|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
|
|
Автомобиль жолдары саласы |
|
||||||
|
1. |
Мақтаарал ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы Бірлік ауылдық округі тұрғыны А.Еркинов
|
Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. |
01.11.2025 ж. |
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-нің Түркістан облыстық филиалы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Республикалық маңызы бар «Ташкент–Термез» бағытындағы М-39 автомобиль жолының 24,1 шақырымдық (жол ені – 20 м) бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған және ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Анықтама үшін: Нысанның қаржысы 3,0 млрд.теңге. Мердігер - «Максдорстройсервис-21» ЖШС, Техникалық қадағалаушы - «ARTERIA» ЖШС. |
|
|
|
Құрылыс саласы |
|
||||||
|
2. |
Ауданымызда бүгінгі күнге дейін ойын сауық және демалыс орындары жоқ. Аудан орталығындағы 2022 жылдан бері құрылысы созбалаңға салынған орталық саябақты реконструкциялау жұмыстары қашан аяқталады? Сізден өтініш соны тездетіп шешіп берсеңіз.
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешев |
Орталық саябақты реконструкциялау жұмыстарын мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. |
30.08.2025 ж. |
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Саябақ құрылысы – аяқталу сатысында Ағымдағы жылы саябақтың құрылыс жұмыстарына 386,4 млн теңге бөлініп, нысанды 2025 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда. Анықтама үшін:
Қаржыландыру:
Атқарылған жұмыстардың орындалуы:
|
|
|
|
Білім саласы |
|
||||||
|
3.
|
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі аумағынан салынуы жоспарланған жайлы мектептің қажеттілігі жоқ. Себебі жанындағы мектепің балдары барлығы сол мектепке ауысып кетіп, ауылдағы қалған мектептер оқушысыз бос қалады. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев |
Мектептің қажеттілігі бойынша зерделеу жұмыстары қайта жүргізіліп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізсін.
|
10.04.2025 ж. |
Облыстық білім басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі
|
Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы ауылында 2108 тұрғын бар (оның ішінде 0–5 жас аралығында – 301, 6–17 жас аралығында – 569 бала). Ауылда 1974 жылы салынған жобалық қуаттылығы 536 орынға арналған «Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектебі» жұмыс істейді. Қазіргі таңда мектепте 379 оқушы екі ауысымда білім алуда (1000 оқушыға дейін қабылдай алады). Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 193,3 млн теңгеге сметалық құжаттама әзірленіп, қаржысы қаралған. Жөндеу жұмыстары: сыртқы қабырғаны қаптау, жылу жүйесін, электр желілерін, терезелер мен есіктерді, еденді ауыстыру және ішкі қабырғаларды сылау жұмыстары қамтылады. Бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында аяқталып, нысан пайдалануға беріледі. Оқушы орнының тапшылығы болмауына байланысты Ынталы ауылына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп салуға қажеттілік жоқ. Бұл туралы 2025 жылғы 13 мамырда облыстық білім басқармасына №1512 ұсыныс хат жолданған. |
|
|
|
4. |
Қазіргі таңда, ата-аналар өз балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларын бірнеше үйірмеге жазып жатады. Ауданда «Оқушылар сарайы» аса қажет. Себебі, әр үйірмеге бала өз қабілетін дамытуға және мектепте алған білімін жетілдіруге, болашақта мамандық таңдауда адаспауға көмектеседі. Сондықтан біздің ауданға «Оқушылар сарайы» ғимаратын салуға ықпал жасауыңызды сұраймын.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы С.Оңғаров |
«Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізсін.
|
01.10.2026.
Қаржы бөлінуіне қарай
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық білім басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Мырзакент кентінде орналасқан С.Рахымов атындағы №4 мектеп аумағынан типтік үлгідегі 300 орындық «Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылысына 0,57 гектар жер телімі бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, конкурстық құны 2,0 млрд теңгені құрады. 2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 200,0 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме ретінде «Vek-Stroy-Com» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
|
|
|
|
Мәдениет саласы |
|||||||
|
5. |
2024 жылдан бері құрылысы жалғасып келе жатқан Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекеніндегі және Достық ауылдық округі, Қалшораев елді мекеніндегі мәдениет үйлерінің құрылысы қашан аяқталады, биыл ел игілігіне беріледі ма, жоқ па?
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев
|
Мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес сапалы әрі мерзімінде аяқтасын. |
01.10.2025 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
1. Ынталы елді мекеніндегі мәдениет үйі және кітапхана құрылысы · 2024 жылы Ұлттық қордан 202 000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. · 2025 жылы облыстық бюджеттен 79 400,0 мың теңге және Ұлттық қордан 512 602,7 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда 79 359,2 мың теңге игерілді.
2. Ж.Қалшораев елді мекеніндегі мәдениет үйі және кітапхана құрылысы · 2024 жылы 198 000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. · 2025 жылға 545 563,8 мың теңге қаржы қаралды, бүгінгі таңда 72 190,2 мың теңге игерілді.
|
||
|
Ауыз су мәселесі |
|
||||||
|
6. |
Жаңа жол а/о қарасты Ақжол, Арайлы елді мекендері, Мақтарал а/о Игілік елді мекені және Мырзакент кентіндегі Мәдіходжаев көшесіндегі ауыз су құбырларының әбден тозығы жеткен. Жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? және аталған жобаға қаржысын тездетіп бөліп беруге ықпал жасасаңыз. Мырзакент кенті тұрғыны Е.Қазыбеков |
6. Тозығы жеткен ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізсін. 6.1. Құрылысын жүргізу үшін республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 6.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2025-2026 ж.ж.
01.05.2025 ж.
2025-2026 ж.ж.
Қаржы бөлінуіне қарай
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
2024 жылы Ақжол, Игілік, Арайлы елді мекендері мен Мырзакент кентіндегі Мәдіходжаев көшесінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер мекеме анықталды. 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау мақсатында жалпы сомасы 2 851,4 млн теңге болатын қаржыны қарастыру үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды. |
|
|
Спорт саласы |
|
||||||
|
7. |
Құрметті Нұралхан Оралбайұлы! Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында әр ауылдық округтердің орталықтарынан спорт кешендері салынып берілсе дұрыс болар еді. Атакент кенті тұрғыны Е.Мамасарипов |
Спорт кешендерін салу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу. |
Тұрақты |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Қазіргі таңда аудан аумағында 2 кентте (Мырзакент, Атакент) және 2 ауылдық округтің орталықтарында (Достық, Өркениет елді мекендері) спорт кешендері жұмыс істеуде. 2025 жылдың желтоқсан айында Нұрлыбаев ауылдық округінің орталығы — Ынталы елді мекенінде 150 орындық типтік үлгідегі мәдениет үйі, кітапхана және кіші спорт залын қамтитын көпфункционалды нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Анықтама үшін: · 5 ауылдық округтің орталық елді мекендерінен (Достық, Еңбекші, Иіржар, Бірлік, Жамбыл) спорт кешендерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. · Қалған ауылдық округтер — А.Қалыбеков және Жаңажол елді мекендерінде спорт кешендері құрылысын жүргізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. |
|
|