Түркістан облысы әкімі Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі (25.04.2025 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Ауыз су саласы

1

Машат ауылдық округі, Мыңбай ауылына

Ауыз су жүйесін жүргізу үшін қаржы бөлдіруге ықпал ету.

(Сүтімбетов Сейтбек – Машат ауылдық округінің ардагерлер  кеңесінің төрағасы)

 

Машат ауылдық округі Мыңбай елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық  бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, ауыз су құрылысын жүргізу

01.10.2026 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық энергитка тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

Нысанның пайдалануға беру

 

(Қаражат бөлініуіне қарай)

Машат ауылдық округі, Мыңбай ауылының ауыз су жүйесінің қайта құру құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталған «BF Элит Құрылыс» ЖШС. Ауыз су  жүйесіне тиісті қаржы бөлуге ықпал ету мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Б.Қырықбаевтың атына 16.01.2025 жылы №26/560 санды хат жолданған. Парламент мәжілісінің депутаны тарапынан қолдау күтілуде.

2.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің бойынан Қарағашты ауылының тұсында ауданға келетін ауыз су құбырларының сыртын қорғау қаптамасын (футляр) орнату.

 (Сейсенбаев Сауытбек -Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны)

Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің бойынан Қарағашты ауылының тұсында ауданға келетін ауыз су құбырларының сыртын қорғау қаптамасын (футляр) орнату мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

01.11.2025 жыл

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобтль жолдары басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу

 

Республикалық маңызы бар А2 «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолының 614 шақырымында  D-300-дік екі темір құбырға автомобиль жолының құрылысы барысында футляр кигізбей жол салынғаны бойынша нақты мәліметі алу үшін аудан әкімінің атынан «КазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалына тиісті хат жолданды (02.06.2025 жылғы №1527).  «КазАвтоЖол» АҚ тарапынан берілетін жауапқа сәйкес, өтініш иесіне қосымша хабарланатын болады.

Ветеринария саласы

3

  Аудан аумағында қаңғыбас иттерді аулайтын қызметкерлердің штат санын көбейту

  (Сейсенбаев Сауытбек -Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны)

 

 Аудан аумағында қаңғыбас иттерді аулайтын қызметкерлердің штат санын көбейту мүмкіндігін қарастыру

31.12.2025 жыл

 

Облыстық ветеринария басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

 

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау

 

ТО ВБ «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-мен келісім шартқа тұрып 1 азамат Түлкібас аудандық филиалында аңшы қызметін атқарып келген. 24.06.2025 жылы аңшы қызметкері мен мекеме арасындағы келісім шарт бұзылып, аңшы жұмыс жасаудан бас тартты. Қазіргі таңда жұмысқа аңшы қызметкер алу үшін қарастырылуда.

        Екініші аңшы бригадаға қызметкер алу үшін мекемеде айлық мәселесі  және автокөлік пен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылмаған. Бұл мәселені шешу үшін облыстық Ветеринария басқармасы мен облыстық «Ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК-не ұсыныс берілді.

Жол саласы

4

Шақпақ баба ауылына жаңа  спорт ғимаратын салу мәселесі

(Маткеримов Өтепбай Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылының тұрғыны)

Шақпақ баба ауылына жаңа  спорт ғимаратын соғу үшін бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу

31.12.2026 жыл

Облыстық спорт басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

 

(Қаражат бөлініуіне қарай)

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Шақпақ баба ауылындағы №3 БЖСМ-нің спорт кешенінің  құрылысына жобалық – сметалық құжаттарына  қаржы бөлініп, мердігер мекеме «А-Строй-Проект» ЖШС анықталды. Мердігер мекеме тарапынан ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, спорт басқармасы тарапынан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша экономика және қаржы басқармасына ұсыныс хат жолданған.

5

Кершетас ауылы, Еркебай көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу

 (Бастыков Кеңесбек Серікбайұлы – Шымкент қаласының тұрғыны)

Кершетас ауылы, Еркебай көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, тиісті жұмыстар жүргізу

 

31.12.2026 жыл

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобтль жолдары басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

(Қаражат бөлініуіне қарай)

Келтемашат ауылдық округіне қарасты 114 орам Еркебай көшесі облыстық маңызы бар КХ-66 «А2 автомобиль жолынан Енбекші ауылына дейін» автомобиль жолы болып саналады. Аталған жолдың жалпы ұзындығы 6 шақырымнан тұрады. Оның 3 шақырымы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Басқарма тарапынан 3 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжат әзірленген. Қалған 3 шақырым жолдың құжаттары рәсімделмеу салдарынан жолдың жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бүгінгі таңда, Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қалған 3 шақырым жолға мемлекеттік акт алу үшін жер комиссиясының қорытндысы алынып, жерге орналастыру жобасын әзірлеуге, жер кадастыр бөліміне құжаттар өткізілді.  Аталған жолға мемлекеттік акт ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін алынып, құжаттар басқармаға ұсынылатын болады. Басқарма тарапынан 6 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастыратын болады.

Газ саласы

6

Т.Рысқұлов ауылы, Бекбосынов көшесінің бойындағы газ ШРП-ның кемшіліктерін ретке келтіру және аудандық газ шаруашылығының басшысының әрекетсіздігіне шағым жасауда

(Өмірсеріков Даулет- Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны)

Аудан аумағында газ құбырларының кемшіліктерін ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.

31.12.2025 жыл

Облыстық энергитка тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

«Qazaqgaz» аймақ Түркістан облысы бойынша филиалы

(Келсімі бойынша)

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау

 

Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Д.Өмірсеріковтің шағымынан кейін, «ҚазақГазАймақ» АҚ Түлкібас аудандық бөлімшесінің бас инженері мен мамандары тарапынан Бекбосынов-Грицинин көшелері қиылысында орналасқан ГРШРП-ға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде газ шығарып тұрған орын анықталды. «ҚазақГазАймақ» АҚ мамандары тарапынан кемшіліктер толығымен ретке келтірілді.

Сонымен қатар, «ҚазақГазАймақ» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының атына Түлкібас ауданы бойынша тартылған газ құбырларын сырлау, майысқандарын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі бойынша аудан әкімі А.Естібаевтің атынан 02.05.2025 жылы №1262 санды хат жолданғандығын мәлімдейміз.

Денсаулық сақтау саласы

7

Аудан аумағында жекеменшік емханаларға тұрғындарды заңсыз тіркеу мәселесі

(Өмірсеріков Даулет- Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны)

Жекеменшік емханаларға тұрғындарды заңсыз тіркеу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

31.12.2025 жыл

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау

 

2025 жылдың 25 сәуір күні Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Өмірсеріков Даулет аудан орталығындағы «Балбөбек» медициналық орталығында тұрғындарды заңсыз тіркеу бойынша көтерілген мәселесі бойынша 2025 жылы 5 мамыр күні №1269 санды хатпен облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған.

     Аталған мәселе бойынша жекеменшік сектордағы медициналық мекемелерді тексеру, шара көру Басқарма құзіретіне кірмейтінін хабарлаған.

    Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жоғарыда аталған меселе бойынша медициналық орталыққа арнайы жұмыс тобын құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне  хат жолданған.    

 

Өзге мәселе

8

М.Исмайловты ұрып соғу оқиғасы бойынша тергеп тексеру шаралары дұрыс жүргізілмеуіне  аудандық полиция бөліміне наразы

(Исмайлов Зиябай- Жаскешу ауылдық округі, Жаскешу ауылының тұрғыны)

Заң талаптары аясында зерделеп, тиісті шараларды қабылдау.   

31.12.2025 жыл

Облыстық полиция департаменті

(Келсімі бойынша)

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу

 

Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының тұрғыны Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданының азаматтарын жеке қабылдауы барысындағы  М.Исмайловтың уәждері бойынша:

1.) №245160031000180  қылмыстық іс бойынша:

30.05.2024ж. М.Исмайловтың Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының сыртында орналасқан мал қорасына И.Каримбаев араларында өзара дау туындап, соның салдарынан И.Каримбаев М.Исмайловтың оң жақ іш тұсына пышақпен бір рет соққы жасап, шаншылып кесілген, ішке енбеген дене жарақатын салғаны анықталған.

Аталған факті бойынша 31.05.2024ж. Түлкібас АПБ ҚК 293-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру басталған. Тергеп-тексеру нәтижесімен 06.06.2024ж. қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылған.

23.07.2024ж. қабылданған шешім аудан прокуратурасымен жойылып, осы күні қылмыстық іс Түркістан облысы ПД тергеп-тексеру жүргізу үшін жолданған.

Нәтижесімен 23.09.2024ж. қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылып, И.Каримбаевқа қатысты әкімшілік шара көру үшін, жинақталған іс құжаттар Түлкібас аудандық сотына жолданған.

25.11.2024ж. Түлкібас аудандық сотынмен И.Каримбаев ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

2) №235160031000290 қылмыстық іс бойынша.

04.07.2023ж. Түлкібас АПБ М.Исмайлов Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының оңтүстік бетіндегі алқапта бір топ азаматтар арасында бұрынғы бас-араздық және жер дауы салдарынан ұрыс-керіс орын алып, оны Батырхан есімді азамат және басқа тұлғалар ұрып соққаны туралы арызданған.

Сол күні аталған факті бойынша Түлкібас АПБ ҚК 107-бабы 2-бөлігінің             4- тармағымен тергеп-тексеру басталған. Нәтижесімен 06.09.2024ж. аталған қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағымен тоқтатылып, А.Бургебаев, А.Құдайбергенов, Б.Торехан, А.Туреханулдарына қатысты әкімшілік шара көру үшін, жинақталған іс құжаттар Түлкібас аудандық сотына жолданып, оларға қатысты сотпен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылары қабылданған.

  3.) №235160031000481 қылмыстық іс бойынша.

            25.11.2023ж. Түлкібас АПБ М.Исмайлов Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округіне қарасты «Қарақшы» бөлімшесінде орналасқан мал қорасының жанында өзіне тиесілі құны 300 000 тенге болатын 1,5 жасар торы-қасқа еркек тайын және қора иесі Е.Нысанбаевқа тиесілі құны 500 000 тенге тұратын 3-жасар қарагер құнанын белгісіз азамат ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аталған факті бойынша Түлкібас АПБ ҚК 188-1-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру басталған. Нәтижесімен 25.09.2024ж. ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағы негізінде қылмыстық істің мерзімі үзілген.

Жоғарыда аталған шешімдер облыс прокуратурасымен бекітілген.

Білім саласы

9

Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісіне наразы

(Жұмабаева Катира- Састөбе кентінің тұрғыны)

Заң талаптары аясында зерделеп, тиісті шараларды қабылдау.

31.12.2025

Облыстық білім басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу.

 

         Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы М.Туленовтің тексеру нәтижесінде: 19.05.2025 жылы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарының жою туралы НҰСҚАМА №25/МТ-12 берілген. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 133-бабы 1- тармағының талабы сақталмаған. П.Өмірзақ, Д.Кулымбаеваға және Т.Оспановаларға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде әлеуметтік жәрдемақылары төленбеген.

         Анықталған кемшіліктер бойынша «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ны аталған қызметкерлерге П.Өмірзақ, Д.Кулымбаеваға және Т.Оспановаларға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде әлеуметтік жәрдемақылары есептеліп төленіп, жойылған кемшіліктер туралы мәлімет «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК №35 шығыс хатпен .

27.05.2025 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.

 

 

Дата публикации
01 июля 2025