2020 жылдың 9 айдың қорытындысымен арыз-шағымдардың барысы туралы АНЫҚТАМА
Облыс әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау бөлімі тарапынан 2020 жылғы 9 айдың қорытындысымен арыз-шағымдардың барысына талдау, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс көлемінде ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысымен 47 132 өтініш(шағым-803, өтініш-43 340, басқада-2 989)келіп түскен, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40%-ға (2019 жылдың 9 айы –78 907)азайған.
Түскен өтініштердің42 234өтініші қаралып, нәтижесімен
16 567өтінішінемесе 39%-ықанағаттандырылып, 24 878өтінішкенемесе 60%-ытүсіндірме берілген, 789өтініштиістілігіне қарай басқа органдарға жолданған.
Ең көп түскен өтініштердіңсаны жағынан Кентау (5 223),Түркістан (5 198) қалалары менСарыағаш (7 555), Мақтаарал (5 301), Сайрам (5 264) аудандары құрап отыр.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өтініштердің өсуі келесі аудандарда байқалып отыр.Атап айтқанда,Келес ауданында 12%-ға, Төлеби ауданында 5%-ға, Сарыағаш ауданында 4%-ға өскен.
Өтініштердің мәселесін талдау барысанда басым көпшілігі
жер(16 972), әлеуметтік(13 596),тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы(4 258),білім (1 700) жәнеауылшаруашылғы(1 482) салаларына қатысты болып отыр.
Аталған салалардың ішінде, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік саласы27%-ғаөскен.
Осы екі салада ең көп өсім көрсеткішіКентау, Түркістан қалалары мен Ордабасы, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби, Бәдібек, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарында байқалуда.
Азаматтардың өтініштерін қарау барысында аудан, қала әкімдіктері тапарынан беретін жауаптардың сапасы қанағаттанарлықсыз және орындау деңгейі төмен болып отыр.
Мысал ретінде айтар болсақ, жалпы түскен өтініштің 39%-ға ғана қанағаттандырылған, қалған өтініштерге тек қана түсініктеме берумен шектелген.
Өтініштердің қанағаттандыру деңгейінің ең төмен көрсеткішін келесі аудан, қалаларбайқалыпотыр.
Түркістан қаласында 7%, Жетісай ауданыда 17%, Ордабасы ауданында 17%, Арыс қаласынада 20%, Созақ ауданында 23%, Келес ауданында 27%.
Облыста өтініштердің сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын арттыру» бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шараның негізгі мақсаты, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және мерзімінде орындалуына, сонымен қатар, көп көтеретін жүйелі мәселелердің(жер, құрылыс, баспана, коммуналдық қызмет, әлеуметтік, денсаулық, білім, ауыл шаруашылығы) себептеріне талдау жүргізіп, оның шешу жолдары мен халық арасында БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстары қамтылған.
Бұдан бөлек, облыста5«Фронт-офис» орталығы ашылған. Олар Түркістан қаласы мен Төлеби, Ордабасы,Түлкібас, Созақ аудандарында.