СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ КЕЛЕС АУДАНЫ

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Жергілікті атқарушы органдардың стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлудің бірінші кезеңі бойынша өтінімдер салалық орталық атқарушы орган тарапынан нақты үлгілік конкурс шарттарымен бекітілмегендіктен сәйкес келу өлшемшарттарды қалауы бойынша белгілеуге алып келеді. Бұл дегеніміз нақты бекітілген талап болмағандықтан өтінімдердің конкурс шарттарына сәйкестігін қалауына қарай қарауына алып келуі сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүмкіндігін арттырады.

Жергілікті атқарушы органдардың стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлудің бірінші кезеңі бойынша бірыңғай өтінімдерге қойылатын конкурс құжаттамасы талаптарын белгілеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу

Түркістан облысы әкімдігі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс жолдау

-

2025 жылғы 30 тамыз  

2

«Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан жер учаскесін жалға беру, сату-сатып алу туралы шарт жасалады. «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету  тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті қабылданбаған. Бұл өз кезегінде қызметті көрсетуші бөлімнің нақты бекітілген қағида болмағандықтан мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтамау, негізсіз бас тарту, құжаттар топтамасын қалауы бойынша сұрау және тікелей қызмет берушімен байланысу секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келу мүмкіндігін тудырады.

Осы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті қабылдау

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы қызмет қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті қабылдау үшін ұсыныс жолдау

-

2025 жылғы 30 тамыз 

3

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша» мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы  «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығындағы жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан) деген термині Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасында «жақын туыстар» термині мағынасымен сәйкес болмағандықтан Кодекс пен Қағидада жақын туыстар терминінің мағынасы сәйкес келмеуі дипломмен ауылға бағдарламасы қатысушыларының тұрғын үйді сатып алуы кезінде мемлекеттік қызмет көрсетушінің қалауына қарай қызмет алушының пайдасына немесе бас тарту үшін негіз болып табылатындықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүмкіндігін тудырады.

Қағидадағы жақын туыстар терминінің мағынасын  Кодекстегі жақын туыстар терминінің мағынасына сәйкестендіру

Түркістан облысы әкімдігі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс жолдау

-

2025 жылғы 30 тамыз 

4

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімінен кешіктірмей келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және айыппұл өндіру бойынша мерзімін өткізбей сотқа талап арыз беру және мемлекеттік сатып алуларды заңнама талаптарына сай өткізу.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіру мақсатында құқықтық оқу өткізу

Құқықтық оқу хаттамасы

-

2025 жылғы 30 тамыз 

5

«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерінің атына корпоративтік банктік есеп шот ашылған. Аталған шотты бөлімге қатысты спорттық іс-шараларға, облыстық спорттық ойын түрлерінен жарыстарға қатысу үшін спортшыларды апару кезінде іс-сапар шығындары төленеді. Осы тұста, іс-сапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болатындығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іс-сапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болуы мүмкін.

Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс хат жолдау

-

2025 жылғы 30 тамыз 

6

Казакстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сай өтініш бойынша қабылданған шешімге өтініш иесінің шағым беру құкықтары түсіндіріле отырып жауап берілуі тиіс екендігі көрсетілген талабын сақтау және қабылданған әкімшілік актілерге қайта шағымдану жайттарын болдырмау.

ӘРПК нормаларының талаптарын сақталуын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу

Құқықтық оқу хаттамасы

-

2025 жылғы 30 тамыз 

 

                                      

Дата публикации
21 августа 2025