СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ Мақтаарал ауданы

Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімдігіне бағынысты дербес бөлімдерінде және кенттер мен ауылдық округтер әкімі аппараттарында

 

          №

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Мақтаарал ауданының кенттер мен ауылдық округтерінің әкімі аппараттарында 10-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтер тізіліміне енбеген әкімшілік рәсімдер де жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

Азаматтар тұрғын үйлерінің жер учаскелерін мамандардың қайта өлшеп сызған сызбасына сәйкес жеке меншік құқығымен қайта бекітіп беру үшін кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді. Аталған әкімшілік рәсім ешқандай нормативтік құқықтық актімен регламенттелмейді және ауыл тұрғындарының басым бөлігі өз өтініштерін әкімшілік ғимаратқа келу арқылы жауапты мамандармен тікелей қарым-қатынас жасай отыра береді. Бұл рәсім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

Тұрғын үйлердің жер учаскелерін қайта өлшеп бекітіп беру әкімшілік рәсімін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ендіру және аталған рәсімді толығымен электронды түрде жүргізу туралы ұсынысхат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

2

Мақтаарал ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім)  тарапынан «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы» № 4-3/270 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес жүргізіледі. Мақтаарал аудандық прокуратурасының 12.07.2024 жылғы № 2-12-24-00975 санды ұсыныс хатында бұйрықтың талаптарына сәйкес арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тартуға негіз болатындығына қарамастан бөлім тарапынан бұрын сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға тракторшы-машинистердің куәліктерін беру фактілері орын алғандығы көрсетілген. Бұйрықтың 17-тармағында: Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі бойынша оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыны көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексереді деп көрсетілген. Зерделеу барысында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және пайдалануға рұқсат алынбағандығы анықталды. Бұл өз кезегінде қызмет алушының  көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексеруге кедергісін келтіреді.

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және сервисті пайдалануға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арнайы ұсынысхат жолдау

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

3

Мақтаарал ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықытыру және спорт бөлімі (бұдан әрі – бөлім)  тарапынан спорттық іс-шараларды өткізу барысында немесе спорттық жарысқа баратын кезде спорт бөлімдегі мемлекеттік қызметкердің атынан корпоративтік счет ашылып, сол арқылы іссапар шығындары өтеледі. Бектілген облыстық жарыстарға спортшыларды апару барысында бөлімнің қызметкері өкіл ретінде барып, спортшыларды іссапар шығындарын көтереді. Осы тұста, іссапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іссапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болмақ.

Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

4

Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу әкімшілік рәсімі жүргізіледі. Аталған әкімшілік рәсімдердің міндеттемелері (қызмет көрсету мерзімі, тәртібі) нормативтік құқықтық актілермен реттелмейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енбеген. Сонымен қатар, аталған қызметті алушылар қызметті мемлекеттік мекемеге тікелей бару арқылы алуда. Бұл, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу әкімшілік рәсімін уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге және қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актісін қабылдауға тиісті органдарға ұсынысхат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

5

кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының тікелей қабылдаған өтініштердің 95% жер учаскесіне  байланысты.

Өтініш берушілер жер учаскесіне байланысты құжаттарды алу, өтініш тапсыру үшін округ әкімінің қызметкерлерінен тікелей қызмет алады. Бұл, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ендіру және аталған рәсімді толығымен электронды түрде жүргізу туралы ұсынысхат жолдау

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

6

кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері кірістер басқармасынан келген хабарламалар мен салық бұйрықтарын жеке салық төлеушілердің мекенжайларына барып, қолма-қол тапсырып, салық түсімдерінің уақытылы түсуін қамтамасыз етуде. Салық төлеушілермен тікелей қатынас құрылған, өз кезегінде сыбайлас

Бұл, мәселені шешу үшін салық төлеушілерге хабарламаларды «Қазпошта» АҚ арқылы жолдау мәселесін қарастыру және қабылдауға тиісті оргындарға ұсынысхат жолдау

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына ұсынысхат жолдау

-

2025 жылдың 30 тамызына дейін

 

                                       

Дата публикации
21 августа 2025