CALL-ОРТАЛЫҚТАРДАН КЕЛІП ТҮСЕТІН БОЛЖАМДЫ ЫҚТИМАЛ СҰРАҚТАР
|
1 |
Сұрақ: Сайлау учаскесінде тәртіпті сақтауға кім жауапты?
Жауап: Дауыс беру күні сайлау учаскесінде тәртіптің сақталуын төраға қадағалайды. Оның талабы барлық қатысушылар үшін міндетті. |
|
2 |
Сұрақ: Дауыс беру кабинасында бір сәтте бірнеше адам бола алама?
Жауап: Жоқ, дауыс беру кабинасында сайлау бюллетенін алған сайлаушы ғана болуы тиіс. |
|
3 |
Сұрақ:Егер сайлаушы мүгедек болса (көзі көрмейтін) онымен бірге басқа адамның кабинаға кіруі мүмкін бе?
Жауап: Иә, бірақ ол сайлау комиссиясының мүшесі, БАҚөкілі, байқаушы, сенім білдірілген адам болмауы тиіс. |
|
4 |
Сұрақ: Сайлаушы сайлау бюллетенінде қандай белгі қоюы керек?
Жауап: Сайлаушы өзі жақтап дауыс беретін партияның атауының оң жағындағы бос шаршыға кез- келген белгіні қоя алады. |
|
5 |
Сұрақ: Бір сайлау бюллетенінде бірнеше саяси партияны жақтап дауыс беруге бола ма?
Жауап: Жоқ, бір ғана партияны жақтап дауыс бере аласыз, ондай болмаса сайлау бюллетені жарамсыз деп танылады. |
|
6 |
Сұрақ: Бюллетеньге белгіні қарандашпен қоюға бола ма?
Жауап: Жоқ, бюллетеньге белгі тек қаламмен (ручкамен) қойылады. |
|
7 |
Сұрақ:Үйде дауыс беруге бола ма?
Жауап: Алдын ала дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру жөнінде жазбаша өтініш берсеңіз, болады. |
|
8 |
Сұрақ:Сайлау учаскелері жұмысын бастамай тұрып, алдын- ала дауыс беру құқығын беретін дауыс беру куәлігін алуға бола ма?
Жауап: Жоқ, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі дауыс беруден он бес күн бұрын, яғни сайлаушылар тізімін танысуға ұсынған күннен бастап қана беріледі. |
|
9 |
Сұрақ: Тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімнен шығару үшін аудан әкімдігі қандай әрекет жасайды? Жауап: Баратын жеріңізді көрсетіп, сайлаушылар тізімінен шығару жөніндегі жазбаша өтінішіңізді алған аудан әкімдігінің қызметкері Сізді сайлаушылар тізімінен шығарып, көрсеткен жеріңізге жазбаша хабар жібереді. |
|
10 |
Сұрақ: 10 қаңтар, жексенбі күні көрші кентте қонақта боламын, сол жерде дауыс бере аламын ба? Жауап: Жоқ, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелген мекенжайыңыздағы сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз. |
|
11 |
Сұрақ: Ауыр сырқат адамға күтім жасаймын, оған дауыс беруді ұйымдастыру үшін УСК мүшелері келуі тиіс. Менің де үйде дауыс беруіме бола ма?
Жауап:Иә, болады, ол үшін Сіз дауыс беру күнгі сағат 12.00- ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруге тиіссіз. |
|
12 |
Сұрақ:Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беру мерзімі қашан аяқталады?
Жауап: Дауыс беретін күннің алдындағы күні сағат 18.00- де тоқтатылады. |
|
13 |
Сұрақ: Қазіргі пандемия кезінде үйде дауыс берсе бола ма?
Жауап: Жоқ, еліміздің заңнамаларында электрондық онлайн- дауыс беру қарастырылмаған.
|
|
14 |
Сұрақ:Сайлаушы алған сайлау бюллетенін суретке түсіре ала ма?
Жауап: Сайлау бюллетені дауыс беруге арналған, тиісті белгі қойылғаннан соң дауыс беру жәшігіне салынатын сайлаушының еркін білдіретін басты әрі ресми құжат. Заңмен оны суретке түсіруге тиым салынбаған. |
|
15 |
Сұрақ:Сайлауға қатысуға қанша партия тіркелгенін білуге бола ма?
Жауап: 6 партия: Нұр Отан, Ауыл, Ақжол, ҚКХП, ЖСДП, Бірлік. |
|
16 |
Сұрақ: Сайлау комиссияларының мүшелерін қорғауға қаражат бөлінді ме, білуге бола ма?
Жауап: Иә, барлық сайлау комиссиялары қорғаныш құралдарымен (бетперде, қорғаныш экраны, қолғап, антисептик, т.б.) қамтамасыз етілген. |
|
17 |
Сұрақ: Өткен сайлауларда азаматтарды мекенжай анықтамасына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізілетін. Қазір аталған анықтама берілмейді, енді бұл мәселе қалай шешіледі?
Жауап: Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес қағаз нұсқада мекенжай анықтамасы берілмейді. Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарып тасталғаны, сондай- ақ, тізімдегі сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде, жаңсақтық жіберілгені үшін шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімге түзетулер жасау қажеттілігі туралы арыздарды сайлау комиссиясы комиссияға арыз түскен күні қарайды. |
|
18 |
Сұрақ:Дауыс беру күні учаскелерде әлеуметтік қашықтық қалай қамтамасыз етіледі?
Жауап: Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігімен санитарлық нормаларды, оның ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бірлесіп талқылануда жатырмыз. Техникалық жағынан мүмкін болса, дауыс беруге арналған үй- жайлардағы кіру, шығу есіктерін бөлек болғаны жөн. Дауыс беру орындары кең, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және желдету үшін терезелерді ашуға мүмкіндігі болуға тиіс. |
|
19 |
Сұрақ: Денсаулық сақтау министрлігі елімізде төтенше жағдайдың қайта енгізілу мүмкіндігін жоққа шығармайды, ондай жағдайда сайлау қалай өткізіледі?
Жауап: Төтенше жағдай енгізілсе, сайлауды өткізу тоқтатылады (Төтенше жағдай туралы Заңның 15 бабы, 1 тармағы, 9 тармақшасы) |
|
20 |
Сұрақ: Сайлау учаскелеріне саяси партиялардан қанша байқаушы жіберілуі мүмкін?
Жауап: Дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктен, коммерциялық емес ұйымнан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан бір- бір байқаушыдан, сондай- ақ қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір- бір өкілден қатысуға құқылы. |
|
21 |
Сұрақ: Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті деп тану үшін, дауыс беру күні келген сайлаушылар саны қандай болуы керек?
Жауап: ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өтті немесе өтпеді деп тануға сайлаушылардың келу саны әсер етпейді. |
|
22 |
Сұрақ:Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін осы партияның мүшесі емес басқа партияның мүшесі партиялық тізімге енгізіле ала ма?
Жауап: Сайлау туралы Конституциялық Заңға сәйкес саяси партиялар сол партияның мүшесі емес адамдарды партиялық тізімге ангізуге құқылы емес. |
|
23 |
Сұрақ: Алдағы сайлауда республика бойынша және шет елдерде қанша сайлау учаскесі әрекет ететін болады? Ол сайлауға сайлау комиссияларынан неше мүше қатысады?
Жауап: Алдағы сайлауда елде 10054 сайлау учаскесі әрекет ететін болады, олардың ішінде 66- сы шет елдерде. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 70836 мүше бар. |
|
24 |
Сұрақ: Бүгінгі күнге Қазақстанда қанша сайлаушы бар?
Жауап: 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы сайлаушылар саны 11 млн 820 мың 318- ді құрайды. |
|
25 |
Сұрақ: СOVID- пен сайлаушылардың неше мүшесі ауырды?
Жауап: Ондай статистиканы жүргізбейміз. Бұл азаматтардың жеке өміріне жатады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің арасында ауырғандар, өкінішке орай, қайтыс болғандар болды. |
|
26 |
Сұрақ: Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне қашан жастан бастап келуге болады?
Жауап: 18 жасқа толғандардың дауыс беруге құқығы бар. |
|
27 |
Сұрақ: Егер комиссия мүшесі бір саяси партиядан ұсынылса ол сол партияның мүдделерін қорғауы тиіс емес пе?
Жауап:Комиссия мүшесі өзі өкілі болып табылатын саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің шешіміне тәуелді емес және оның олардың мүдделерін қорғауға құқығы жоқ. |
|
28 |
Сұрақ: Сайлау комиссиялары қалай құрылады?
Жауап: Сайлау комиссиялары саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысымен қалыптастырылады. |
|
29 |
Сұрақ:Сайлау комиссияларының нөмірлерін кім белгілейді?
Жауап: Облыстық сайлау комиссия учаскелердің бірыңғай нөмірленуін белгілейді. |
|
30 |
Сұрақ: Туыстар бір сайлау комиссиясының мүшелері бола ала ма?
Жауап: Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата- аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата- анасы бір және ата- анасы бөлек аға- інілер мен апа- сіңлілері (қарындастары) аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. |
|
31 |
Сұрақ: Бұрын аудандарда округтік комиссиялар болатын, қазір олар жоқ, енді олардың міндеттерін кім атқарады?
Жауап: Бұрынғы округтік комиссиялардың функционалдық міндеттерін атқару аумақтық сайлау комиссияларына жүктелген. |
|
32 |
Сұрақ: Таяуда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді, комиссия мүшелері маған қанша сайлау бюллетенін береді?
Жауап: 3 дана, 1-і – Мәжіліс депутатына, 1-і- облыстық мәслихат депутатына, 1-і- аудандық, қалалық мәслихат депутатына дауыс беру үшін. |
|
33 |
Сұрақ: Кезекті мәслихат депутаттарының сайлауыныңмәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауынан айырмашылығы қандай?
Жауап:Кезекті мәслихатдепутаттарының сайлауының негізі:- мәслихаттар өкілеттігінің Конституциялық мерзімінің аяқталуы. - ҚР Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды. - Мәслиөхаттар өкілеттігінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда өткізіледі. Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы:- мәслихаттар өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы. Тағайындайды: ҚР Президенті Жарлығымен мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанда немесе мәслихаттар өзін- өзі тарату туралы шешім қабылдағанда Орталық сайлау комиссиясы сайлауды тағайындайды. - Сайлау мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. |
|
34 |
Сұрақ: Сайлау комиссиялары өздерінің атқарылған және жоспарланған жұмыстарын сайтқа орналастыра ма?
Жауап: Иә, барлық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссиялары мәліметтерді өздерінің интернет- ресурстарында орналастырады. |