|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Жер саласы |
|||||
|
1. |
1. Бадам ауыл округінің ортақ жайылым жер аумағын ұлғайту мәселесі
2. Бадам ауылы, Орда м/а жаңадан мектеп салу мәселесі
Бадам елді мекенінің тұрғыны Ғалымжан Шеңгелов.
|
Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қайтарып, ортақ жайылымға бекітуді қамтамасыз ету. |
01.12.2025 ж. |
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Облыстық жер ресуртарын басқару департаменті
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Бадам ауыл округінде ортақ жайылым 838 га құрайды. Бадам ауыл округі, Дербес ауылындағы «Бадам ӨК» пайдалануындағы 250 га жер телімі Ордабасы ауданы әкімдігінің 04.04.2025 жылғы №131 қаулысымен аудан қорына қайтарылды. Нәтижесінде, ауыл округ бойынша ортақ жайылымдық жер көлемі 1088 га құрады. |
|
Мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі арқылы мектеп құрылысын жүргізуді ұйымдастыру.
|
01.08.2026 ж. |
Облыстық білім басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
|
||
|
2. |
Қажымұқан ауылындағы үй іргелік жерді заңдастыру мәселесі.
Қажымұқан ауылының тұрғыны Кемелбекова Дина |
Үй іргелік жерін заңдастыру мәселесі бойынша зерделеу, нәтижесімен, өтініш иесіне жауап жолдау. |
18.04.2025 ж.
|
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Өтініш иесінің көрсеткен жер телімі Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік автожолының құрылысын жүргізу барысында мемлекеттік мұқтаждығы үшін екі тараптың келісімі негізінде 2011 жылы келісімшарт жасалып, тұрғын үй мен жер телімін қоса бағалау құнымен сатылып алынған. Бүгінгі таңда, аталған жер теліміне Қажымұхан ауыл округі әкімінің 27.09.2024 жылғы №144 санды шешімімен «Балалар ойын алаңшасы және аллея құрылысы үшін» Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беріліп, кадастрлық №19-293-070-1116 санды мемлекеттік сәйкестендіру актісін алған. Сол себепті, аталған жер учаскесі бүгінгі таңда бос емес болғандықтан, жер телімін өтініш есіне рәсімдеп беру мүмкіндігі болмауда (хатпен жауап беріліп, түсіндірілді).
|
|
Ауыз су саласы |
|||||
|
3. |
Жұлдыз ауылына жаңадан ауыз су жүйесін жүргізу мәселесі.
Жұлдыз ауылының тұрғыны Бектеміров Белгібай |
Жұлдыз ауылынан ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру.
|
01.10.2025 ж.
|
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Қараспан ауыл округіндегі 3 елді мекенді (Жұлдыз, Ынтымақ, Мәдениет) ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы (құны 669,3 млн. тенге) әзірленіп, 2025 жылға қаржысы толық қаралды. Құрылыс жұмыстары басталды, қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.
|
|
Қоғамдық көлік мәселесі |
|||||
|
4. |
Аудандағы қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі.
Темірлан ауылының тұрғыны Дүйсен Мүбарак. |
Аудандағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстарын жүргізу. |
15.06.2025 ж |
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Аудан көлемінде жалпы 29 елді мекенде 13 қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың мамыр айында тасымалдаушы мекеме аудан әкімдігінің қолдауымен, арнайы жобаларды пайдаланып мемлекеттік кредиттер арқылы 13 жаңа қоғамдық көлік жаңартылды.
|
|
Спорт саласы |
|||||
|
5. |
Ынталы ауылы, Қ.Бектаев ат. мектеп интернаты жанынан спорт алаңшасын салу мәселесі.
Спорт саласының ардагері Бейсен Айнабек. |
Ынталы ауылы, Қ.Бектаев ат. мектеп интернаты жанынан спорт алаңшасын салып, пайдалануға беру.
|
01.09.2025 ж. |
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Ағымдағы жылы Ынталы ауылынан құны 90 млн. теңге болатын заманауи үлгідегі жабық спорт алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарланды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Шілде айында жеңімпаз мердігер мекемемен келісімшарт түзіліп, күз айларында пайдалануға беру жоспарлануда.
|
|
Электр жүйесі саласы |
|||||
|
6. |
Қайнар ауылындағы электр жүйелерін жаңарту мәселесі.
Бөржар ауыл округінің «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Ережепов Данай |
Қайнар ауылындағы электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу. |
01.10.2025 ж.
|
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС (келісім бойынша)
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Ұлттық жобасы аясында Қайнар ауылының 5 көшесінің (Әнтеев, С.Жақайқызы, Самал-2, Төле би, Қажымұхан) 5,8 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен бағаналары және 2 трансформаторы 2025 жылдың қазан айына дейін жаңартылатын болады.
|
|
Ауыл шаруашылық саласы |
|||||
|
7. |
1. Ағын су пайдаланғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидия қаржысын мерзімінде алу мәселесі.
2. Тамшылатып суару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі.
Төрткүл ауылының тұрғыны, «Рамазан Агро» ЖШС-нің төрағасы |
Ағын су пайдаланғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидия қаржысын мерзімінде төлеуді қамтамасыз ету. |
01.09.2025 ж
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы |
|
|
Тамшылатып суару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі туралы шаруаларға түсіндіру. |
04.05.2025 ж |
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Тамшылатып суғару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету жөнінде ауыл округтеріндегі су үнемдеу технологиясымен айналысуға ниет білдірген шаруа қожалық иелеріне 10.04.2025 жылы жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. |
||
|
8. |
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие қаржысының мерзімінде берілуі және оңтайландыру мәселесі.
Төрткүл ауылының тұрғыны Тәжібаев Ералхан. |
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие қаражатының уақытылы берілуін қамтамасыз ету. |
01.06.2025 ж.
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
|
|
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелендіруді оңтайландыруды зерделеп, ұсыныс беру. |
21.04.2025 ж. |
|
|||
|
Жол саласы |
|||||
|
9. |
Шұбарсу ауылындағы ішкі көшелерден орталық жолға қосылатын жолдарды асфальттау мәселесі.
Шұбарсу ауыл округінің «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қайрат Таженов. |
Шұбарсу ауылындағы ішкі көшелерден орталық жолға қосылатын әлеуметтік маңызына қарай жолдарды орташа жөндеуден өткізу.
|
01.12.2025 ж. |
Ордабасы ауданы әкімдігі |
2025 жылы Шұбарсу ауылында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 14 шақырымды құрайтын 6 орталық көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланып, 5 көшеде жұмыстар аяқталды. Қалған 1 көшенің асфальттау жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында толығымен аяқталатын болады.
|
|
Тұрғын үй саласы |
|||||
|
10. |
Темірлан ауылынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін тұрғын үйлер салу мәселесі.
Темірлан ауылының тұрғыны Оңалбеков Қалдарбек |
Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, кезекте тұрған тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу. |
2025 жыл соңына дейін
|
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Қазіргі таңда, Темірлан ауылында 96 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй беру жоспарлануда.
|
|
Экология саласы |
|||||
|
11. |
Ақбұлақ ауылындағы «Зауыт Модуль» зауытынан шығатын түтіннің зияны туралы, аталған зауытты жабу мәселесі.
Ақбұлақ ауылының тұрғыны Сырым Мұсабаев. |
«Зауыт Модуль» зауыт жұмысының талапқа сәйкестігі жөнінде зерделеу, нәтижесімен, тұрғындарға түсіндіру. |
04.05.2025 ж |
Облыстық экология департаменті (келісім бойынша)
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Зауыт Ақбұлақ елді мекенінің шегінен 418 м қашықтықта елді мекеннің шығыс аумағында талапқа сай орналасқан (ең жақын тұрғын үймен қашықтығы 540 м). «Завод Модуль» ЖШС ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен 01.03.2022 жылы пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған №1644- EL санды лицензия парағын алған. Алайда, осы рәсімделген рұқсат беру құжаттары кезінде жер қойнауын өндіруге «Завод Модуль» ЖШС-нің жер қойнауын өндіруге рұқсат құжаты болмаған. Барлау сатысында бола тұра жердің үстіңгі қыртысын бұзып, бірнеше метр тереңдікке еніп, заңсыз жер қойнауын игеріп, өрескел заң бұзушылықтың орын алуына жол берген. Маркшейдермен «Завод Модуль» ЖШС-нің заңсыз жер қойнауына еніп, үлкен көлемде келтірген залал көлемі анықталып, ол бойынша Ордабасы аудандық полиция бөлімімен №235146031000222 қылмыстық іс қозғалып, 28.12.2023 жылы құрамында қылмыстық іс әрекеттің болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылып, қысқартылған. Қазіргі уақытта жер қойнауын өндіруге рұқсат лицензия парағы жоқ. Осы жағдайларға байланысты 2024-2025 жылдары Ордабасы ауданы әкімдігі тарапынан заң аясында тиісті шара қолдану жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісіне, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігіне, облыс деңгейінде бірнеше құзырлы органдарға хат жолданған. Алайда, бүгінгі таңға нақты жауап ұсынылмады. |
|
Денсаулық саласы |
|||||
|
12. |
Баласының денсаулығына тиісті деңгейде қарамағаны үшін аудандық, облыстық медицина мекемелеріне шағым мәселесі.
Темірлан ауылының тұрғыны Клара Сәткен. |
Баланың денсаулық жағдайы бойынша бақылауға алып, тиісті медициналық көмек керсету. |
Тұрақты |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
|
|
|
Білім саласы |
|||||
|
13. |
Шұбар ауылындағы №18 колледжін сенімгерлік басқаруға өткізбеу мәселесі
Шұбар ауылының тұрғыны Рсымбетов Әбдіманап |
Шұбар ауылындағы №18 колледжінің сенімгерлік басқаруға өткізу заңдылығын зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау. |
11.04.2025 ж.
|
Облыстық білім басқармасы |
|
|
Өзге салалар |
|||||
|
14. |
Шұбарсу ауылындағы жылы жайлардағы жалдамалы жұмысшылардың бір күндік жал ақысын көбейту мәселесі
Шымкент қаласының тұрғыны Көпбаев Бақытжан |
Заңнама талаптарына сәйкес жылы жайлардағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мүмкіндіктерін қарастыру, нәтижесімен, өтініш иесіне жауап жолдау. |
18.04.2025 ж.
|
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Аудан бойынша жылыжайлардағы жұмысшылардың жалақысы әр шаруашылыққа байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі таңда Шұбарсу ауыл округінде орналасқан жылыжайларда жиын терін маусымында 50-ден астам жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері 130-150 мың теңге. Жұмысшылардың жалақы мөлшері жұмыстың көлеміне және өнімнің түріне шаруа қожалықтың қаржылық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
|
|
15. |
Елді мекенде сауда-саттық жүргізу уақытында жергілікті полиция қызметкерлерінің ескертусіз айыппұл салуына шағым білдіру мәселесі.
Арыстанды ауылының тұрғыны Найманбаева Оразгүл. |
Елді мекенде сауда-саттықты заң аясында жүргізу мәселесін түсіндіру. |
04.05.2025 ж. |
Облыстық полиция департаменті (келісім бойынша)
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Елді мекенде 2025 жылдың сәуір айында сауда-саттықты заң аясында жүргізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы кәсіпкерлерге және сауда нысандарының аумағында сауда-саттықты жүргізу заңдылықтары бойынша түсіндірме жүргізілді.
|
|
16. |
1. Мал ауруларының кейбір түрлері бойынша мемлекет тарапынан берілетін тегін вакциналардың тізімінен алынып тастауына қарсылық мәселесі туралы.
2. Ақбұлақ ауылына жергілікті ветеринар дәрігерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі.
3. Ақбұлақ ауылының
Ақбұлақ ауылының тұрғыны Әмірбек Сәбит. |
Мемлекет тарапынан берілетін тегін вакциналардың тізімінен алынып тасталған мал аурулары бойынша тегін вакцина бөлу мәселесін қарастыру, өтініш иесіне жауап жолдау.
Ветеринария дәрігерлерінің жұмысқа орналасу заңдылығын зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау. |
04.05.2025 ж
18.04.2025 ж
|
Облыстық ветеринария басқармасы
|
|
|
Көшелерді орташа жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, тиісті бюджетке ұсыныс енгізу. |
30.10.2025 ж |
Ордабасы ауданы әкімдігі |
Аудан әкімдігі тарапынан техникалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесімен, бюджеттік нақтылауға ұсынылады. |
||