|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
|
Жер мәселесі |
||||
|
1. |
Қазіргі таңда аудан бойынша ауылдық жерлерде мал басының өсуіне байланысты жайылым жерлер тапшы болуда. Жайылымдарды қайтару бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Киелітас елді мекенінің тұрғыны Туреханов Ақылбек
|
Ағымдағы жылы жоспарланған жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
|
30.10.2025 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі
Облыстық жер қатынастары басқармасы
|
Төлеби ауданы бойынша жайылым жер көлемі 70 257 гектарды құрайды. Аудандағы төрт түлік малдың есебіне сәйкес жайылымға деген қажеттілік 500 мың гектардан асып кетті. Мәселені шешу мақсатында 2021-2024 жылдар аралығында (2021 ж 8,7 мың га, 2022 ж 8,5 мың га, 2023 ж 9,0 мың га, 2024 ж 1,6 мың га) 27,8 мың гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылып, тиісті ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына ортақ жайылым жер ретінде бекітіліп берілді. 2025 жылға 3,0 мың га жайылым жерлерді қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда 402,28 га қайтарылды. |
|
Ауыз су мәселесі |
|||||
|
2 |
Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбырлары кеңес үкіметі кезінде салынған болатын, әбден тозығы жетіп, ауыз судың берілу жағдайы нашарлап кеткен. 2023 жылы ауылымызға жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіле бастағанында ел болып қуанған болатынбыз. Алайда, екі жылдың жүзі болды жұмыстар тоқтап қалды. Осы жұмыстар қашан аяқталып, ауыз суға қол жеткізе аламыз.
Диханкөл елді мекенінің тұрғыны Рыспаев Саян
|
Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етсін.
|
01.07.2025 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының құны 641,0 млн теңгені құрайды. 2023 жылы РБ есебінен басталған құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. (2023 ж- 242 млн.тг, 2024 ж -335 млн.тг бөлініп игерілген, 2025 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтауға 64,0 млн.тг қаралған). Жоба аясында 30,6 шақырым құбырлар тартылып, жұмыстар 90 пайызға орындалған. Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін 2985 халық, 750 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Келісім шартқа сәйкес 2025 жылы 30 шілдеге дейін аяқталып, қабылданатын болады.
|
|
3 |
Ленгір қаласындағы ауыз су жауын-шашынды күндері лайланып кетеді. Ауыз су сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жасалуда.
Ленгір қаласының тұрғыны Мехлик Лидия |
Леңгір қаласының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жұмысшы тобын құрып, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныс енгізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Ленгір қаласында жалпы 29700 халық, 8100 жуық абонент бар. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімі Н.Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, Ленгір қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылды. 2025 жылғы 29 сәуірде жұмысшы топ “Сайрам-Өгем” мемлекеттік табиғи паркінің аумағында орналасқан “Ақмешіт” бұлағына барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша, “Ақмешіт” бұлағы Ленгір қаласының ауыз су көзi ретінде қолайлы деп танылды. Осыған орай, бұлақты негізгі су көзі ретінде бекіту жөнінде ұсыныс облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданып, тиісті хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан су құбырын тартуға меморандум негізінде ЖСҚ әзірлеу жұмыстары атқарылуда.
|
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||
|
4 |
Бидай, арпа, мақсары өсірумен айналысудамын. Соңғы екі жылдан бері мақсарыға берілетін субсидияға қаржы қаралмай отыр, осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын?
Мәдени елді мекенінің тұрғыны Әліппай Нұрдаулет
|
Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес, мақсары өніміне субсидия төленетіні туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
|
10.04.2025 |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Төлеби ауданының Әкімдігі
|
Облыс әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес шаруаларды қолдау бағытында 01-04 сәуір аралығында ауылдық округтерде агроқұрылым өкілдерімен жиналыстар өткізіліп, мақсары өнімінің тоннасына 10 мың теңге субсидия төленетіні бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
|
Автомобиль жолдары саласы |
|||||
|
5 |
Көп жылдан бері проблема болып келген Қостөбе көпірі былтыр пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде. Алайда, сол көпір арқылы Қаратөбе-Қостөбе елді мекендерінің жалғайтын аудандық маңызы бар жол биылғы жылы жөндеуден өктізілеме?
Қаратөбе елді мекенінің тұрғыны Жумабеков Уәли |
Аудандық маңызы бар Қаратөбе – Қостөбе бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
|
30.07.2025 ж.
|
Төлеби ауданының Әкімдігі
|
«Қаратөбе - Қостөбе» КХТЛ-32 аудандық маңызы бар, ұзындығы 2,1 шқ жолды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына 2025 жылға аудандық бюджет есебінен 96,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме компания «СК Құрылыс-Инжиниринг» ЖШС қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. |
|
Мәдениет саласы |
|||||
|
6 |
Бүгінде аудандағы жалғыз мұражай арнайы ғимараттың болмауына байланысты жалдамалы ғимараттарда жұмыс жасауда. Ондағы құндылықтар мен жәдігерлерді сақтау мақсатында жаңа мұражай ғимаратының құжаты дайындалғаны туралы хабардармыз. Осы мұражай құрылысының қаржысын қарастыруға ықпал етсеңіз?
Ленгір қаласының тұрғыны Мырзалы Ғалымжан |
Леңгер қаласында Төлеби баба мұражайының құрылысын жүргізсін. |
01.09.2026.ж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Ленгір қаласында Төлеби баба мұражайының құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылғы 27 маусымда №19-0276/24 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыстың жалпы сметалық құны 472,515 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші "Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ. Бас жобалаушы - "Сартөбе" ЖШС. 2025 жылға облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарының басталуына 50,0 млн теңге бөлінді. Жеңімпаз болып "Vek Story Com" ЖШС танылды. Қазіргі таңда жер қазып, бетон құю жұмыстары жүргізілуде.
|
|
7 |
Көксәйек елді мекеніндегі балалар кітапханасының ғимараты тозығы жетіп құлағандықтан, кітапхана «Жеңіс» мәдениет үйінің ғимаратына көшірілген. Орнына жаңа кітапхана ғимаратын салып берілсе. Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Мәмбетқұлов Сыдық |
Балалар кітапханасын салу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық мәдениет басқармасы
Төлеби ауданының Әкімдігі
|
Төлеби ауданы Көксайек ауылындағы балалар кітапханасы 1960 жылы оқырман балаларды кітаптармен қамтамасыз ету мақсатында ашылды. 2000 жылға дейін кітапхана аудандық балалар кітапханасының функцияларын орындап, ауданның басқа кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. 2000 жылы мекеме аудандық кітапхананың филиалы ретінде Көксайек ауылдық балалар кітапханасы болып қайта құрылды. 2015 жылы апатты жағдайға және кітапхана ғимаратының шатырының құлауына байланысты ол "Жеңіс"мәдениет үйінің ғимаратына ауыстырылды. Қазіргі уақытта ауылдық балалар кітапханасы осы мәдениет үйінде 50 шаршы метр аумақта орналасқан. Сонымен қатар, бұл елді мекенде тағы екі мәдениет үйі және халыққа қызмет көрсететін екі ауылдық кітапхана жұмыс жасауда. Сондықтан балалар кітапханасын салу қажеттілігі жоқ. Е. Алтаевтың қызметтік хаты (2025 жылғы 13 мамырда №24-346-қ/қ). |
|
Жарық мәселесі |
|||||
|
8 |
Қазақстан ауылы Қ.Қошанбаев көшесі 118 үйде тұрамыз. Кешкі уақыттарда балаларымыздың қауіпсіздігі алаңдатуда, осыған орай, түнгі жарық шамдарын орнатуға ықпал жасасаңыз.
Қазақстан елді мекенінің тұрғыны Қопалов Абай |
Қазақстан елді мекені Қ.Қошанбаев көшесіне түнгі жарықшамдарын орнату бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
01.07.2025 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Қазақстан елді мекеніндегі 2,0 шақырымға жуық Қ.Қошанбаев көшесін жарықтандыруға аудан бюджетінен 4,3 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталатын болады.
|
|
9 |
Оңтүстік ауылындағы электр желілері тозығы жеткендіктен ауа райының желді, жаңбырлы, боранды күндері жарығымыз жиі сөніп, сағаттап электр қуатынсыз отыруға мәжбүр болудамыз. Осы тозығы жеткен электр желіліренің жаңаруына ықпал жасауыңызды сұранамыз.
Тасарық елді мекенінің тұрғыны Молдабеков Нұрхан |
Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ және Ақмола көшелеріне электр желіcін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
01.08.2025 ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі
|
Тасарық ауылдық округі, Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ және Ақмола көшелеріне 4,0 шақырым электр желіcін жүргізу үшін аудандық бюджеттен 500 мың теңге бөлінді. Жобалық құны 109 млн. теңге. Қазіргі таңда «QAZ STORY EVEREST» ЖШС мердігер мекемемен келісім шарт түзу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
Денсаулық сақтау саласы |
|||||
|
10 |
Қасқасу ФАП-та интернет желісінің жылдамдығы сапасы төмен.
Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Бексейтов Ерлан
|
7. Қасқасу елді мекенінде және ФАП-та интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі
Б.Төлешов |
Қасқасу елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратына (Қасқасу ДА), Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі мен «Digital Elements» ЖШС арасында түзілген 2025 жылғы 15 қаңтардағы келісім шартына сәйкес интернет желісіне қол жеткізу қызметі көрсетілуде. Қазіргі таңда, Қасқасу елді мекеніндегі ФАП-тың интернеті «Digital Elements» ЖШС-нің талшықты оптикалық желісімен қамтамасыз етіліп, жылдамдығының сапасы жоғарлатылды. |
|
11 |
Төлеби аудандық ауруханасында көптеген зейнеткерлер жұмыс жасауда, жастар жұмыссыз жүр
Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай |
Мәселені зерделеп, ұсыныс енгізсін. |
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
|
Төлеби аудандық ауруханасында жалпы 953 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде: - дәрігерлер-130, - орта буын қызметкерлер-529, - өзге буын қызметкерлер-146, - кіші буын қызметкерлер-148. Қазіргі таңда, ауруханада зейнет жасындағы 11 дәрігер мен 1 провизор жұмыс жасауда. Орта буын қызметкерлері арасында зейнет жасындағылар жұмыс жасамайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына хат жолданды. |
|
Әлеуметтік мәселесі |
|||||
|
12 |
№3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізуге қаржы қарастыру туралы
Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай
|
№3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізу бойынша қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізсін. |
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2025 жылға 666,3 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме «ВИБО-строй» ЖШС анықталған. Шілде айында жұмыстар басталатын болады.
|