САЙРАМ АУДАНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 

            №

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Бір көшеде, бірдей сипаттағы жұмыстарға қатысты бір мезгілде екі түрлі мердігермен шарт жасасу әрекеті байқалады. Бұл жағдайда бөлшектеу жолымен мемлекеттік сатып алу өткізу және бір көзден алу тәсілін негізсіз қолдану қаупі бар. Бұл іс-әрекет мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджет қаражатын ұтымсыз және заңсыз пайдалануға әкелуі мүмкін. Бір сатып алуды бірнеше бөлікке бөлгені үшін заңды бұзу қаупі туындайды.

хаттама

«ҚР мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі мен қызметкерлеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

2

Бір көшеде, бірдей сипаттағы жұмыстарға қатысты бір мезгілде екі түрлі мердігерлермен шарт жасасу әрекеті байқалады. Бұл жағдайда бөлшектеу жолымен мемлекеттік сатып алу өткізу және бір көзден алу тәсілін негізсіз қолдану қаупі бар. Бұл іс-әрекет мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджет қаражатын ұтымсыз және  заңсыз пайдалануға әкелуі мүмкін. Бір сатып алуды бірнеше бөлікке бөлгені үшін заңды бұзу қаупі туындайды

хаттама

«ҚР мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі мен қызметкерлеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығының  7-қосымшасының,  7-тармағына сәйкес, порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Қағиданы сақтамай, өтінішті 1 (бір) жұмыс күнге кешіктіріп, тек 2024 жылғы 21 мамыр тіркеуге алып, Портал арқылы тиісті хабарлама жолдаған. Бөлімде қызмет алушыларға, өтініштерді кешіктіріп тіркегені анықталып, сыбайлас жемқорлық

хаттама

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

4

Ішкі бақылау бақылау жүргізу нәтижесінде ауылдық округінің әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау бойынша бөлімнің жұмыс уақытысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19-00-ға дейін болып бекітілген. Осы Қағиданың 1-қосымшасының 7-тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен. Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Алайда, бақылау іс-шарасы нәтижесінде бөлім қызмет алушыларға, қызмет нәтижесін жұмыс уақытынан тыс ұсынғаны анықталды

хаттама

Аудандық экономика және қаржы бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

5

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес, екінші кезең: Бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық. Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады.Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. Егер, өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші өтініштен бас тарту қажет. Атап айтқанда, «Атлант» оңалту-сауықтыру кешені» ЖШС-нің 04.06.2024 жылғы №KZ75RVX01091856 (Арыс а/о 036 орам мекен-жайында орналасқан, ауданы 1 га, жер участкесіне жалдау құқығын беру) өтінішін ұсынған құжаттар топтамасында бекітілген жерге орналастыру жобасының көшірмесі болмағаны анықталды.

хаттама

Арыс ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу.

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

6

Көлкент ауылдық округі әкімінің 30.09.2024 жылғы №53-жқ өкіміне сәйкес ауылдық округі әкімінің кеңесшісі С.Естай ауысу тәртібімен бос тұрған салық инспекторы және кәсіпкерлік бойынша бас маманы лауазымына 01.10.2024 жылдан бастап тағайындалып, оған қоса инфрақұрылым мәселелері бойынша бас маманының міндетін уақытша жүктеген.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен ораналасу қағидаларында бір мекеме ішінде жоғары тұрған лауазымнан (E-G-2) төмен тұрған лауазымға (E-G-3) конкурс өткізілместен ауысу тәртібі қарастырылмаған.

хаттама

Көлкент ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу.

 

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

7

Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 27.12.2024 жылғы №46 өкімімен жаңадан қабылданған Б.Байжігітовтың өкімінің негіздемесінде сынақ мерзімінің бұйрығы көрсетілмеген. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мрзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі» сәйкес жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі белгіленуі тиіс.

хаттама

Көлкент ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу.

 

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

 

 

Сайрам ауданы әкімі аппаратының

заң бөлімшесінің басшысы                                                                                                        Б. Шадирбеков                            

 

Дата публикации
21 августа 2025