Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Созақ ауданы тұрғындарымен 10.04.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

 

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Орындалуы

Жол саласы

1

Таукент кентінің көшелерінің барлығына асфальт жабыны төселген. Ендігі кезекте кенттегі                    15 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеп берсеңіздер.

 

Есбергенов Бердібек – Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

Таукент кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2025 жыл

Таукент кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабынын төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 73 049,0 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, келісім шарт түзілді. Аталған асфальт жабынын төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

2

Аудандық маңызы бар Тасты және Қылти елді мекендері арасындағы жолының құрылысы 2024 жылы басталған болатын. Аталған жол төсеу жұмыстары қашан аяқталады және сапалы жүргізілсе.

 

 Бейсенбаев Нұртас Аппазұлы – Тасты елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Тасты – Қылти бағытындағы жолдың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау.

 

30.09.2025 жыл

Аудандық маңызы бар«КХ-2-«Созақ-Тасты-Қылти» автомобиль жолының құрылысы 2024 жылы басталып жолдың негіздемесі (основание) төселген болатын. Жоба құны 118 553,0 мың теңге. Ағымдағы жылға 53 519,0 мың теңге қаралды.

Ауыз су

3

Созақ елді мекенінде ауыз су кестемен беріледі. Ауыз судың тәулік бойы берілуін шешуге қолдау білдірсеңіз.

 

Нұрымбетов Асылхан – Созақ елдімекенінің тұрғыны, зейнеткер

Созақ елді мекеніне ауыз суды тәулік бойы беру үшін құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

 

30.12.2025 жыл

Созақ ауылын тәуік бойы ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 3 235 795,0 мың теңге. Ағымдағы жылға 3 135 795,0 мың теңге қаралды. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.

Спорт саласы

4

Былтырғы жылы Қаратау, Қарақұр ауылдарынан жабық кіші футбол алаңын салып, пайдалануға бердіңіздер.

Бұл жобаларыңыз ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізуде.

Осындай спорт алаңшасын Қозмолдақ ауылынан да салып берсеңіздер.

 

Арқаров Сұлтанберді– Қозмолдақ елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Қозмолдақ елді мекеніне жабық кіші футбол алаңын салу жұмыстарын ұйымдастыру.

30.09.2025 жыл

Қозмолдақ елді мекеніне жабық кіші футбол алаңын салу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны 110 млн.тг.

Ағын су

5

«Шұқырой» тоғанынан келетін ұзындығы 16,2 км болатын, 60 сантиметрлік канал 1973 жылы салынған.

Алайда қазіргі уақытта канал жарамсыз күйде.

Аталған тоғанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

 

Рысқұлов Әуесхан -  Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

 

«Шұқырой» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізу.

2025-2026 жж

 

«Шұқырой» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны 550 млн. теңге.

Өзге мәселелер

6

          Аудандағы уран өнідірісіне ең керегі дәнекерлеу мамандығы. Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжге дәнекерлеу мамандығын енгізуді сұраймын.

 

Жүсіпов Бауыржан – Қыземшек кентінің тұрғыны

Осы бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

06.05.2025 жыл

Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжде дәнекерлеу мамандығы оқытылады.

Қазіргі таңда 25 студент дәнекерлеу мамандығы бойынша білім алуда.

2025-2026 оқу жылына «электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алуға 25 грант бөлінді.

(түсіндіру жұмыстарының сілтемесі) https://www.facebook.com/share/p/1JVqEnQvWB/?mibextid=wwXIfr

(Орындалды)

7

      Жұбайым жалдамалы жұмысшы,     8 балам бар. Тұрғын үйімнің жағдайы нашар, онда тұру мүмкін емес, тұрғын үй беруіңізді сұраймын.

 

Тілеубергенова Гүлзада – Таукент кентінің тұрғыны

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Созақ ауданынеда тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне қою мүмкіндігі жоқ. н үй мәселесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

31.12.2025 жыл

Қазақстан Республикасы аумағында соңғы бес жыл көлемінде атында тұрғын үй тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-68 баптарына сәйкес келген жағдайда кезекке тұра алатындығы түсіндірілді. Алдағы уақытта демеушілер болған жағдайда көмек керсетілетін болады.

 

 

Дата публикации
01 июля 2025