ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 

          №

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

 

Орындау мерзімі

1.

Әр бөлімде мүдделер қақтығысын реттейтін нақты регламенттер мен нұсқаулықтар әзірлеп, жауапты тұлғаны бекіту. Сонымен қатар қызметкерлерге мүдделер қақтығысын тану және хабарлау бойынша оқыту жүргізу.

Хаттама

ҚР Еңбек кодексіне құқықтық сабақтар өткізу

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

2.

Барлық бөлімдерде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін қатаң бақылауға алу,  жұмыс уақыты туралы ақпараттарды ашық көрсету. Сонымен қатар азаматтар тарапынан келіп түсетін шағымдар негізінде ішкі бақылау шараларын тұрақты жүргізу

Хаттама

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар және қызмет стандартымен, ережелермен мемлекеттік қызметкерлерді таныстыру, қатаң сақтауды ескерту, тиісті маманның біліктілігін арттыру бойынша тиісті жұмыстарын жүргізу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

3.

Мемлекеттік сатып алудың бастапқы кезеңдерінде – техникалық ерекшелік пен конкурс құжаттамасын әзірлеу сатысында алдын ала құқықтық сараптама жүргізуді күшейту.

Хаттама, оқу сертификаттары

Әр жыл немесе тоқсан соңында аудит нәтижелерінің негізінде талдау жүргізіп, жиі кездесетін қателіктерге шолу жасап, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын мамандарды тұрақты түрде оқыту (онлайн курстар, вебинарлар, практикалық семинарлар) ұйымдастыру.

-

 

4.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру – бұл мемлекеттік органның немесе ұйымның заңмен бекітілген міндеттерінің бірі болып табылады. Алайда бұл бағыттағы жүйелі және нақты іс-шаралардың жүргізілмеуі ұйым ішінде тәртіп пен бақылаудың әлсіреуіне, шешім қабылдау процесінде мүдделер қақтығысы мен бейресми ықпал етудің орын алуына алып келеді.

Өткізілген мәжілістердің хаттамалары

Бөлім қызметкерінің міндетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялары бойынша жауапты тұлға бекітіліп, мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың деңгейін жоғарылатып, өткізілетін отырыстарды ресми талаптарды орындау (формализм алдын алу)  үшін емес нақты нәтижеге қарай жұмысты жандандыру.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

5.

Барлық дербес бөлімдерде талап етілмеген ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға енгізілмеген ақпараттық жүйелерді пайдалану («Whatꞌs App», «Mail.ru»,   «Facebook. сom» т.с.с хат алмасуға арналған әлеуметтік желілерді пайдалану) деректері анықталды.

Мемлекеттік органдардың дербес компьютерлері үшін рұқсат етілген базалық бағдарламаларды қолдану.

Талап етілмеген немесе енгізілмеген ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалануға тыйым салу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету және жұмыс уақытынан тыс қызмет көрсету

Жер қатынастары бөлімі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4-шілдедегі №285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15846 тіркелген) бұйрығымен бекітілген құжаттар тізімі мен жұмыс жасау.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін қатаң бақылауға алу және жұмыс уақыты туралы ақпараттарды ашық көрсету. Сонымен қатар азаматтар тарапынан келіп түсетін шағымдар негізінде ішкі бақылау шараларын тұрақты жүргізу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

 

Дата публикации
21 августа 2025