СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ АРЫС ҚАЛАСЫ

         

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекет-тік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың ақпан айында (11.02.2024ж) мемлекеттік қызметкерлерге 743676,0 (жеті жүз қырық үш мың алты жүз жетпіс алты тенге 0 тиын) тенге және техникалық персоналға 722 972,0 (жеті жүз жиырма екі мың тоғыз жүз жетпіс екі тенге 0 тиын) тенге «аванс» деп төленіп, алайда толық айлық аударылған. Дәл сондай қателікке 2024 жылдың мамыр және қараша айларында жол берілген. Атап айтқанда мамыр айында (10.05.2024ж) мемлекеттік қызметкерлерге 861 266,0 (сегіз жүз алпыс бір мың екі жүз алпыс алты тенге 0 тиын) тенге және техникалық персоналға 650585,0 (алты жүз елу бес жүз сексен бес тенге 0 тиын) тенге,  қараша айында (11.11.2024ж) мемлекеттік қызметкерлерге 865729,0 (сегіз жүз алпыс бес мың жеті жүз жиырма тоғыз тенге 0 тиын) тенге және техникалық персоналға (11.11.2024ж) 663925,0 (алты жүз алпыс үш тоғыз жүз жиырма бес тенге 0 тиын) тенге.

2024 жылдың 02 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына шыққан мекеменің архивариусы Оразәліқызы Құралайдың еңбек демалысы ақысы 199736 (бір жүз тоқсан тоғыз мың жеті жүз отыз алты тенге 0 тиын) мерзімінен кеш 2024 жылдың 09 желтоқсанында аударылған.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

2

Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бақылау жүргізу нәтижесінде Аппаратпен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау бойынша 2 дерек анықталды (2024 ж.). ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабының, 2-тармағының, 5-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер: мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік  корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.                         Алайда, бақылау барысында, бөліммен Қағида талаптары сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша қызмет алушы Ұ.Бөрібай 2024 жылғы 4 сәуірде Бөлімге Арыс қалалық ХҚКБ арқылы №002255636935 өтініш берген. Дегенмен, Бөлім тарапынан аталған өтініштің қызмет нәтижесі Мемлекеттік корпорацияға соңғы күні 2024 жылғы 12 сәуірде жолданған.                                   Осы секілді дерек, Б.Шыныбековтің (21.06.2024 жылғы №002258734688) өтінішін орындау барысында орын алған.

Хаттама

Мемлекеттік қызмет көрсетуде Заң және қағида талаптарын қатаң сақтау.

 

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

3

Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылға  қаралған  қаржы 89 871,0 мың  теңге  игерілгені 89 864,2  мың  теңге,  игерілмеген қаржы 6,8 мың  теңге. Үнемделген қаржы.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде: 2024 жылдың 3 қаңтар айында №1 н/қ «Жалақы төлеу туралы» бұйрығына сәйкес, әр айдың 15-жұлдызынан бастап аванс, 20-жұлдызынан бастап айлық жалақысы толықтай төленсін делінген, алайда наурыз айының 13-де және маусымы айының 13-не аванс деп толықтай айлық төленген. Бөлімнің сектор меңгерушісі Спатай Ғалымжан Нұриддинұлы 22.01.2024 жылы еңбек демалысына жіберілген, алайда сауықтыруға арналған жәрдемақысы 23 қаңтарда №4633531/24-5 төлем шотымен, еңбек демалысының ақысы 25 қаңтарда №4633531/24-6 төлем шотымен кешіктіріліп төленген. Спатай Ғалымжан Нұриддинұлы 30 қаңтарда №2 бұйрығымен еңбек демалысынан кері шақыртылған, 30.01.2024 жылы №17 бұйрығы негізінде 4 күн аралығында пайдаланылмаған еңбек демалыс берілген. Алайда жылдың соңына дейін қалған  қызметкерлер  пайдаланылмаған еңбек демалысына жіберілмеген.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау;

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

4

Арыс қаласының «Құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде: Қызметкерлерді еңбек демалысына жіберу кестесі бекітілмеген және де еңбек демалысына жіберілген қызметкерлердің төлемдері (Еңбек демалысының төлемдері Еңбек Кодексі талаптарына сәйкес, еңбек демалысы басталғанға дейін 3 күн бұрын төленуі тиіс) сақталмаған. Қызметкерлерді кері жұмысқа шақыртып пайдаланылмаған еңбек демалысына шығарылмаған. Есептеу ведомость және іс сапарға шығатын кезде аванстық есептілікте бөлім басшының қолы мен бас есепшінің қолы қойылып бекітілмеген мөрі басылмаған.  10.12.2024 жылы № 49 бұйрық негізінде сыйақы тағайындалған алайда бұйрық хаттама шығармылмаған.  10.12.2024 жылы №4673503/24-407 төлем шотымен Битлесов Бағдат пен Тайманов Нұрдаулетке сыйақы төленген.

Хаттама

 

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу кезінде «Сыйақы төлеу қағидаларының» талаптарын сақтау бойынша бөлім қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

5

Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде: 2024 жылдың 3 қаңтар айында №1 н/қ «Жалақы төлеу туралы» бұйрығына сәйкес, әр айдың 10-жұлдызынан бастап аванс, 15-жұлдызынан бастап айлық жалақысы толықтай төленсін делінген, алайда 06.02.2024 жылы №4513511/24-42 төлем шотымен Әсет Мұхитқа аванс деп толықтай еңбек ақы төлеген. Еңбек демалысына шыққан қызметкерлерді кері жұмысқа шақырып, жылдың аяғына дейін пайдаланылмаған еңбек демалысына жіберілмеген. Персонал бөлімінің бекітілген жоспарлы мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу курсына жіберетін кезде қаржыны дұрыс  жоспарламаған. Юнусов Камалбек Суботайвич 19.01.2024 жылы №3 бұйрығымен 22.01 – 09.02 аралығында 19 күнге  мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу курсына жіберілген. №1 аванстық есебінде жалпы есептелгені 539 032 теңге болса, 19.01.2024 жылы №4513511/24-24 төлем шотымен 37 000 теңге төленген, қалған суммасы 14.02.2024 жылы №4513511/24-61 төлем шотымен кешіктіріліп төлеген.  №5 (айлық жалақы туралы)  және №8 (іс-сапар туралы) мемориалдық ордерінде заңды құжат болып табылатын айлық жалақы есептейтін ведомость және іс сапар есептейтін аванстық есепті қағаздарында не бас есепшінің қолы жоқ және де бөлім басшының қолы мен мөрі бекітілмеген. Юнусов Камалбек Суботайвичке 19.12.2024 жылы №4513511/24-1255 төлем шотымен 111 711 теңге айлық жалақы есебінен аванс аударылған және шоғырландырылған қаржылық есептілікте, дебиторлық және кредиторлық қарыз жоқ деп берген, артық аударылған айлық жалақыны көрсетпеген.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

6

Арыс  қаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2024 жылға  қаралған  қаржы 4802580,0  мың  теңге  игерілгені 4788020,0 мың  теңге  игерілмеген қаржы 14560,0 мың  теңгені  құрап отыр. КСН – де қаржы  болмауына байланысты игерілмеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде:  жоғарыда  аталған  бөлімде  Жалақы  төлеу  мерзімі әр айдың оныншы күнінен аванс(алдын ала), он бесінші күннен бастап толық айлық төленсін деп  бөлім басшысының   03.01.2024 жылы №1 НҚ  бұйрығы  бекітілген. Алайда  қызметкерлердің 09.07.2024 жылы 4583505/24-416 төлем  шоты  бойынша  шілде айының жалақысы есебінен аванс аударылған, тізім бойынша 2 944 626  теңге  толық айлық жалақы  төленген.   Бөлімде   қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысына жіберілген. Барлық қызметкерлер қайта  кері  шақыртылған.  Ақылбай  Қазыбек Бауыржанұлы 12 күн пайдаланылмаған еңбек  демалысын  алған, қалған  қызметкерлер  пайдаланылмаған еңбек демалысына жіберілмеген.

Құзырлы мекемеге хат жолдау

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

7

Арыс  қаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылыс жұмыстарына жарияланатын конкурсты айналып өту мақсатында ҚР "Мемлекеттік сатып алу" туралы  Заңның 16-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына (табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату) сәйкес Бөліммен өнім беруші «Арыс жылу» КМК-ны (бұдан әрі –Кәсіпорын) арасында 21.08.2024ж. №49 шартымен 74 426 999 теңгеге (№050140008413/240054/00) жылумен қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін жөндеу жұмыстары (Техническое обслуживание с заменой подземных магистралных тепловых сетей по улице Акымбекова, Абдразакова, г.Арыс, по замене после прорыва за ж.д. Абдразакова 36, 45, 47, демонтажные работы, благоустройство, монтажные работы) туралы қызметтер бойынша келісімшарт жасалған. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәсілі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 5-тармағын айқындалған. Кәсіпорынның мақсаты Арыс қаласынды жылуға қосылған мемлекеттік және жеке меншіктегі нысандарды жылумен қамтамасыз ету болып табылады.  Яғни, Бөлім жылумен қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін құрылыс жұмыстарын негіссіз табиғи монополия салаларына жатқызып, қызметті бір көзден сатып алу тәсілімен қомақты қаржыға Кәсіпорынмен келісім шарт жасасып, заңсыз жеңімпаз атануына жағдай жасаған. Осы мағыналас, Бөлім 31.08.2023ж. Кәсіпорынмен 26 999 999 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын №68 (050140008413/230079/00), 03.09.2024 жылы «Ақаба-Сервис» ЖШС-мен 49 999 999 теңгеге көрсетілетін қызмет түрін №52 (050140008413/240057/00) және дәл осы «Ақаба-Сервис» ЖШС-мен 13.05.2024ж. 174 748 000 теңгеге жүргізілетін құрылыс жұмыс-тарының (работы по текущему ремонту водоснабжений) атауын – Ауыз су беру бойынша қызметтер көрсету деп бұрмалап №23 (050140008413/240029/00) келісім шартқа отырса, 25.07.2023ж. «Ақаба-Сервис» ЖШС-мен 98 531 823 теңгеге Арыс қаласында орналасқан елді мекендерге су құбырларын тарту және жөндеу, сорғыларды ауыстыру, жаңа құбырларды салу, насос фильтрлерін ауыстыру бойынша бойынша жүргізілетін жұмыстардың атауын – Ауыз су беру бойынша қызметтер көрсету деп бір көзден №52 (050140008413/230060/00) заңсыз келісім шарттар жасаған. Жоғарыда аталған бұзушылықтарға бөлім  басшысы Қ.Ақылбайға 2 рет және бөлім басшысының орынбасары А.Қамбаровқа 3 рет ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 803 бабына сәйкес айыппұлдар салынған.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде Қазақстан Республикасы Бюджет заңнамасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» №629 бұйрығының қағидаларының талаптарының сақталмау ықтималдылығы орын алуы мүмкін. Яғни, қаржыландыру жоспарларына, қаржыландыру сомаларына, қажетті деректерді жасырып қалу жағдайларына жол беруі мүмкін.

Хаттама

Мемлекеттік сатып алу заңнамасында көзделген талаптарды қатаң сақтау және бір көзден сатып алу рәсімдерін тоқтату;

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

8

Ақдала ауылдық округы әкімінің айдың 15-нен бастап  аванстық төлемдер, 20-нан бастап толық айлық жалақылар төлеу туралы өкімі шығарылған. Алайда, осы өкім талаптары орындалмай ай сайын әр айдың 15 жұлдызына жетпей толық айлық жалақылар төленіп отырған.  Ақдала ауылдық округ әкімі аппаратының есепшісі О.Юхимчук дұрыс жоспарламау себебінен 2024 жылдың қорытындысымен К.Байысовқа 190 540 теңге, Р.Тулетаевқа 34 073 теңге, О.Юхимчукке 797 466 теңге  айлық жалақы артық аударылған. Жалпы артық аударылған қаржының сомасы 1 022 079 теңге көлемін құрап отыр. Бұл артық аударылған қаржылар бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз есебінде де көрсетілмеген.

Хаттама

Артық аударылған жергілікті бюджеттің қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ету;

 

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

9

Дермене ауылдық округ әкімі аппаратының есепшісі Н.Исаев 2024 жылы қаңтар айында жұмыстан босаған. Дегенмен, баға ұсынысы тәсілімен өткізілген конкурстар бойынша келісімшарттармен танысу кезінде «ИП Айдос» мекемесі 4 рет жеңімпаз деп танылып, ол ұйым атынан Н.Исаевтың жұбайы Исаева Алия қатысып, келісімдерге қол қойған. Бұл жерде есепші орнына 9 айдан астам бос тұрған уақытта бұрынғы есепші Н.Исаев аталған мекемеде жұмыс жасамасада,  ауызша келісіммен мекеменің бухгалтерлік жұмыстарын атқарып, мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысына жол берді деп есептеуге болады.

Хаттама

Мемлекеттік қызмет атқару барысында мүдделер қақтығысына жол бермеу, мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын қатаң сақтауды;

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

10

Дермене ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына шығарған өкімде 2 айлық емделу жәрдемақысы мен демалысқа шығу ақысы төленсін делінген. Алайда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес қосымша тағы 1 айлық көлемінде сауықтыруға арналған қосымша жәрдемақы төленеді делінген. Осы заңға сәйкес еңбек демалысын беру туралы өкімдерін қайта сәйкестендіру қажет. Еңбең демалысына шыққан қызметкерлерге қаржы төлеуге негізгі құжат. Осы Заңды басшылыққа алып, өкімде көрсетпесе де 3 айлық көлемінде емделу-сауықтыру жәрдемақысы төленіп келген.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

11

Жиделі ауылдық округ әкімінің айдың 15-нен бастап  аванстық төлемдер, 20-нан бастап толық айлық жалақылар төлеу туралы өкімі шығарылған. Алайда, осы өкім талаптары орындалмай әр айдың 15 жұлдызына жетпей толық айлық жалақылар төленіп отырған. Қаулыға сәйкес тәулік ақысы, тұрғын үй жалдау ақысы бекітілген нормаға сәйкес төленсе, жол ақысы ұсынылған билетпен төленеді.  Билет алу мүмкіндігі болмаса жол жүру ақысы бекітілген ең төменгі тарифпен  төленеді делінген. Жиделі ауылдық округ әкімі аппаратында іссапарға жіберілген қызметкерлерге жол ақысын бекітілген тариф болмаса да жобалап төлеп келген.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

12

Қожатоғай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде материалдық көмек төлеу мәселесі бойынша формальді хаттама толтырылып, бас маман-есепші Ғ.Ахынова 2024 жылдың сәуір айында 2 айлық жалақы көлемінде яғни 440,4 мың теңге бала тууға байланысты алса, бас маман-заңгер Б.Кемелбекке 2024 жылдың қараша айында әкесі қайтыс болуына байланысты 1 айлық көлемінде яғни 240,7 мың теңге материалдық көмек берілген. Бұл жерде ауыл әкімі бас есепшіге артықшылық көрсеткен деп есептейміз.

Хаттама

Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 39-40 тармақтарының   талаптарын қатаң сақтау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

13

Арыс қаласының «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бақылау жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы   № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау бойынша 4 дерек анықталды (2024ж). 30.09.2024ж азамат Изтлеуов Толеген Турмаханович тарапынан «Е-лицензиялау» порталы арқылы жолданған өтініш (№№KZ83RBE00829518) жеке куәлік көшірмесімен қабылданған.Мағыналас дерек Қ.Натбаеваның өтінішінде (21.10.2024ж №KZ15RBE00839278), Ж.Сейдиллаханованың өтінішінде (10.10.2024ж №KZ78RBE00835137), Д.Әлішердың өтінішінде (17.10.2024ж                             № KZ40RBE00838052) кездеседі. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті құжаттар тізбесінде тек сәйкестендіру деп көрсетілгенімен, жеке куәліктер көшірмелері негізсіз алынған және өтініштерде артық құжаттар ұсынылғаны көрсетілген. Аталған бұзушылықтардың орын алғанына қарағанда азаматтардың өтініштеріне немқұрайлы қарайтыны аңғарылады және де мемлекеттік қызмет алушыларды әуре сарсаңға салып құқықтарын жүйелі түрде шектеп отыратыны байқалады.

Хаттама

Кемшіліктерге жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын;

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

14

Арыс қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мәдениетін қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар жоспарының 1,2,3,4 пункттері жоспарға сай емес, ІІ тоқсанда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  жиналыс өткізілмеген, ай сайынғы насихаттау жұмыстары жүргізілмеген. Іс-шаралар жоспарының орындалғандығы жөніндегі жұмыстар сапасыз ақпараттармен беріліп отырған. Іс жүзінде бір де бір бағдарлама орындалмай жұмыстар формальды түрде жүргізілген.Яғни, осы саладағы жұмыстардың сын көтермеуі, Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы, салғырт қарауынын және бөлім басшысы тарапынан өз қарамағындағы қызметкерлерінің жұмыстарына тиісті ведомстволық бақылау жасамауы немесе бұл бағыттағы жұмыстың өз бетімен кеткендігінен орын алған. Бақылау жүргізу нәтижесінде 6 ауылдық округ әкімдігінде 2024-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары мүлде әзірленбеген, оған қоса жиындар мүлде өтпеген. Демек сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Жоғарыдағы бұзушылықтардың орын алғандарына қарағанда, бұл бағыттағы жұмыстар сапасыз немесе мүлдем жүргізілмейтіндігін көрсетеді.Яғни, осы саладағы жұмыстардың сын көтермеуі, мекеме қызметкерлері өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы, салғырт қарауынын және басшы тарапынан өз қарамағындағы қызметкерлерінің жұмыстарына тиісті ведомстволық бақылау жасамауы немесе бұл бағыттағы жұмыстың өз бетімен кеткендігінен орын алған.

Хаттама

Қызметшілер мен тұрғындардың сауаттылығын көтеру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту қажет. Халық пен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен заңнама бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

15

Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде спорттық жарысқа баратын кезде спорт бөліміндегі қызметкердің атынан корпоративтік шот ашылып, сол арқылы іс-сапар шығындары өтеледі. Бекітілген спорттық жарыстарға спортшыларды апару барысында бөлімнің қызметкері өкіл ретінде барып, спортшылардың іс-сапар шығындарын көтереді. Осы тұста, іссапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қол жетімді болады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іссапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болмақ.

Құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау

Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

16

Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2024 жылға  қаралған  қаржы 854702,0 мың  теңге  игерілгені 854660,3 мың  теңге,  игерілмеген қаржы 41,7 мың  теңге. Үнемделген қаржы.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде: Техникалық персонал Тайманов Нұрдаулет Жандавлетовичке 23.02.2024 жылы еңбек демалысы берілген, алайда 05.03.2024 жылы №79 төлем  шоты  бойынша 12 күнтізбелік күн кешіктіріліп  төлеген. 2025 жылдың 16 қаңтар күні Астана қаласының тұрғыны Есбосынов Азамат Курманбекович бір мезетте Арыс қаласына қарасты Жиделі, Монтайтас, Байырқұм, Қожатоғай, Ақдала ауылдарына қайырымдылық концертін қою мақсатында өтініш жолдаған болатын. Алайда ауылдағы мәдениет үйлері Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарағандықтан «ҚР ӘРПК» 65-бапына сәйкес өтініштерін Мәдениет бөліміне жолдаған, сол келген өтініштерге Мәдениет бөлімі қайырымдылық концертін өткізуге мүмкіндік жоқ екендігі бойынша өтініш иесіне жауап жолдаған. Бірақта «ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі» делінген, осыған қарамастан Мәдениет бөлімі жеке тұлғаның құқығын шектеп, тыңдалым жүргізбей өтініштерін «Қолайлы әкімшілік акт» деп жолдап жіберген.

Хаттама

Жұмыс тәртібін қатаң сақтау және бөлімге түскен өтініштерге уақытылы жауап жолдау.

-

2025 жылдың 31 тамызына дейін

 

 

 

Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы,

жұмысшы тобының төрағасы                                                                       Т.Анашбеков

Дата публикации
21 августа 2025