Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен (27.03.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

 

 

№

 

Көтерілген мәселелер

 

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

 

Жауапты орындаушылар

 

 

Аяқтау нысаны

 

 

Орындалуы

 

Жол саласы

1.                

Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданында жаңадан берілген
120 арендалық тұрғын үйлерге баратын жолға тас төсеу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Коммуналдық үйлер  орналасқан аумақтың жолына қажетті қаржы бөлуді ұйымдастырып, шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданында жаңадан берілген
120 арендалық тұрғын үйлерге баратын жолға тас төсеуге 28 млн 789 мың теңге бөлініп, ағымдағы жылдың маусым айында басталу жоспарлануда.

2.                

Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекеніндегі Ақбастау көшесіне асфальт төсеу мәселесі.

 

Тың елді мекенінің тұрғыны Тасыбаев Әбдіқадыр.

Ақбастау көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Нысанды пайдалануға беру

 

Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округі, Ақбастау көшесіне (2,25 км) 2025 жылға жергілікті бюджет есебінен 92 426,57 мың теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме - "Artd group" ЖШС. Техникалық қадағалаушы - "QAZAQ AIR TECHNOLOGY" ЖШС. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан басталады. Өндірістік кестеге сәйкес аяқталу мерзімі
31.08.2025 жыл.

3.                

Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекеніндегі Омарханов және Ә.Молдағұлова көшелеріне асфальт төсеу мәселесі.

 

Дербісек ауылдық округінің биі Бейсенов Ергеш.

 

Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 

Сарыағаш ауданы, Дербісек а/о. А.Молдағұлова км 0 -0,675; Е.Омарханов км 0 – 0,730; И.Жүнісбеков км 0–0,560; Б.Тұрдықұлов км 0–0,940 көшесін орта жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 101 060,01 мың теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме - "Artd group" ЖШС. Техникалық қадағалаушы - "QAZAQ AIR TECHNOLOGY" ЖШС. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан басталады. Аяқталу мерзімі. Өндірістік кестеге сәйкес аяқталу мерзімі 31.08.2025 жыл.

4.                

Сарыағаш қаласы, Самал-1 мөлтек ауданындағы Нұрқыран мен 65 жылдық көшелерінің қиылысына қойған суағардың үстіне көлік өтетін жол ұйымдастыру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Кеншинбаев Ербол.

 

Мердігердің кепілдік мерзімі есебінен өтініш иесінің үйінің бұрылысындағы су ағардың үстіне көлік кіретін жол ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Заң аясында шаралар қабылдау

2023 жылы қала аумағында бірнеше көшелерге су жиналуы және тұрғын үйлерге кіру қаупі бар Нұрқыран көшесінің ұзындығы 450 аумақтарға астау (латок) салу жұмыстары мердігер «Astana Smart Plus» ЖШС тарапынан жүргізілген.

Қазіргі таңда, жауын шашын салдарынан және табиғи жолмен отырған астауларды мердігер тарапынан 29.03.2025 жылы қалпына келтірілді. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы
№1414 санды шығыс хатпен жауап жолданған.

5.                

Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекеніндегі С.Садықов көшесін орташа жөндеу туралы.

 

Дербісек елді мекенінің тұрғыны Рысқұлбекова Захира.

С.Садықов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Сарыағаш ауданы, Дербісек а/о. А.Рахметов км 0-2,0; С.Садыков км 0 – 0,975 көшесін орта жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 98 825,04мың теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме - "Artd group" ЖШС.  Техникалық қадағалаушы - "QAZAQ AIR TECHNOLOGY" ЖШС. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан басталады. Аяқталу мерзімі. Өндірістік кестеге сәйкес аяқталу мерзімі 31.08.2025 жыл.

6.                

КХ-11 «Сарыағаш – Жылға – Рабат» облыстық маңызы бар жолдан жүк көліктерінің жүруінен жол жабынғысының бұзылуын ретке келтіру бойынша.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

КХ-11 «Сарыағаш – Жылға – Рабат» жолының бүлінген бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу (шұңқырларды жамау). 

01.07.2025 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ағымдағы жылдың мамыр айында КХ-11 Облыстық маңызы бар автожол бойын ағымдағы жөндеу жұмыстарын Түркістан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты " Оңтүстік жолдары" МКК тарапынан жүргізілді.

 

 

Электрмен қамту мәселесі

7.                

Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту мәселесі.

 

Ақниет елді мекенінің тұрғыны Байдаулет Ташев.

Ақниет елді мекеніндегі электрмен қамтамасыз ету құрылысына қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

01.07.2026 ж.

 

 

 

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат толық бөлінуіне қарай)

 

Құркелес ауылдық округ, Ақниет елді мекенін сапалы электр желісі және трансформатор қондырғыларымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен 510,874 млн.тг қаржы қаралып, ҚМЖ жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «KK Global Construction» ЖШС. Нысан құрылысын ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі күнге, 30 дана электр бағаналары орнатылды. Электр желілері және трансформатор қондырғыларын орнату жұмыстары қалған.

Денсаулық сақтау саласы

8.                

Дербісек ауылдық округі, Атамекен елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салу мәселесі.

 

Атамекен елді мекенінің биі Бегалиев Рахмонберді.

Атамекен елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары  Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға

беру

 

Атамекен елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктінің  құрылыс-монтаж жұмыстары 
2025 жылдың мамыр айында басталған.   Мердігері «СК ABU Group» ЖШС-гі тарапынан ғимараттың қабырғаларын  көтерген, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.  Нысан құрылысын 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

9.                

Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінде медициналық пункт немесе  дәрігерлік амбулатория салу мәселесі.

 

Нұрлы жол елді мекенінің биі Андасов Әділхан.

Нұрлы жол елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанды пайдалануға

беру

 

Нұрлы жол елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктінің  құрылыс-монтаж жұмыстары  2025 жылдың мамыр айында басталған.   Мердігері «СК ABU Group» ЖШС-гі  ғимараттың қабырғаларын  көтеріп, шатырын жабыу жұмыстары жүргізілуде.  Нысан құрылысын 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

 

10.             

Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніне емхананы жалға алып отырған ғимараттың тозығы жеткен.

Мемлекеттік меншіктегі емхана қызметін ал үшін жаңа дәрігерлік нысан салу мәселесі.

 

Ынтымақ елді мекенінің тұрғыны Сыдық Жүніс.

Ынтымақ елді мекенінде
2024 жылы мемлекет ұсынысымен ашылған жеке меншіктегі медициналық мекеменің қызметіне берілетін мемелекттік тапсырыстар жөнінде ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

 

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен

ақпарат енгізу

Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінен жаңадан ауылдық емхана құрылысын салу мақсатында, аталған аумақта жер телімі болмауы себебінен, іргелес жатқан Бостандық ауылынан Дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін 0,90 га жер бөлініп, аудан әкімдігі тарапынан меморандум негізінде 2023 жылы жоба дайындалған. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында «Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне өтінім берілген. 2026-2029 ж.ж. аралығында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілгендігі туралы жазбаша аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің м.у.а               Б.Оспановтың атынан
15.04.2025 жылы №701  хаты жолданған.

11.             

Тұрғындарды тіркелген емханасынан басқа медициналық ұйымдар өздерінің рұқсатынсыз тартып алу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Кеншинбаев Ербол.

Аудандағы жеке меншік денсаулық сақтау мекемелеріне ескерту хабарламалар жолдап, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы тұрғындарының рұқсатынсыз тұрғылықты мекен жайға жақын емес денсаулық сақтау ұйымына тіркеліп кетуі бойынша аудандағы жеке меншік медициналық ұйымдарға ескерту хат жолданған. Алдағы уақытта заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолдану үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.

12.             

Құркелес ауылдық округі, Жаңа талап елді мекеніне медициналық пункт салу мәселесі.

 

Жаңа талап елді мекенінің тұрғыны Еділбаев Қыдырбай.

Жаңа талап елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 

Жаңа талап елді  мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктінің  құрылыс-монтаж жұмыстары 
2025 жылдың мамыр айында басталған.   Мердігері «СК ABU Group» ЖШС-гі тарапынан ғимараттың қабырғаларын  көтерген, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.  Нысан құрылысын 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

 

Спорт саласы

13.             

Жарты төбе ауылдық округі, Достық елді мекеніне спорт және балалар ойын алаңшасын салу мәселесі.

 

Достық елді мекенінің тұрғыны Ақмолдаев Кәрім.

Спорт және балалар ойын алаңшасын салу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

31.08.2025 ж.

 

 

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға

беру

 

Достық елді мекенінде спорт және балалар ойын алаңшасына бюджеттен 27 млн. теңге бөлініп, «Энерго ВЭС» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

 

14.             

Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшасын салу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара м/а тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Спорт және балалар ойын алаңшасын салу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

31.08.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға

беру

 

Сарыағаш қаласы Телемұнара мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшасына бюджеттен 29 млн 986 мың бөлініп, «Энерго ВЭС» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың маусым айында басталу жоспарлануда. 

 

15.             

Сарыағаш қаласындағы тозығы жеткен орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Атемқұлов Асқар.

Орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

30.09.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Е. Алтаев

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат толық бөлінуіне қарай)

 

Сарыағаш қаласындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарының конкурстық жұмыстары мемлекеттік сатып алу жұмыстары 17.03.2025 жылы аяқталды. Жеңімпаз болып БИБО-строй ЖШС-і атанған. Аталған мердігер 701 млн теңгеге ұтып алған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс 2026 жылға өтпелі.

16.             

Сарыағаш қаласындағы орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген 800,0 млн. теңгені басқа өзекті мәселелерге қайта қарау мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Атемқұлов Асқар.

Орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары мен маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

30.09.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Е. Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесіндегі орталық стадионға жөндеу жұмыстырын жүргізілу қажеттігіне, сондай-ақ тұрғындардың және қоғам белсенділерінің талап-тілектерін ескере келе 2023 жылы аталған стадионға күрделі жөндеу жұмыстарына “Ауылым алтын бесігім” бағдарламасы аясында смета жасауға 2023 жылдың
23 қазан айында конкурс жарияланып,жеңімпаз болып “Alpha-Pro” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табылған. Сараптама нәтижесінде 2024-2025 жылдардағы бағамен құрылыстың жалпы құны 858 059 млн тенгені құраған. 2025 жылдың наурыз айында  рейтингтік балдық жүйе негізінде өткізілген конкурс нәтижесі бойынша “ ТОО ВИБО-строй” ЖШС мердегер мекемесі жеңімпаз атанған. Орталық стадионның көрермендерге арналған орындықтары пластикалық орындықтарға ауыстырылып, трибуна үсті жабылып, футбол алаңының газоны ауыстырылатын болады. Сондай-ақ стадион жиегінде жеңіл атлетика үшін арнайы резіңке төселген жүгіру жолақтары, стрит воркаут алаңшасы, жарық шамдар, екі командаға бөлек шешініп киінуге, жуынуға арналған бөлме қосымша салынып, әкімшілік ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар стадион аумағынан автотұраққа арнайы жер бөлінетін болады.

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік саласы

17.             

Жастарымызға жұмыс орындарын ашу мақсатында, аудан аумағынан өндіріс орындарын құру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Утепов Лесхан.

Ауданда өндіріс орындарын ашу мақсатында Сарыағаш қаласынан жер учаскесін қарастырып, өндірістік парк құру жұмыстарын жүргізу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

«Turkistan» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Нысанды пайдалануға беру

 

Аудан тұрғындарына жұмыс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өндіріс орындарын ашу мақсатында Дарбаза ауылдық округі аумағынан 80,0 га жер учаскесінде индустриялық аймақ құру бойынша ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыс әкімдігінің №216 қаулысы рәсімделген. Бүгінгі таңда қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сарыағаш ауданында
2025 жылы жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрайтын 5 ірі өндіріс орындары жобалары жүзеге асырылуда. 

-              «Сарыағаш құс» ЖШС құс фермасын кеңейту жобасы – 1,3 млрд. теңге,

-              «Барсат» ЖШС минералды су құю зауытын кеңейту және спорт кешені  - 500,0 млн.теңге;

-              «Bah_Asmar» ЖШС бір реттік қолданылатын пластик ыдыстар шығару цехы – 1,0 млрд теңге;

-              «Болашақ constraction grup» ЖШС жылыжай кешені, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау қоймасы – 3,0 млрд теңге;

-              «Альбарака 077» ЖШС өсімдік майын өндіру цехы құрылысы – 800,0 млн.теңге.

Сонымен қатар ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасы бекітіліп жобаларға сүйемелдеу жұмыстары жүргілуде.

18.             

Сарыағаш ауданында қоқыс өңдейтін зауыт салу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Усманов Сматулла.

Ауданда инвесторларды тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін цех салу мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

01.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

 

Ұсыныс енгізу

Аудан аумағыннан жеке инвестиция есебінен қоқысты сұрыптау және өңдеу кәсіпорнын ашу бойынша «ARTD GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүрігізіліп, бүгінгі таңда 2025-2026 жылдары жүзеге асырылатын өңірлік пул жобалар тізіміне енгізіліп, жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесінің құжаттары рәсімделуде. Жоба
2026 жылдың соңына дейін аяқталып іске қосылуы жоспарланып жатқаны жайлы сұрақ иесіне аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан жауап хаты жолданды.

19.             

Сарыағаш ауданында әлеуметтік  осал топтағы азаматтарға мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша қайтарымсыз грант беру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу.

30.04.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

Үміткердің мақұлданбаған бизнес жобалары жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру тәртібінің талаптарына сәйкес келсе, келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.

«Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының» 12-тармағында «Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар қаражатын мал шаруашылығы жобасымен мақұлданған азаматтарды грант қаражатын мақсатты жұмсауын зерделеу нәтижесінде біршама кемшіліктер анықталған болатын. Атап айтқанда, мал шаруашылығына бағытталған грант алған азаматтар арасынан грант қаражатын мақсатсыз пайдалану, жалған есептер тапсыру, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылмағандығы анықталған. Осы себепті, комиссия тарапынан бұл жобалар тиімсіз деп есептеліп жобаларға басымдықты төмендету ұсынылған. Алайда мал шаруашылығы бойынша барлық лектерде ұтымды деген жобалар комиссиясының мақұлдауымен қолдау табуда.

Сарыағаш ауданы бойынша
2024 жылы  жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша құрылған комиссия құрамының шешімімен 145 азамат грант қаражатымен қамтылған. Оның ішінде, 16 азамат мал шаруашылығы бағытында грант қаражатын алып, кәсіптерін дөңгелетуде.

2025 жылы гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері уәкілетті органның ресми                           интернет-ресурсында жарияланатыны жөнінде сұрақ қойған аудан тұрғынға аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 28.04.2025 жылғы
№1566 санды хаты жолданған.

 

Ауыз су мәселесі

20.             

Самал мөлтек ауданындағы кестемен берілетін ауыз су мәселесін шешу туралы.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара м/а тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Самал мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына қажетті қаржыны толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беру.

 

01.11.2026 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат толық бөлінуіне қарай)

Орындалуда, мерзімі бар

 

Сарыағаш қаласы, Самал-3 шағын ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен 500,00 млн.тг қаржы қаралып, ҚМЖ жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС. Нысан құрылысы 2026 жылға өтпелі. Бүгінгі күнге, құрылыс материалдарын түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

21.             

Шымырбай ауылында орналасқан мектеп жанындағы су шықпай қалған су ұңғымасын қайта іске қосу мәселесі.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

№41 А.Асанов жалпы орта мектебінің жанындағы  ұнғыманы қайта ретке келтіру.

30.06.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

«Тұран су» МКК

 

 Сарыағаш ауданының әкімдігі

Қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылдау

Орындалуда, мерзімі бар, мерзімінде орындалмау қаупі бар

 

Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Тұран су» МКК мекемесі тарапынан мектеп аумағындағы ауыз су ұңғымасын қайта бұрғылап тазарту жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін іске асырылады.

Сонымен қоса, Шымырбай елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бөлім тапсырысымен демеушілік есебінен «DanAi Group» ЖШС жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 28.03.2025 жылы №IMKE-0012/25 санды сараптама оң қорытындысы алынды. Жалпы құны - 504,909 млн.тг. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттамасы жинақталуда және алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Тұрғын үй саласы

22.             

Сарыағаш қаласы Бәйтерек көшесіндегі көпқабатты пәтерді жекешелендіру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Юсупова Гүлмира.

Бәйтерек көшесінде орналасқан  коммуналдық тұрғын үйлерді жекешелендіру талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш иесіне жазбаша жауап беру.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың төрағалығымен, «Сарыағаш қызмет» КММ-нің директоры М.Кукубаев және ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің мамандары  тарапынан «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысын 2025 жылдың
11 сәуірінде сағат 16:00-де  Бәйтерек көшесінде орналасқан коммуналдық тұрғын үйлердің тұрғындарына жиналыс ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1403 санды шығыс хатпен жауап жолданған. Хаттама, фотосы қосымша тіркеледі.

23.             

Сарыағаш қаласы Ш.Қалдаяқов гүлзарында орналасқан «Титаник» деп аталып кеткен жатақханадағы пәтерлерін жекешелендіру, ремонт жасау мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғындары Құдайбергенова Айгүл, Мамытов Берікбай.

 

Коммуналдық меншіктегі жатақханадағы тұрғын жайларды жекешелендіру талаптары және үйге жөндеуден өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш иелеріне жазбаша жауап беру.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың төрағалығымен  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысын 2025 жылдың
14 сәуірінде Шәмші гүлзарында орналасқан жатақхана тұрғындарымен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысқан тұрғындарға,  аудан әкімінің орынбасары М.Баигабулов тарапынан  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сұрақ қойған аудан тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1402 санды хатпен жауап жолданған. Хаттама, фотосы қоса тіркеледі.

24.             

Сарыағаш қаласындағы коммуналдық тұрғын үй берілуінің заңдылығына және тұрғын үй алған азаматтардың үйде тұруы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу туралы.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып (өтініш иесінің қатысуымен), зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, үй егелеріне қатысты заң аясында тиісті шараларды қабылдау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Түркістан облысының Энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың үй кезегімен коммуналдық тұрғын үймен қамтылған азаматтардың пәтерлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында, басқарма басшысының №24 н/б бұйрығымен жұмысшы топ құрылған.

Басқарма тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелерімен және өзіңіздің қатысуыңызбен
2025 жылдың 28-30 сәуір күндері аралығында, Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесінде орналасқан 14-көпқабатты тұрғын үйлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында, тұрғын үй қорынан үлестірілген пәтерлерде белгілі себептермен өз пәтерлерінде болмаған 160 пәтер иелеріне 14 акт түзіліп, «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарпынан ескертулер беріліп, сотқа мәжбүрлі түрде босату бойынша талап арыз берілді.

Сонымен қатар,
48 коммуналдық пәтер иелерінің төлемдерді уақытылы төлемегені анықталып, бүгінгі таңда, «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарпынан қаржыны өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде сұрақ қойған аудан тұрғынана аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 20.05.2025 жылғы №1832 жауап хаты жолданды.

25.             

Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданы Алатау көшесіндегі екі қабатты (20 пәтерлі) тұрғын үйдің ауыз су, табиғи газ және электрмен қамту мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Сарыағаш қаласындағы ауыз су құрылысы аяқталғанға дейін, уақытша ауыз сумен қамту жолдарын қарастыру және табиғи газ, электр қуатына қосылу бойынша түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу.

30.05.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС (келісімі бойынша)

 

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндіріс филиалы (келісімі бойынша)

 

«Нұра топтық су құбыры» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы (келісімі бойынша)

Түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

1. Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданы Алатау көшесіндегі екі қабатты (20 пәтерлі) тұрғын үй сапалы электр желісімен «Сарыағаш Қызмет» МКК теңгеріміндегі дербес шоты арқылы электр жарығымен қамтылған.

2. Сондай-ақ, табиғи газбен қамту мақсатында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ мекемесіне атқарушы техникалық құжаттамалары өткізіліп, АТҚ (ИТД) рәсімделген және абоненттер тарапынан құжаттарын рәсімдеп, дербес шот ашу күтілуде. Инженерлік техникалық құжаттамасы әзірленуде. Шкафтық реттеу пункті (ШПР) әзірленуде. Табиғи газ құбырлары тұтынушыларға жеткізілген. Тұрғындарға дербес шот ашылу үрдісі бастау алуда.

3. Бүгінгі күнге, орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылмағандықтан уақытша ауыз су сақтау ыдыстары орнатылған. Сарыағаш қаласы, Самал-3 шағын ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен 500,00 млн.тг қаржы қаралып, ҚМЖ жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС. Нысан құрылысы 2026 жылға өтпелі. Нысан құрылысы толық аяқталғаннан кейін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.

26.             

Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесіндегі берілген үйден бір баласы бар азаматша Қ.Қарымсақоваға заң талаптары сақталмай 3 бөлмелі үй берілгендігін және кезектің жылжымауын тексеру жөнінде.

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып (өтініш иесін қатыстырып), зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, заң аясында тиісті шараларды қабылдау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Түркістан облысының Энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың үй кезегімен коммуналдық тұрғын үймен қамтылған азаматтардың пәтерлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында, басқарма басшысының №24 н/б бұйрығымен жұмысшы топ құрылған.

Басқарма тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелерімен 30.04.2025 жылы Қ.Қарымсақованың алған үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Азаматша Каримсакова Карлыгаш Ергешовнаға Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы
№1005 санды қаулысымен, Сарыағаш қаласы, «Самал-1» шағын ауданы М.Мамедалиева көшесі №38 коммуналдық арендалық тұрғын үйдің 2 бөлмесі  пайдалануға берілген. 2008-2023 жылдары аралығында К.Каримсакова тарапынан, екі бөлмелі пәтерді  4 бөлмелі етіп,  өз қаржысы есебінен қосымша құрылысын жүргізген.

Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясы, аталған шығынды және К.Каримсакованың ерекше ауруын ескере отырып, Сарыағаш қаласы, №3 көшесі №13 көп қабатты арендалық үйдің, 3 бөлмеден тұратын №16 пәтерді беру туралы шешім қабылдағандығы жөнінде сұрақ қойған аудан тұрғынана аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 20.05.2025 жылғы №1832 жауап хаты жолданды.

27.             

Ақжар ауылдық округі Бағыс елді мекеніндегі 2015 жылы  апатты деп танылған үйіне мемлекеттен өтемақы өндіру немесе орнына үй беру мәселесі туралы.

 

Қазығұрт ауданы, Сырлысай елді мекенінің тұрғыны Молдағалиев Бақдаулет.

Заң талаптарына сәйкес мәселесін қарап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

15.04.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекені, Алматы көшесі, №36 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғылықты үйі авариялық деп танылғандықтан, Сарыағаш ауданы әкімдігінің 25.05.2017 жылғы №187 қаулысына сәйкес тұрғын үй қорынан Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, №125А, №12 пәтері берілген. Аталған пәтерді азаматша Буриева Жақсыгул Айдарқызына жалға беруіне байланысты, «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан. келісім шартқа сәйкес пәтерде, пәтер иесі тұруға міндетті екендігі туралы бірнеше рет ескертілген (17.05.2023 жылғы №154 және 22.05.2023 жылғы №158 шығыс хаттары). 

Алайда, жасалған ескертулерді назарға алмағандықтан Сарыағаш аудандық сотына 06.06.2023 жылы №165 талап арыз жолданып, 12.06.2023 жылғы №5154-23-00-2/952 ұйғарымына сәйкес, Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, №125А үй, №12 пәтерді 2023 жылы 12 маусымында өз еркімен босатқан.

Заңды некедегі жұбайы Соббекова Улмекен Тангировнаның атына Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округі, Сырлысай елді мекені, Көктем көшесі, №21 тұрғын үй тіркелгендігі анықталған (кадастрлық нөмері №19-289-131-051). Бағыс елді мекені, Алматы көшесі, №36 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйі жеке меншік болуына байланысты, мемлекеттік бюджет есебінен қаржы бөлу мүмкіншілігі жоқ екендігі туралы жазбаша Аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы
№1419 санды хаты жолданған.

Жер қатынастары саласы

28.             

Сарыағаш қаласы Самал-3 мөлтек ауданы Саудакент көшесіндегі  2016 жылы құжатсыз салынған тұрғын үйінің құжатын заңдастыру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Шермаханбетова Канчай.

Өтініш иесінің тұрғын үйінің құжаттандыру мәселесін арнайы құрылған жұмысшы топпен зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, нәтижесі бойынша ақпарат енгізу.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы аумағында, заңсыз тұрған тұрғын үйлерді және олар орналасқан жер учаскелерін рәсімдеу бойынша, қадамдық жоспары бекітілген. Қадамдық жоспарына сәйкес, өтініші мен тиісті құжаттары ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолданған.

Ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовтың, 30.09.2024 жылғы №2669 санды хатына сәйкес, “ «Google Планета Земля» электрондық сайтында
2020 жылдың 1 қаңтарына дейін құрылысы аяқталмағандығы көрсетілген. Осыған байланысты, жоғарыда аталған жайттар бойынша тұрғын үйлерді заңдастыруға жатпайтындығы бойынша түсіндіріліп, құжаттары кері қайтарылған.

Аудан әкімінің орынбасары М.Баигабулотың атынан 16.04.2025 жылғы №1441 хаты жолданған.

29.             

Сарыағаш қаласының орталық ауруханасының алдындағы жерлерді жеке меншікке сатып жіберген. Жерді коммуналдық меншікке өткізіп, аллея ашу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Исламов Берік.

 

Заң талаптарына сәйкес жер учаскесінің 2007 жылғы жекешелендіруге беру заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңсыз берілген жағдайда, мемлекет меншігіне алу мүмкіндігін қарастыру. Нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу.

30.06.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті (келісімі бойынша)

Ұсыныс енгізу

Сарыағаш қаласының орталық ауруханасының алдындағы жерге (кад №19-306-011-684) жер қатынастары бөлімі тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес шара көру мақсатында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 23.05.2025 жылғы №1250 санды хаты жолданды.

 

30.             

1992 жылы 49 жылға берілген
10 га сурамалы жерді, көрші немере ағам 1999 жылы жалған құжат дайындап жерді иеленіп алған. Осы 10 га жердің мәселесін шешіп беру туралы.

 

Ордабасы ауданы, Мақташы елді мекенінің тұрғыны Өсербеков Сабыр.

Заң талаптарына сәйкес көтерілген мәселені толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру.

01.05.2025 ж

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Ордабасы ауданының әкімдігі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Ордабасы ауданы, Бөген ауылдық әкімшілік басшысының
15 қыркүйек 1992 жылғы № 233 санды шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімінің 04.05.1999 жылғы № 272 санды шешімімен «Жамбыл» атты шаруа шаруашылығының 1999 жылғы
13-ші қаңтардағы жалпы жиналысының қаулысына сәйкес Орынбасаров Әскербекке 10 га жер телімі тұрақты пайдалануға бөлініп беріліп, осы шешімнің негізінде кадастрлық №19-293-015-184 санды мемлекеттік сәйкестендіру актісін алған. Әрі қарай, 19.07.2021 жылғы №1332 санды мұраға құқық беру туралы куәлік негізінде Орынбасарова Роза Сыздықовнаға меншік құқығы пайда болған. Сонымен қатар, аталған жер учаскесін Қазақстан Республикасының жер кодексінің 33- бабына сәйкес, нотариус арқылы Орынбасарова Роза Сыздыковна 11.04.2023 жылғы
№ 407 санды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын сату-сатып алу шартымен азамат Болат Батырхан Шалданұлына жалға алу құқығымен меншігіне өткен. Сонымен қатар, жеке тұлғалар арасында жасалынған сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот органдарына талап арызбен жүгіну арқылы түпкілікті шешілетіндігіне назар аудару қажеттігі хабарланған.

Білім саласы

31.             

Сарыағаш ауданындағы
№66 Толыбай батыр,
№6 Ж.Аймауытов атындағы және №5 С.Ысмайлов атындағы мектептерге қатысты қаржылардың тиімсіз игерілуі мәселесі.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Мектептерге жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды мен кемшіліктерді ретке келтіру бойынша облыс әкімі аппаратымен берілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету.

01.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

Облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі

Ақпарат енгізу

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 11.03.2025 жылғы №04-20/604 санды хатына сәйкес, «Сарығаш ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жоспарлы аудиторлық іс-шара жұмыстарын жүргізілетінін хабарлаған.

Аталған жоспарлы аудиторлық іс-шара барысында №5 Ысмайылов атындағы жалпы білім беретін мектебін, №6 Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебін, №66 Толыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектептеріндегі қаржының тиімсіз игеру мәселесі қамтылады. Бұл туралы сұрақ қойған аудан тұрғынына ауданның білім бөлімі басшысы м.у.а А.Таңгатаровтың атынан 25.04.2025 жылғы №1128 санды жауап хаты жолданған.

Ауыл шаруашылығы саласы

32.             

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі Р15 каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

 

Ақжар елді мекенінің тұрғыны Жүсіпов Тұрғанбек.

Ақжар елді мекеніндегі Р15 каналына қажетті қаржыны толық бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

01.08.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

«ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

 

Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Р-15 каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы   сметалық құны 626,2 млн.тг.  Жобаны іске асыруға қаражат бөлу үшін Министрлік 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім енгізетін болады.

33.             

Жылға ауылдық округі аумағындағы жайылымды ұлғайту мәселесі.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

Жылға ауылдық округіндегі жайылым жерін ұлғайту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

01.07.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті (келісімі бойынша)

 

 

Ұсыныс енгізу

Жер телімдерін пайданылмай немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтару үшін зерделеу жұмыстары жүргізіліп  Жылға ауылдық округінің жайылым жерің кеңейту мақсатында жылға ауылдық округінде мақсатына сай пайдаланбай жатқан 6 (алты)  жер иеленуші анықталып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 20.03.2025 жылы № 712 және 20.05.2025 жылы № 1259 хаттарымен жер учаскесін қайтарып тиісті шаралар қабылдауға  жолданған.

 

Табиғи газ саласы

34.             

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі жаңадан қосылған көшелерге газ тарту мәселесі.

 

Ақжар елді мекенінің тұрғыны Жүсіпов Тұрғанбек.

Ақжар елді мекеніндегі жаңадан қосылған
21 көшеге (300 абонент) газ тарту жұмыстарын жүргізу үшін, сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп пайдалануға беру.

30.11.2026 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

 

 

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ және «АлатауПроектИнжиниринг» ЖШС арасында меморандум шарты түзіліп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін алу жоспарлануда.

Мәдениет саласы

35.             

Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекеніне мәдениет үйін салу туралы.

 

Шеңгелді елді мекенінің тұрғыны Өмірбаев Мырзабек.

Шенгелді елді мекенінен мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржыны толық бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

30.10.2026 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 

Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен  «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі,  Шеңгелді елді   мекенінен   75   орындық   ауылдық   клуб   пен   кітапхана»  құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып,   №DRMIN-0833/23     сараптама қорытынды  31.12.2023 жылы рәсімделген. Сметалық құны - 291,248 млн. теңге. Жобалаушы мекеме: «MAKcor» ЖШС.             2025 жылы  аталған нысан құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.  Бүгінгі күнге жер жұмыстары жүргізілуде.

36.            +

Құркелес  ауылдық округі, Ақ үй елді мекенінде мәдениет үйін салу мәселесі.

 

Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Жарқынбеков Үсен.

Ақ үй елді мекенінен мәдениет үйін салу үшін,  сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға беру.

30.10.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

«Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі,  Ақ үй елді   мекенінен    мәдениет үй»  құрылысына бастапқы құқық белгілейтін құжаттар рәсімделуде.  Бүгінгі күнге жер учаскесі бөлініп, оған жер таңдау анықтау актісі рәсімделді.   Ары қарай жер учаскеге жергілікті атқарушы органның  шешімі шығарылады.

 

Өзге мәселелер

37.             

Сарыағаш қаласындағы А15 республикалық маңызы бар жолдан Телемұнара шағын ауданына баратын негізгі жолдың қиылысына бағдаршам орнату мәселесі.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданының тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Республикалық маңызы бар А15 «Жизақ-Гагарин- Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек Жолы» автожолының бұрылысына бағдаршам орнату мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

01.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)

           

Түркістан облысының полиция департаменті

(келісімі бойынша)

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы

 

 

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Ұсыныс енгізу

Республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек-Жолы» авто жолы мен Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданы қиылысына (Arai Hall мейрамханасы аумағы) бағдаршам орнату мүмкіншілігі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалына ұсыныс хаты жолданып, Сарыағаш қаласы әкімдігінің мамандары мен Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері бірлесіп зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, жоғарыда аталған
А-15 тас жолы республикалық маңызы бар жолдар санатына жатады. Сол себепті мәселеңізде аталған қиылыстан шығыс бағытқа қарай 200-300 метр шамасындағы қашықтықта жылдамдық өлшегіш бейнекамера орнатылса, батыс бағытқа қарай 300-400 метр шамасындағы қашықтықта Сарыағаш қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі қиылысында бағдаршам мен жаяу жүргіншілер жолағы орналасқан.

Зерделей келе, мәселеңізде көрсетілген аумаққа бағдаршам орнатылса, көлік құралдарының қозғалысы қиындап, соның салдарынан кептеліс көбейіп кету мүмкін.

Жоғарылардың негізінде және Сарыағаш АПБ-ның 25.04.2025 жылғы қортынды хатына сәйкес,
А-15 тас жолы мен Телемұнара шағын ауданы қиылысына бағдаршам орнатудың қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 25.04.2025 жылы №1557 санды хатымен жауап берілді.

38.             

Сарыағаш аудандық полиция басқармасы болып құрылды, алайда 50-ге жуық штат бірлігі жетіспеуіне байланысты, штат санын көбейту мәселесі.

 

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

 

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының штат санын облыстық полиция департаментінің бос штат орындары есебінен ұлғайту мүмкіндігін қарау.

20.04.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Түркістан облысының полиция департаменті (келісімі бойынша)

 

Ұсыныс енгізу

Сарыағаш ауданы полиция басқармасы тарапынан штат мәселесі жөнінде Түркістан облысының полиция департаменті бастығы М.Кабденовке 15.04.2025 жылғы №30-1-111/2505-4 санды ұсыныс хаты жолданған.

        Нәтижесінде 5 штаттық бірлік берілген.

 

39.             

Сарыағаш қаласында орналасқан «Аңсаған» балабақшасындағы баланы ұрып-соғу оқиғасы бойынша тергеу шараларының дұрыс жүргізілмей жатқандығы туралы.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Бекбосынова Гүлмира.

 

Тергеу шараларын заң талаптарына сәйкес мерзімдерінде жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, ақпарат енгізу.

 

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Түркістан облысының полиция департаменті

(келісімі бойынша)

Заң аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу

03.03.2025ж. Сарыағаш АПБ-на Сарыағаш қаласы, Ш.Гүлзарі көшесі 3 жатақхана №45 пәтер тұрғыны 1992 ж.т. Бекбусинова Гульмира Оринбасаровна арызданған. Ол арызында 27.02.2025 жылы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі бойында орналасқан «Аңсаған» балабақшасына баратын ұлы жасөспірім 11.06.2020 ж.т. Алпысбай Рахымжан Мұратұлын, балабақша тәрбиешісі Жарты төбе ауылдық округі Төңкеріс ауылы Адембаев көшесі №24 үй тұрғыны 1978 ж.т. Ибрагимова Сарсенкул Кенесаровна жұлқылап ұрып-соққанын көрсеткен.

03.03.2025ж. аталған дерек бойынша Сарыағаш АПБ СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігімен №255154031000172 санды қылмыстық іс тіркелген.

11.03.2025ж. №45 санды сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, денесінде дене жарақат анықталмаған.

Тергеу барысында жәбірленушінің заңды өкілі Г.Бекбусинова, 11.03.2025ж. №45 санды сот-медициналық сараптама қорытындысымен танысып, алайда сараптама тұжырыммен келіспейтінін, Шымкент қаласына қосымша сот-медициналық сараптамасын тағайындау қажет екенін көрсетіп, өтінішхат түсірген.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізулуде.

АПБ бастығы Е.Бейсебаевтың атынан 15.04.2025 жылы №27-1-105/2528-4  хаты жолданған.

40.             

Сарыағаш қаласына қарасты  қоқыс полигонындағы қоқыстарды жиі өртеу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Исламов Берік.

Заң талаптарына сәйкес «SMB Group» ЖШС тарапынан полигонды ретке келтіріп, қоқыстарды өртемеу туралы ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

20.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық экология департаменті

(келісімі бойынша)

 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сарыағаш қаласы аумағындағы жалпы алаңы 9,0 га жер учаскесінде орналасқан күл-қоқыстарды тастайтын орынға (бұдан әрі – полигон) Сарыағаш қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің хаттамасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасын іске асыру туралы «SMB Group» ЖШС-мен 31.01.2025 жылғы №1 меморандум түзілген.

Бүгінгі күнде, «SMB Group» ЖШС тарапынан полигонды ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. 18.03.2025 жылы күннің ысуына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтар арасынан шыны қалдықтары қызу салдарынан өрт шыққан. «SMB Group» ЖШС тарапынан арнайы техникалар жұмылдырып жерді қазып өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, полигон аумағы қатаң бақылауда.

 Сонымен қатар, «SMB Group» ЖШС мекемесінің басшысына ескерту беріліп, алдағы уақытта полигон аумағы өртенген жағдайда, айыппұл салынатындығы туралы түсіндіріліп, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратымен түзілген меморандум заңға сәйкес бұзылатыны туралы ескертілді.

Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1413 санды жауап хаты жолданған.

41.             

Облыс әкімінің аппаратына қарасты ішкі аудит қызметі бөлімінде 3 қызметкер бар. 3 мектепті тексеру үшін 2 айға жуық уақыт кетіп 75 млн.тг тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Облыстағы тиімсіз игерілген қаржыларды анықтау, оған қылмыстық істі қозғау және тиісті шараларды көру үшін қорытынды беретін осы бөлімнің қызметкерлерінің санын көбейту мүмкіндігін қарау туралы.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Облыс әкімінің аппаратына қарасты ішкі аудит қызметі бөлімінің штат санын ұлғайту мүмкіндігін қарау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің аппараты

 

 

Ұсыныс енгізу

2023 - 2025 жылдары жүргізілген аудит объектілерінің санына, аудит жүргізу мерзімінің жоспарлануына, аудитпен қамтылатын қаржының көлеміне, жұмыс жүктемесіне талдау жүргізілді.

Нәтижесінде, Бөлім тарапынан жылдық жоспар түзу барысында:

- бақылау объектісін  таңдауда нақты критерий бекітілмейтіні,

- тексеру жүргізу мерзімі көрсетілмейтіні, соның есебінен кез-келген мерзімде тексеру тағайындалатыны,

- тексеруге қанша маман тартылатыны, қай маман қай объектіге баруы туралы жоспар жасалмайтыны анықталды. 

Мысалы: 2023 жылы - 9, объектіге аудит жүргізу айқындалған,

I-тоқсанда 1 объектіге тексеру жүргізілсе, II тоқсанда – 2, оның ішінде

1-уі IІІ тоқсанға өтпелі, ІІI тоқсанда 3, ІY тоқсанда – 3 жоспарланған (тізбе қоса тіркеледі).

Осы мағыналас жағдай 2024 жылы тексеру жүргізілетін  9 объекті бойынша да орын алған.

Ал, 2025 жылы 7 объекті қаралса, І тоқсан аяқталғанына қарамастан бірде бір объектіге тексеру жүргізілмеген.

Бөлімнің 3 қызметкерімен 2025 жылы 7 объектіні, яғни

1 маманға 1 объектіні тексеру 2 ай деп жоспарланған.

Атап өту қажет, Бөлімге 2024 жылы 334 хат орындауға түскен.

3 маманға әр сайынға бөлгенде 9 хат орындалса (334:12:3=9), 10 арыз ғана түскен.

Яғни, Бөлімнің құжат айналымы бойынша жүктемесінің көп еместігін байқалады. 

Жоғарыдағылардың негізінде, Бөлім басшысы тарапынан объектілерді тексеру дұрыс ұйымдастырылып жоспарлаған жағдайда, құжат айналымы жүктемесінің көп болмауы себебінен 4 штат шегінде жұмысын атқаруға мүмкіндік бар және қосымша штат беруге негіз жоқ деп санаймын.

42.             

Сарыағаш аудандық білім бөлімі тарапынан Omarket.kz электронды жүйесі арқылы компьютер тауарларын бөлшектеу арқылы сатып алуда.

Осындай білім саласындағы заң бұзушылықты тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселесі.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Білім саласында Omarket.kz электронды дүкені арқылы мемлекеттік сатып алу шараларын заң аясында жүргізу немесе заңнама талаптарын бұзушылықты тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдау.

01.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Облыстық білім басқармасы

 

 

Заң аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу

Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан мемлекеттік сатып алуларға күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг жүргізу нәтижесінде 2025 жылдың 4 ай қорытындысымен білім саласында «О-маркет» арқылы жалпы сомасы 328,7 млн.теңгеге негізсіз 39 келісім-шарт түзілгендігі анықталды. Заңсыз түзілген келісім шарттарды заң талаптарына сәйкестендіру және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды.

      Сонымен қатар, Басқарма 23.10.2024 ж №36/11408 хатымен   ҚР Қаржы министрлігіне Заңының 38-1 бабы 3 тармағына  Электрондық дүкен (О-маркет) тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін 4000 АЕК-тен аспайтындай бөлшектеуге жол бермеу талабын қосу және «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  ҚР  Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығының Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне 37 тармақты қосу және жылдық көлемі 4000 АЕК-тен асатын біртекті тауарларды бірнеше бөліктерге бөлшектеу арқылы электрондық дүкенмен (О-маркет) сатып алуды жол бермеу бойынша ұсыныс жолданды.

      Алдағы уақытта, мониторинг жұммыстары ұдайы жүргізіліп, қатаң бақылауда болады.

 

Дата публикации
05 июля 2025