ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніңдегі ұсынымдар

 

 

Ұсынымды орындау нысаны

 

Уәкілетті органның ұстанымы

Орындалу мерзімі

1

Түлкібас ауданы әкімдігінің Арыс ауылдық округ әкімінің м.у.а П.Турманова 2024 жылдын 20 –і ақпан күні  Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша актіні қабылдау жөніңде комиссия құрамын бекіту туралы № 13 өкім шығарған. Комиссия құрамына Арыс ауылдық округі әкімі Сатыбалдиев Олжас Пернехановичті қосқан. Алайда, ауылдық округ әкімі 19 ақпан 2024 жылы № 4 өкіммен  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 54 – бабының 1-1) тармағына сәйкес еңбек  демалысында болғаны анықталды. Еңбек демалысындағы ауылдық округ әкімі Сатыбалдиев Олжас Пернеханович мемлекетік актіні қабылдау кезіңде артықшылық көрсетіп, мемлекеттік сатып алу бойынша актіні қабылдау кезінде жеке кәсіпкерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол берген.

 

Еңбек демалысындағы комиссия мүшесі округ әкімінің міндеттерін басқа бір қызметкерге немесе орынбасарына жүктелсін.

Округтегі тиісті қызметкерлерді еңбек демалысындағы қызметкерлерге міндет жүктемеу туралы құқықтық оқыту өткізу

Хаттама

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

2

Қызмет алушы С.Жақыпбековтың 01.07.2024 жылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтініш берген және А.Алдашеваның 02.09.2024 жылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтініш білдірген. Көрсетілетін қызметте алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол берілген.

           Ішкі талдау нәтижесінде, округ әкімдігінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының (ҚР АШМ-нің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығы) 01-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының 8- тармағында көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:                                

     1.«Жер учаскесінің  нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш.                                      

2. Жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде: жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі– деп айқындап көрсетілген. 

              Алайда, қызмет алушы С.Жақыпбековтың (01.07.2024ж.) және А.Алдашеваның (02.09.2024ж.) құжаттар жинақтамасында «Жер телімінің жағдайлық сызбасы» мен «жеке басын куәландыратын құжаттарының» көшірмелері қоса тігілгендігі анықталды. Қызмет беруші қосымша  құжаттарды  сұрап, созбаланушылыққа салынған артық құжат сұрап сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол берген.

Округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу.

Округ әкімі аппартының қызметкерлеріне құқықтық оқу өткізу

Хаттама

 

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

3

Түлкібас ауданы әкімдігі 20.12.2020 жылғы №292 қаулысы негізінде Конырбаева Раушан Лесбековнаға, Түлкібас ауданы әкімдігі 20.12.2020 жылғы №291 санды қаулысы негізінде Казанкапова Айгуль Лесбековнаға және Түлкібас ауданы әкімдігі 20.12.2020 жылғы №294 қаулысы негізінде Утегенова Асель Сагатовнаға Машат ауылдық округі аумағынан саяжай құрылысы үшін көлемі 0,12 га. жер учаскесі жеке меншік құқығымен берілген. Сәйкесінше кадастрлық №19-300-017-1452, №19-300-017-1453, №19-300-017-1451 сәйкестендіру актісі рәсімделген. Жер кодексінің 97 бабының 6 тармағының 1 тармақшасы Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшін жеке меншікке беру 30.06.2016 жылдан 31.12.2026 жылға дейін тоқтатылған.

Яғни, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жеке меншік құқығымен табысталмауы керектігін көрсеткен, алайда заң талаптарына сәйкес жеке меншік құқығымен табыстау деректері анықталды. Жеке меншік жер учаскесін табысталуы шектеу қойылса да, жеке меншік жерді беру табыстау кезінде артықшылып көрсетіп құқыққа сыйымсыз қолдау көрсете отырып сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол берген.

 

«ҚР Жер кодексі» Заңына сәйкес және жер учаскелерін беру бойынша шешімдердін қабылдауын бақылауға алып, әрбір жер учаскесінің берілуінің заңдылығын қарап, алдағы уақытта жер учаскелерін заң талаптарына аясында беру.

Бөлім қызметкерлеріне жер беру тәртібі заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Хаттама

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

4

Қызмет алушы К.Бердалиев 03.032024 жылы «Сәулет жоспарлау тапсырмасын» алу үшін өтініш берген. К.Бердалиевке Бөлім тарапынан 4.03.2024 жылы Арыс қаласы,  Қошқарбаев көшесі  №21 мекен-жайы Түлкібас ауданының аумағына кірмейді деген негізбен бас тартқан.                    

     «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының 2- параграф, 39-1 бабына  сәйкес, Бөлім тарапынан аталған өтініш бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында тыңдау өткізу хабарламасы жолданбаған және тыңдау өткізілмегені анықталды. Бөлім басшысы заң талаптарын сақтамай өтінішді тындау өткізбестен негізссіз қайтарып жіберген.

 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің  мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»  мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 8 жұмыс күн, сонымен қатар Заңының  5-  бабының  2- тармағының  5) тармақшасына сәйкес, Мемлекеттк қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жеткізуге қамтамасыз етуге міндетті.

     Алайда, 2024 жылғы 24 мамырда бөлім тарапынан қызмет алушылардың өтініштерін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктіріп ұсынғаны анықталды. Бөлімде қызмет көрстеу барысында кешіктіріп қосымша құжаттарды сұрап,созбаланушылыққа салып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген

Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу.

Бөлім қызметкерлеріне құқықтық оқу өткізу

Хаттама

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

5

Қызмет алушы Г.Конысбаев  2024 жылғы 04 маусымда «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы өз атындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін әкімдікке  № KZ42RBE00767594  өтінім берген. Аталған өтініш, әкімдік тарапынан 2024 жылғы 05 маусымда кешіктіріліп тіркеуге алынған. Демек, әкімдік  тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 301 бұйрығының 4-қосымшада көрсетілген  қағида талаптары сақталмай, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері негізсіз бұзылған.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік  қызметін көрсету қағидасының 2-тарау, 7 бөлігіне сәйкес Электронды портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің  қызметкері құжаттарды 30 минут ішінде тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады делінген.

Бұл ретте, өтініштің қызмет нәтижесін кешіктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзып ұсынған. Қызмет алушыдан шағым түспеген және келісімімен өтінішті кері қайтарып алынып, қайтадан өтінім жолданып заң талаптарына сәйкес қызмет көрсетілген.

Алайда бірінші өтініш түскен уақытында негізсіз шағымды кайтарып алғызып, шағымды алғансон екі арада келісөздер жасап, екінші рет кайтадан өтінішті тастатып, қызмет беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол берген

 

Округ әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік      қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу.

 

 

 

 

 

 

Бөлім қызметкерлеріне құқықтық оқу өткізу

Хаттама

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

 

6

«  .«Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС АЗИЯ» ЖШС арасында қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың 130 жылдығына орай ескерткіштің  аумағын  қайта  жаңартып  жөндеу  және  абаттандыру  бойынша №168 (030240003879/240191/00),12.05.2024ж. №168/1(030240003879/240191/01), 23.12.2024ж. №168/2 (030240003879/240191/02) сатып алу үшін тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен түзілген келісім шарттарында орын алған. Ұйымдастырушы және тапсырыс беруші Бөлім тарапынан әлеуетті өнім берушілерге  Заңда көзделмеген жәрдем көрсетілген.

  Осылайша Бөлім  басшылары және міндетін  уақытша атқарушылар

тарапынан  әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік  сатып  алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру қағидатын сақтамай сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол берген.

 

    ҚР мемлекеттік сатып алу    

   туралы»

    Заңына сәйкес бөлім     

 басшысы мен        

   қызметкерлеріне түсіндіру

 бойынша

құқықтық оқу өткізу.

Бөлімде тиісті қызметкерлерге мемлекеттік сатып алу бойынша, заң талаптары аясында түсіндірме жұмысын жүргізу

Хаттама

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

7

«  Састобе кенті әкімі аппарты, Састобе кентіндегі  8 март, Жамбыл, Лермонтов, Пушкин көшелерін түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары бойынша жеке кәсіпкер «Электрстрой» директоры Г.Шаймерденов жалпы соммасы 1535,0 теңгеге сметалық құжаты әзірлеген. 

 2024 жылдын 11 желтоқсанда жеке кәсіпкер «Маржан» басшысы Ортай Маржан Ерсінқызымен №23 мемлекеттік сатып алу келісім шарты түзілген. Келісім шарт соммасы 1 096 428 теңге. Көрсетілген жұмыстар толық орындамастан  орындалған жұмыстары актісі  2024 жылдын 12 желтоқсанында жасалып,  жұмысты қабылдап «Маржан» басшысы Ортай Маржан Ерсінқызына құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Алайда, келісім шартта көрсетілген көшелер әлі күнге дейін түнгі көше жарықтары орнатылмаған анықталып отыр. Әкім тарапынан жеке кәсіпкерге артықшылық көрсетіп 1 (бір) күн ішінде қаражатты аударып сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алды.

 

 

   ҚР мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес кент әкімі мен          қызметкерлеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу.

Кенттегі тиісті қызметкерлерге мемлекеттік сатып алу бойынша, заң талаптары аясында түсіндірме жұмысын жүргізу

Хаттама

 

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

8

Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ – сі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында көрсетілген шектеуді сақтамаған:

Аталған мекемеде мемлекеттік сатып алу  жоспары бойынша бағаны тым көтеру (медиандық баға), көрсетілген шектеуді сақтамай, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бөлшектеу (дробление) арқылы сатып алу туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелі орны алды.

Лот бойынша мәлімет: Сатып алудың жоспарланған мерзімі қазан айы (Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды (КТРУ: 813010.000.000000), сметалық құжаттамада сәйкес қойылған қаражат: 15.450.000 мың тг; Сілтеме: https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/plans/show/4235469/79133750/

Нақтырақ айтқанда:  екі «Балалар ойын алаңшасы» 15.450.000 мың. теңгеге мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында  бекітілген. Алайда жоғарыда аталған жұмыс бағасы тым көтерілген. Екі балалар ойын алаңшасы, кәсіптік техникалық сипаттамалардың біріңғай тізілімімен (КТРУ) жылдық жоспарында бекітілген. Ал осы екі балалар ойын алаңшасы *бөлшектеуі*, алаңшалар  медиандық бағанадан асып кеткені анықталды.

 

«Балалар ойын алаңшасы» 15.450.000 мың. теңгеге мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарында  бекітілген. Алайда жоғарыда аталған жұмыс бағасы тым көтерілген. Екі балалар ойын алаңшасы, кәсіптік техникалық сипаттамалардың біріңғай тізілімімен (КТРУ) жылдық жоспарында бекітілген.

Кәсіптік техникалық сипаттамалардың біріңғай тізілімімен (КТРУ) Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жылдық жоспарын қайта өзгертулер  еңгізіп, техникалық сипаттамасы қайталап жазылмауын  қадағалау.

  «Балалар ойын алаңшасына» кәсіптік техникалық сипаттамалардың біріңғай тізілімімен (КТРУ) Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жылдық жоспарын қайта өзгертулер  еңгізу жұмыстарын жүргізу.

Өзгертілген құжаттарды жіберу

 

 

 

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

9

«Работы по установке (монтажу) оборудования/приборов учета электроэнергии» (Түнгі шамдарды күтіп ұстау) лоты бойынша бір көзден «Пиялиев Кумисбек» ЖК-мен 29.01.2025 жылы №7 шарт жасалынған.

«Работы по внедрению /установке/ улучшению оборудования для электродвигателя (Работы по установке (монтажу) оборудования/приборов учета электроэнергии улиц Жантурова, Шокейұлы, Жусипбекова)» лоты бойынша бір көзден «Senim Building LTD» ЖШС мен 04.04.2025 жылы №42 шарт жасалынған.

Осы екі лоттарда ауылдық округ әкімі  «Работы по установке (монтажу) оборудования/приборов учета электроэнергии»  деп екі рет көрсетілген, яғни екінші лоттын КТРУ коды дұрыс тандалмаған. Сол себепті бөлшектеу (дробление) арқылы алу фактісіне әкеліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелі  туындауы мүмкін.        

    

 

Екі лоттарда ауылдық округ әкімі  «Работы по установке (монтажу) оборудования/приборов учета электроэнергии»  деп екі рет көрсетілген, яғни екінші лоттын КТРУ коды дұрыс тандалмаған. Кәсіптік техникалық сипаттамалардың біріңғай тізілімімен (КТРУ) Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жылдық жоспарын қайта өзгертулер  еңгізіп, техникалық сипаттамасы қайталап жазылмауын  қадағалау.

Округтегі тиісті қызметкерлерге мемлекеттік сатып алу бойынша, заң талаптары аясында түсіндірме жұмысын жүргізу

Хаттама

 

2025 жылдың 30 тамызына  дейін

 

 

                                          Аппарат басшысы                                                                     Ф.Байтуганов

Дата публикации
21 августа 2025