй қатынастары саласы, 148 ауылшаруашылығы саласы бойынша қызмет көрсетілген).

Фронт-офис электронды кезек (POS терминал) жабдығымен қамтылған. Қызмет көрсету мерзімі дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09:00-ден 19:00-ге дейін.

Сонымен қатар, фронт офис өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.  Жергілікті қызмет алушылар egov.kz Электронды веб-порталы арқылы қызметтерді алуға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын тұрақты пайдалануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратында 05.11.2020 жылдан бастап жұмыс жасауда.

         Халықтық кеңседе қызмет көрсететін Отырар ауданы әкімдігіне қарасты төмендегі 7 (жеті) дербес бөлімдер, атап айтқанда:

  • Жер қатынастар бөлімі;
  • Ауыл шаруашылық бөлімі;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
  • Құрлыс,сәулет және қала құрлысы бөлімі;
  • Дене шынықтыру және спорт бөлімі;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
  • Білім бөлімі.

Жоғарыда аталған бөлімдермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша (жеті маман) өтінішпен келген тұрғындарға кеңес беру арқылы қызмет көрсетеді.

Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның жұмыс күндері яғни дүйсенді-жұма күндері 9:00 ден 19:00 ге дейін. Түскі үзіліс 13:00 ден 15:00 аралығы.

Қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Созақ ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы фронт офис тұрақты түрде  жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда фронт офисте тұрғындардың уақытын үнемдеу мен мәселесінің оңтайлы шешілуіне аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен  жауапты мамандар қызмет атқаруда.

Офисте он екі компъютер және принтер құрылғыларымен жабдықталған.

 

 

Мақтаарал ауданы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінің»

10 айда атқарған жұмыстары туралы

 

Мақтаарал ауданында фронт-офис орталығы, ғимараттың болмауына байланысты ашылмаған. Алайда аудан әкімі аппаратының бірінші қабатында ыңғайластырылған фронт-офис бөлмесі ұйымдастырылған.

Аталған фронт-офис бөлмесінде арнайы құрал жабдықтар, қажетті баннерлер, жалаушалар орналастырылған.

Азаматтар аудан әкімі аппаратына сұрақтар мен қызмет алуға келген жағдайда, фронт-офис бөлмесінде әр сала бойынша мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңға дейін 150 ден астам азаматтарға қызмет көрсетілді. Олар: жер мәселесі, білім мәселесі, тұрғын үй мәселесі, заң аясында консультациялық кеңестер және т.б. мәселелелер.

Қазіргі таңда келген азаматтардың 70%-на түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 19% азаматтардың мәселесі шешіліп, қалған 11% азаматтардың мәселесі қаралуда.

Қосымша фронт-офис бөлмесінің фото суреттері қоса тіркеледі.

 

Информация по «фронт-офису» в Туркестанской области
Дата публикации
13 ноября 2020