|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
Білім саласы |
|||||
|
1. |
Атбұлақ ауылындағы Атбұлақ мектебін ағымдағы жөндеу туралы
Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің тұрғыны Тәшімбет Әлжан. |
Атбұлақ мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
25.08.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық білім басқармасы
|
Қ.Әбдалиев а.о. Атбұлақ е.м. орналасқан «Атбұлақ» мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылы 242,1 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, «NDS SERVICE» ЖШС жеңімпаз мердігер болып анықталды. Бүгінгі таңға ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Тамыз айының 25-не дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
2. |
Қызылқия ауылдық округіндегі Атажұрт мектебінің құжатын алу туралы.
Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Ташов Талғат. |
Атажұрт мектебін құру туралы облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау
|
15.04.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық білім басқармасы
|
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекенінен пайдалануға берілген мектепке Түркістан облысы әкімінің 23.04.2025 жылы №82-ші Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысы шықты. |
|
3. |
Қазығұрт ауылы Болашақ мөлтек ауданынан мектеп салу туралы
Қазығұрт ауылының тұрғыны Салтаев Бақыт |
Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданынан мектеп салу мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу, нәтижесімен ұсыныс енгізу |
20.04.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық білім басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданынан «Бірлік» ЖШС-гі жеке инвестор С.Арықбаев есебінен 600 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда белгіленген жер телімінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. |
|
Денсаулық сақтау |
|||||
|
4. |
Сарапхана ауылдық округіндегі ауылдық емхана ғимаратын күрделі жөндеу туралы.
Сарапхана ауылдық округінің тұрғыны Дулатбаев Ұлықбек. |
Сарапхана ауылдық округіндегі ауылдық емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
01.07.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 200,9 млн. теңгеге мердігер мекеме «РАДУГА-СН» ЖШС тарапынан Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы, «Қаратас» ауылдық емханасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Қазіргі таңда нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. |
|
Газ саласы |
|||||
|
5. |
Қызылқия ауылдық округіндегі Атажұрт ауылына табиғи газ жүйесінің құрылысын жүргізу туралы
Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Ташов Талғат. |
Атажұрт ауылына табиғи газ жүйесін қосу
5.1. Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасына түзету енгізу
5.2. Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жобасын қаржыландыру бойынша салалық басқармаға ұсыныс енгізу |
01.11.2026ж.
01.06.2025ж.
30.06.2025ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Атажұрт ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленіп 14.09.2021 жылы №19-0369/21 сараптама қорытындысы алынған. Құны 281,0 млн.теңге. Облыстық және республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсынылып, алайда бюджеттен қолдау таппаған. Сараптама қорытындысының мерзімі 14.09.2024 жылы аяқталған. Қазіргі таңда сараптама қорытындысының мерзімі өтіп кетуіне байланысты, жобалаушы мекеме «БС Строй Холдинг» ЖШС тарапынан қайта есептеу (корректировка) жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы алынған кейін, облыстық салалық басқармаға ұсыныс хат жолданатын болады.
|
|
Спорт саласы |
|||||
|
6. |
Тұрбат ауыл округі, Тұрбат ауылындағы орталық стадионның жағдайы туралы
Тұрбат ауыл округінің тұрғыны Кадиров Нұрлан |
Тұрбат ауылындағы орталық стадионның жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу. |
30.04.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Тұрбат ауыл округі, Тұрбат ауылының орталығында орналасқан орталық стадионға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Орталық стадион облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Қазығұрт аудандық №4 балалар-жәсөспірімдер спорт мектебінің теңгерімінде. Осыған орай, стадионға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының пайдалануына беру мақсатында, стадионды ауданның коммуналдық меншігіне беруін сұрап облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына 2025 жылы 25 сәуір күні №148 хатпен ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда басқарма тарапынан стадионды аудан теңгеріміне беру мәселесі қаралуда. |
|
Тұрғын үй мәселесі |
|||||
|
7. |
Қазығұрт ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үй санын арттыру туралы
Қазығұрт ауылының тұрғыны Пазылов Нұржан |
Қазығұрт ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үй санын арттыру бойынша мүмкіндіктерді зерделеп, ұсыныс енгізу |
20.04.2025ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)
Құрылыс басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
2025 жылғы жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жол картасына сәйкес, Қазығұрт ауданына 7 пәтер бөлінген. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданындағы тұрғын үй сатып алу лимитін ұлғайту мақсатында қосымша 41 пәтер бөлінді. Казіргі таңда Қазығұрт ауданының лимиті 7 пәтерден 48 пәтерге ұлғайды. |
|
8. |
Қазығұрт ауылы О.Жандосов көшесі №35 түрғын үйдің тұруға жарамдылығына тексеру жұмыстарын жүргізу туралы Қазығұрт ауылының тұрғыны Рахманбердиев Хабидин |
О.Жандосов көшесі №35 тұрғын үйдің тұруға жарамдылығы бойынша берілген қорытындының заңдылығын қарап, мәлімет ұсыну
|
Заңда белгіленген мерзімде тиісті шараларды қабылдау |
Қазығұрт ауданының прокуратурасы
Бақылау басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
2025 жылы 11 сәуір күні аудандық прокуратура тарапынан тұрғын үйлерге қайта тексеру жұмыстары тағайындалды. Қазіргі таңда «ЮжКазИИСА» ЖШС тарапынан геологиялық зерттеу және ғимараттың техникалық жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының қорытындысы шыққан соң, ақпарат ұсынылатын болады.
|