Түркістан облысы әкімі Н. Көшеровтің Жетісай ауданы тұрғындарымен 13.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

 

Газ мәселесі

1.

Мақталы ауылдық округі Тың ауылында газ жоқ, ауылда 174 абонент тіркелген. Сол ауылымызға газ тартуға ықпал жасауыңызды сұраймын.

 

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Тың елді мекенін табиғи газбен  қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізсін. 

01.10.2025 ж.

 

 

 

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, жобаға сараптаманың  оң қорытындысы алынған. Нысанның сметалық құны 164,2 млн. теңгені құрайды. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «NIYET construction» ЖШС танылды. Қазіргі  таңда мердігер мекеме өндірістік кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

2.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекені аумағында 10 тік дренаж ұңғымасын қалпына келтіру жобасына енгізілмеген, жобаға енгізуді сұрайды.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Тың елді мекені аумағында 10 тік дренажді қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп,  ұсыныс енгізсін.

 

10.04.2025 ж.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

«Қазсушар» РМК ТФ

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Тың елді мекенінде жобаға енгізілмей қалған №10 тік дренажды ұңғыма бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде жобаға кірмей қалған №10 емес №11 тік дренажды ұңғыма екендігі анықталды. Жоба бойынша Тың елді мекенінде 5 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Ғылыми тұрғыда зерттеп, дәлелденген әдіс бойынша бір ұңғыма 600-700 метр немесе 160-170 га егістік жердің жер асты суының деңгейін қадағалайды. Осыған орай №11 тік дренажды ұңғыманы жобаға қайта қосудың қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековпен облыс әкіміне 08.05.2025 жылы №30-367-қ/х қызметтік хат енгізіліп, тапсырманы бақылаудан алу жөнінде ұсыныс берілген.

3

Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке қашан беріледі?

 

Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны О.Тастанов

 

3. Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3.1. Каналдар мен қашыртқыларға мемлекеттік акті және бағалау құнын шығару.

3.2. Каналдар мен қашыртқыларға техникалық төлқұжат алу

3.3. Коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелерін республикалық меншікке өткізу.

30.12.2025 ж.

 

 

3.1. 01.09.2025ж.

 

 

 

3.2. 01.10.2025ж.

 

 

3.3. 30.12.2025ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Н.Тұрашбеков)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Ауданның коммуналдық меншігіндегі 401,8 шақырымды құрайтын 162 дана ағын су жүйелері «Қазсушар» РМК ТФ меншігіне өткізу үшін ағын су нысандарының енгізу актысы (акт ввода) мен техникалық төлқұжаты жаңартылуда. Аталған құжаттарды әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 65,5 млн. теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен 32,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қаржының қалған бөлігі аудандық маслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады. Ағын су нысандары ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі мерзімге «Қазсушар» РМК мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілген. Жылдың соңына дейін құжаттар толық рәсімделетін болады.

 

Кәсіпкерлік саласы (фабрика салу)

4.

Мақта шикізатының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан аумағынан тоқыма фабрикасын салу.

Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

Ауданда тоқыма фабрикасын салу бойынша ұсыныс енгізсін.

 

 

10.04.2025 ж.

 

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Жетісай ауданы әкімдігі

Ауданда мақта кластерін дамыту мақсатында отандық инвестор «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС-ы жалпы құны 10,1 млрд. теңгеге мақта өңдеу зауыты мен жіп иіру фабрикасын салу жобаларын іске асыруды жоспарлаған. Құрылыс мерзімі 2025-2026  жылдары. Бүгінгі таңға Асықата кентіндегі  индустриялық аймақтан 10 га жер телімі бөлініп, жоба иесі тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

 

Кәсіпкерлік саласы (индустриялық аймақ)

5.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында индустриялдық аймақты құру.

 

Асықата кентінің тұрғыны Т.Кенжебеков

5. Индустриялдық аймақты құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

5.1. Инфрақұрылымды тарту үшін ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу.

5.2. Индустриялдық аймаққа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімді беру.

5.3. Инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

2025-2026 ж.ж.

 

5.1. 01.08.2025 ж.

 

 

5.2. 01.09.2025 ж.

 

 

 

 

 

5.3. 30.12.2026 ж.

 

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

«Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағын құру бойынша облыс әкімдігінің 12.02.2025 жылы №31 санды қаулысы қабылданған. Бүгінгі таңға, аймақты қажетті инфрақұрылыммен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Білім саласы

6.

Жетісай ауданында жоспарланған 6 жайлы мектептің 3-і қашан салынады?

 

Асықата кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты М.Ділдәбеков

 

Ауданда 3 жайлы мектептің құрылысын жеке инвесторлар арқылы жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін.

 

10.04.2025 ж.

 

Облыстық білім басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Жетісай ауданында 6 «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 мектеп пайдалануға берілді 1 мектеп тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Ал, қалған 3 мектеп Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімінен 600 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылыс монтаж жұмыстары бюджет тапшылығына байланысты жүргізілмейтін болды. Аталған мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың екінші жартыжылдығында жеке инвестор есебінен жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қызылтаң және Қызылқұм елді мекендерінен 600 орындық мектеп құрылысын жүргізу үшін жеке инвестормен келіссөз жүруде.

 

Санитарлық тазалық мәселесі

7.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтерге жаңадан техника берсеңіз.

 

Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Б.Омарбеков

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында техниканы алу бойынша  жұмыстарды жүргізіп, аудандарға табыстау.

 

01.06.2025 ж.

 

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 2 дана МТЗ-82 тракторы,  13 тіркеме жеткізілді. Қалған 11 дана трактор, 3 дана жүк тиегішті (погрузчик) мердігер тарапынан шілде айында жеткізу жоспарлануда. 13 дана трицикл бойынша конкурсты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастыруда. Автогидро көтергішті лизинг арқылы сатып алу мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқарма тарапынан құжаттары рәсімделуде.

                 

 

Дата публикации
05 июля 2025