|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны, орындалу барысы |
|
|
Автомобиль жолдары саласы |
||||||
|
1. |
Т.Диметов көшесіне кәріз жүйесі құрылысынан кейінгі жолды қалпына келтіру. Түркістан қаласының тұрғыны К.Батырбаев |
Жоспарға сәйкес Т.Диметов көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
01.09.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Аталған көшеге жұмыс жағдайларын талдау, техникалық параметрлерді есепту жүргізілді. Қаіргі кезде жолды тазарту және тегістеу жұмыстары атқарылуда. ҚР ҚН нормаларына қойылатын талаптарды ескере отырып, асфальт төсеу (65% аяқталды) жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
2. |
Жаңа қаладағы айналма жолдан №32 көшеге көлікпен бұрылу үшін ортадағы қоршауды алып, жол ашу. Түркістан қаласының тұрғыны А.Мусабекова |
Айналма жолдан № 32 көшеге бұрылатын тұста темір шарбақтарға демонтаж жұмыстарын жасау, айналма жолдан № 32 көшеге көлікпен бұрылу үшін жол ашу. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам орнату |
30.04.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Аталған аумақтағы темір шарбақтар алынды, алынған жері асфальтанды, бағдаршам орнатылды.
|
|
|
33 3. |
Тәуке хан даңғылы бойынан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барар жолды асфальттау мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Қ.Садуова |
Жоспарға сәйкес аталған аумақтағы асфальт салынбаған аумағында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, асфальт төсеу. |
20.05.25ж орындалды |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Асфальттау жұмыстары толықтай жүргізілді.
|
|
|
4. |
С.Ерубаев көшесіне кешкі сағат 21:00-06:00 аралығында көліктерге кәсіпкерлік нысандарына тоқтауға рұқсат беру Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Балқожаев |
Қолданыстағы заңнама сәйкес, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында аталған аумақтағы жол белгісіне өзгеріс енгізіп, кәсіпкерлік нысандарына тоқтауға рұқсат беру белгісін орнату. |
26.03.25ж |
Түркістан қалалық полиция басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
ҚР СТ 1412-2017 талаптарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-сі мамандары және Түркістан ҚПБ ӘПБ-нің техникалық қадағалаушы қызметкерлерімен бірлесе отырып, С.Ерубаев көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында, жол белгісін орнатуға тура келмейтіндігі тұрғынға түсіндірілді. |
|
|
Тұрғын үй саласы |
||||||
|
5. |
Мемлекеттен алынған тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Г.Башарова |
Мемлекеттен алынған тұрғын үйді жекешелендіру үшін шартта белгіленген құнының кемінде 10% жарнасын төлеп, қалған қалдық құнын бөліп төлеуге болады. Пәтер қалдық құны 15 млн теңгеден аз болса 10ж. дейін, 15 млн теңгеден көп болса 15 ж. дейін бөліп төлеуге болады. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
ҚР Үкіметінің 02.07.2013 жылғы №673 қаулысына сейкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
|
|
|
6. |
Қала көлемінде жаңадан салынатын тұрғын үйлер (пәтер) саны, қашан және кімдерге берілетіндігі туралы. Түркістан қаласының тұрғыны C.Дүкенбаева |
Қалада 40 тұрғын үйдің (29 кредиттік, 11 әлеуметтік) құрылысы жүргізілуде. 2025ж. жалпы 3022п беру жоспарда. Оның: 2078 кредиттік, 944 әлеуметтік бойынша тұрғын жайларға тиесілі. 2025 жылдың наурыз айында 348 (4 үй), мамыр айында 256 (3 үй), қыркүйек айында 340 (4 үй) әлеуметтік пәтерлер және жыл соңына дейін 2078 кредиттік пәтерлер беріледі. Пәтер беру ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, кезек тәртібімен жүргізіледі. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 16 191 құрайды (әлсіз топ – 6 022, көп балалы отбасы – 5001, бюджет – 4 993, тұл жетім – 173, апатты үй – 2). 2025 жылы қаладағы тұрғын үйге мұқтажда адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үй жоспарланса, бүгінгі танға 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер берілді. Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылдың 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады және тек әлеуметтік осал топтар ғана емес, соңғы бес жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеген барлық азаматтар өтініш бере алады. |
|
|
7. |
«Жаңа қала» м/а салынған үйлердің ақаулары туралы және қала әкімдігі тарапынан мердігер компанияларға қатаң шаралар қолдану туралы. Түркістан қаласының тұрғыны З.Серік |
Кепілдік мерзіміне сәйкес кемшіліктерді мерзімінде орындамаған мердігерлер қатысты сот ұйғарымдары негізінде қайта қалпына келтіру жұмыстары міндеттеліп, облыстық бақылау жөніндегі басқарма тарапынан айыппұлдар салынуда. Қолданыстағы заңға сәйкес барлық кемшіліктер қалпына келтіріледі. |
30.04.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі
Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы
|
Қолданыстағы заңға сәйкес түсіндірме жұмысы жүргізілді, қала әкімінің 27,28,29 мамырда халықпен кездесуінде де мердігер мекемелерге жеткізілді.
|
|
|
Жер саласы |
||||||
|
8. |
2010 жылдан жер кезегінде тұрған азаматтар үшін жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерін беру мәселесі.
Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Торғаутова
|
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері бос аумақтар бар болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңға, қаланың Қызылорда бағыты жағынан 486,0 га резервтегі жерге инфрақұрылым жүйесі жүргізіленнен кейін аталған аймақтан 2 мыңға жуық жер телімі табысталатын болады (2026 жылы беріледі). |
Заңға сәйкес түсіндірілді
|
Түркістан қаласының әкімдігі |
Бүгінгі таңға, қала аумағында 88 мың азаматтар тұрғын үй жер кезегінде есепте тұр. Табысталатын жер телімдері 2000-шы жылдан бері Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтардан 2026 жылдан басталатын болатындығы туралы сұрақ қойған тұрғынға түсіндірілді. |
|
|
Спорт саласы |
||||||
|
9. |
Түркістан қаласының басқа шеткі аумағында қосымша жаңа спорт кешендерін салып беру мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Ғ.Қалдыбекова |
Түркістан қаласы халқының саны артуына байланысты «Бірлік», «Шауғар», «Сауран», «Бекзат» м/а 5 спорт кешеннің құрылысы жүргізілуде. 20.05.2025ж 2 спорт кешені қолданысқа берілетін болады. Қалған 3 спорт кешенінің құрылыс жұмыстары 10.12.2025 ж пайдалануы жоспарлануда. |
20.08.25ж. 10.12.25ж 3 спорт кешені |
Түркістан қаласының әкімдігі |
М.Төлебаев көшесіндегі спорт сауықтыру кешені, Терыскей көшесіндегі спорт сауықтыру кешені, М.Мақатаев көшесіндегі спорт сауықтыру кешені, Көкжелек көшесіндегі спорт сауықтыру кешені және Жиделі көшесіндегі спорт сауықтыру кешені құрылысы жүріп жатыр. |
|
|
Интернет саласы |
||||||
|
10. |
«Жаңа қала» м/а 11 көшеде интернет орнату және жылдамдығын ретке келтіру.
Түркістан қаласының тұрғыны Н.Жұматаева
|
Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы аталған мәселені зерделеп, интернет таратушы компаниялармен (Қазақтелеком, Транстелеком) интернет антенналары орнату жөнінде шешім қабылдау. |
01.09.2025ж |
Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан аталған арыз бойынша ғаламтор желісін ретке келтіру мақсатында «Жаңа қала» мөлтек ауданы 16/1 тұрғын үй кешеніне (координатасы 43.270466, 68.343037 ) базалық станция орнату жоспарға қойылды. Орындалу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы.
|
|
|
11. |
«Жасыл аймақ» КММ-не тексеріс жұмыстарын жүргізу және ретке келтіру. Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Балқожаев |
«Жасыл аймақ» КММ-тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға зерделеу жүргізіп, қорытындысымен тиісті шаралар қабылдау. |
15.04.25ж |
Облысы әкімінің аппараты Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы БАҚ-та 11.03.2025 ж. материал жарияланды.
|
|
|
Білім саласы |
||||||
|
12. |
2025 жылы Түркістанда жаңа университеттің ашылуы және болашақта студенттердің оқу мәселесі.
Түркістан қаласының тұрғыны К.Нақыпбекова |
Президент Қ.Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу тапсырмасы аясында 2025 жылы Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» (Вусонг) университеті филиалының ашылуы жоспарлануда. 2025ж. ақпанда «Woosong» университеті өкілдері-ұстаздар, ата-аналар және мектеп түлектерінің қатысуымен жиын өтті. ҚР ҒжЖБМ және облыс әкімдігі гранттар бөлу мәселесі жоспарлануда. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Облыстық білім басқармасы
Түркістан қаласының әкімдігі |
Түркістан облысының Әкімдігі мен Корей Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістан қаласында «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласында Қазақстандық университетін құру туралы Келісім жасалып, 2024 жылдың 1 сәуірінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. «Woosong-Turkistan» университетінде «Жасанды интеллект» және «Деректер туралы ғылым» мамандықтарын ашу жоспарлануда. Жалпы жаңа оқу орнынан бастапқыда 150-ге жуық студент қабылдау жоспарлануда. 2025 жылғы ақпан айында «Конгресс холл» кешенінде университет профессорлары мен облыстағы 11-сынып бітіруші түлектер (900 оқушы), ұстаздар және ата-аналармен презентация ұйымдастырылып, аталған оқу орны туралы мағлұматтар берілді. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан аталған университет ашылуы бойынша «өңірлік іске асыру алгоритмі» жасақталып, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, студенттер үшін, университет орналасқан әкімшілік іскерлік орталығы маңынан жеке кәсіпкер 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда, аталған кәсіпкер тарапынан «Қаржы орталығы» АҚ-на қаржыландыру бойынша қажетті құжаттар рәсімделу үшін «Вусонг» білім қоры тарапымен өзара арқылы қосымша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдің мектеп бітіруші түлектеріне шілде айының ортасынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиындар өткізу жоспарлануда. |
|
|
13. |
«Яссы» секторында №14 Қазыбек би атындағы мектепке жаңадан салынған жеке мектеп ғимаратын қосып беру арқылы көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларды мектепте тегін оқуға мәселесін қарастыру. Түркістан қаласының тұрғыны Р.Нұрпейісова |
Қолданыстағы заңнамаға (стандартқа) сәйкес аталған жеке мектепте оқушыларға тегін оқуға қабылданады. Мемлекеттен тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес оқу стандарттары сақталады. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Облыстық білім басқармасы |
№14 Қазыбек би атындағы мектеп жанынан жеке кәсіпкер қаржысына жеке мектеп ғимараты салынған. Алайда, ол мектеп жұмысын әлі басталмаған. Мәселе алдағы уақыта да ескерілетін болатындығы туралы Заңға сәйкес тұрғынға түсіндірме жұмысы жүргізілді.
|
|
|
14. |
Әйтеке би атындағы №26 мектебінде оқушылар санының көп болуына орай қосымша ғимарат және спорт зал салу мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны С.Юлдашев |
Аталған мектеп жанынан қосымша ғимарат және спорт зал салу мәселесін облыстық білім басқармасы тарапынан тиісті талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу. |
30.03.25ж |
Облыстық білім басқармасы |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әйтеке би атындағы №26 мектебінің оқушы сыйымдылығы 300 балаға арналған. Аталаған мектепте 800 аса оқушы білім алуда. Алайда, оқушылар санының көптігі жүктемесін жаңа қаладағы «Келешек мектептеріне» орналастыру арқылы шешімін табу қарастырылып отыр. |
|
|
15. |
Әйтеке би атындағы №26 мектеп алдындағы жол тұсында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бейнекамералар орнату мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны С.Юлдашев |
Әйтеке би атындағы №26 мектеп аумағындағы жол тұсында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бейнекамералар орнату. |
30.03.25ж |
Облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қалалық полиция басқармасы
|
Әйтеке би атындағы №26 мектеп алдындағы жол тұсында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бейнекамералар орнату қажеттігі бар. Жұмыс жүргізілуде.
|
|
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
16 |
9 көше 28/1 үйдің кәріз мәселесін және ауланы абаттандыру мәселесі. 9 көше 28/1 үй тұрғын Д.Ибрагимов |
Кепілдік міндетемеге сәйкес заң аясында мердігер мекеме тарапынан тұрғын үй құрылысындағы ақауларды қалпына келтіру. |
27.03.25ж |
Облыстық құрылыс басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
70ш.м. үй ауласындағы асфальт ауыстырылды, 85 ш.м. брусчатка жаңартылды, 26 дана жаңа бордюр қойылды, үйге қарасты коммерциялық ғимараттың қасбеті ауыстырылды |
|
|
Туризм саласы |
||||||
|
17 |
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңы күшіне енгеннен кейін туризм саласын дамыту мәселесі Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Мұрат |
Заң аясында туристік бизнес өкілдерін мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көзделген. - қонақ үйлер салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлер шығындарының бір бөлігін өтеу(субсидия мөлшері – 10%); - кәсіпкерлердің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (субсидия мөлшері – 10%); туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге автомобиль сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу (субсидия мөлшері – 25%). - кәсіпкерлердің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға (әжетханалар) арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83 300 тг). |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Қаламыз республикадан бөлек түркітілдес мемлекеттердің назарында екені мәлім. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын сала – ол туризм саласы. Туристік қызмет объектілерін яғни қонақ үйлерді салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (Субсидия мөлшері – 10% құрайды); Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне яғни автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (Субсидия мөлшері – 25% құрайды); Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (Заңнамаға сәйкес субсидиялау сомасы ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде). Түркістан қаласына Ерекше мәртебе беру туралы заң жобасында қолөнершілерді қолдау, жұмыстарын ілгерлету, жаңа нарыққа шығу мақсатында Түркістан қаласының аумағында қолөнер саласындағы шеберлер үшін шығындардың бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялау қарастырылды. Субсидия мөлшері 25%-ды құрайды. «Ерекше мәртебе» аясында туристік бизнес өкілдерін мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көзделгені сұрақ қоюшыға түсіндірілді. |
|