|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
1 |
«Д.Алтынбеков» каналын бетондау туралы.
Шәуілдір ауылының тұрғыны Жаймурзаев Әбдіхалық Нұрмаханұлы |
Д.Алтынбеков каналын бетондау мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж.
|
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша)
Ауыл шаруашылығы басқармасы |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Д.Алтынбеков каналын бетондау үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, 31.07.2024 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын атқару Ислам даму банкі қаржыландыратын жобаның 1-кезеңіне енгізілді. Құрылыс жұмыстары 2025-2028 жылдарға жоспарлануда. |
|
2 |
Маяқұм каналына бас тоспа орнату және бетондау туралы.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм каналына бас тоспа орнату және бетондау мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізу |
30.10.2025 ж.
|
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Маяқұм каналына бас тоспа орнату және бетондау үшін «Қазсушар» РМК-ның каналдарды қайта жаңғырту бағдарламасы аясында жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы шілде-тамыз айларында демеушілер есебінен 19 шақырым болатын Маяқұм каналынды механикалық тазалау және бас тоспа салу жоспарлануда. |
|
3 |
Инвестор есебінен мақта егілген жерлерді зерделеу жасау үшін қоғамдық ұйым құрып, жердің агротехникалық құрамына жылына екі рет сараптама жүргізу.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Пайдаланылған жердің жай-күйіне және топырақтың құрамына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сараптама қорытындысын алу. |
30.10.2025 ж. |
Ауыл шаруашылығы басқармасы
«Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша)
|
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
«Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Д.Бектұрғановқа 28.05.2025 жылы №40-10-01/1399 хат жолданған.
|
|
4 |
Аудан аумағындағы ыза суды азайту үшін тік дренаж салу туралы.
Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Аудан көлеміндегі ыза суды төмендету мақсатында толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша)
Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Ыза су шығу аймақтары негізінен Шәуілдір ауылдық округіндегі «Алтынбеков» және «Кенжалиев» каналдары бойында орын алуда. 2018 жылы «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 12 бірлік тік дрендер жүйесін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, ұсыныс берілген. Алайда, сол кезеңде аталған дрендер жүйесіне қаржы қарастырылмауына байланысты жоба іске асырылмай қалған. Осыған орай, дайындалған жобалық-сметалық құжаттарға қайта түзетулер енгізу және қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қарастыру бойынша «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қ.Бедебаевқа 30.04.2025 жылы №40-10-01/1172 ұсыныс хат жолданды. |
|
5 |
Темір ауылын ағын сумен қамту туралы.
Темір ауылының тумасы Досжан Құрмет |
Темір ауылындағы үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Шәуілдір-Темір» ауылдары аралығындағы ағын су арығын толық немесе ішінара жөндеуден өткізу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
20.04.2025 ж. |
Отырар ауданының әкімдігі
|
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу
|
Темір ауылындағы үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Шәуілдір-Темір» ауылдары аралығындағы ағын су арығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 87 млн 711 мың 746 теңге. Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын ескі бетон арықшаларды ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Аталған нысанды 2026 жылы аудандық бюджетті қалыптастыру барысында бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатындығы жөніндегі облыс әкімі Н.Көшеровке 02.05.2025 жылы №40-10-01/1203 қызметтік хат жолданды. |
|
|
Коммуналдық шаруашылық сала |
|||||
|
6 |
Маяқұм ауылындағы ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм ауылындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.09.2025 ж |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Маяқұм ауыл округіндегі ауыз су желілері мен су мұнарасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, (смета құны 168 млн. теңге), бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
7 |
Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне газ жүйесін жүргізу туралы.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне газ жүйесін жүргізу мақсатында әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
Отырар ауданына қарасты 12 елді мекенді газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024 жылдың мамыр айында сараптама қорытындысы алынды. Сондай-ақ, газ жеткізуші магистральдық газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. |
|
8 |
Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін қайта құру мәселесі.
Балтакөл ауылының тұрғыны Алтыбаев Бектемір
|
Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік ауыз су жүйелерін қайта құру бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж.
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы облыстық бюджеттен Балтакөл ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 989,9 млн теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға су жүйелерінің 70 пайызы жүргізілді. Мердігер мекеме - «KK Global Construction» ЖШС. Сондай-ақ, Маяқұм ауылындағы ауыз су желілері мен су мұнарасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, (смета құны 168 млн. теңге), бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аққұм және Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған (Аққұм е/м – 891 млн теңге, Жаңа Шілік е/м – 653,2 млн теңге). 2025 жылы қаржыландыру үшін облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді. Алайда, сессияда қолдау таппаған. |
|
9 |
Қарғалы және Темір ауылдарына жаңадан қосалқы электр станциясын салу туралы.
Темір ауылының тұрғыны Төлеген Асан Сансызбайұлы
|
Темір ауылындағы қуаттылығы 2500 кВа трансформатор қуаты бар 35/10 кВ электр қосалқы станциясына әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж.
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
Бүгінгі таңда Темір, Қарғалы ауылдық округі тұрғындарын электр желісімен қамтамасыз етіп отырған қосалқы электр станциясының құрылысына ЖСҚ әзірленген (сметалық құны-329 млн. тг). 2025 жылғы республикалық бюджеттің кезекті нақтылауында қаржы қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
|
Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы |
|||||
|
10 |
«Көксарай-Балтакөл» автожолын орташа жөндеу туралы.
Аудандық маслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Облыстық маңызы бар КХ-23 «Көксарай – Балтакөл - Жаңақорған» автожолын орташа жөндеу бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, орта жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж.
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Түркістан облыстық автомобиль жолдары басқармасы арқылы облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, «Ақкөл-Көксарай» аралығындағы ұзындығы-76 шақырым автокөлік жолының ойық-шұңқырлары жамалып, қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Жаңа арна» ЖШС. |
|
11 |
Маяқұм ауылындағы Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков көшелеріне асфальт жол салу мәселесі.
Маяқұм ауылының тұрғыны Түрікпенәлі Әділхан Төлегенұлы. |
Маяқұм ауылындағы Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
30.09.2025 ж.
|
Отырар ауданының әкімдігі
|
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Маяқұм елді мекеніндегі Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков, Е.Әнетбеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 84,4 млн теңге қаржы қаралып (Мердігер «Стройтельная компания «Строймонтаж» ЖШС анықталған), асфальт жол төселді. |
|
12 |
Туризмді дамыту үшін Маяқұм ауылындағы «Оқсыз» қалашығы мен Арыстанбаб кесенесі аралығындағы Сырдария өзеніне көпір салу және Самарқанд қаласына дейін 400 шақырым жол салу мәселесі.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Маяқұм ауылындағы «Оқсыз» қалашығы мен Арыстанбаб кесенесі аралығындағы Сырдария өзеніне көпір салу және Самарқанд қаласына дейін 400 шақырым жол салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж.
|
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Туризм басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Арыстанбаб кесенесі мен «Оқсыз» қалашығын байланыстыратын «Сырдария өзеніне көпір салу және 25 шақырым жаңа автожол құрылысының» жобалық іздеу жұмыстарына (ПИР) 37 млн 500 мың 500 теңге қаржы қажет болып есептелді. Алайда, аталған жобаны әзірлеу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі тұрғылықты халықты аудан орталығымен байланыстырушы КХ-23 «Көксарай-Балтакөл-Жаңақорған» автокөлік жолы бар. Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі мен «Оқсыз» қалашығын байланыстыратын «Сырдария өзеніне көпір салу және 25 шақырым жаңа автожол құрылысының» жүргізуге бюджеттен көп көлемде қаржы қажет ететіндігі туралы облыс әкімі Н.Көшеровке 02.05.2025 жылы №40-10-01/1203 қызметтік хат берілді. |
|
13 |
«Шәуілдір-Түркістан» аралығындағы автожолдың жөндеу жұмыстары туралы.
Мыңшұңқыр елді мекенінің Әймішов Бегалы Төлегенұлы |
Облыстық маңызы бар «Шәуілдір-Түркістан» автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
30.10.2025 ж.
. |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Нысанды пайдалануға беру
|
«Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы ұзындығы Қалған 28,8 шақырым жолдың (І-ІІ участок, жоба құны 33,6 млрд теңге) қайта құру жұмыстарына 2025 жылы 8,824 млрд теңге қаржы қаралған, нысан 2026 жылға өтпелі. Мердігер мекемелер «Отау-строй» ЖШС мен «АлемТрансЖол» ЖШС. |
|
14 |
Ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалын жүргізу туралы.
Арыс ауылының тұрғыны Қуандықов Асқар Мәлікұлы |
Ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалдау бойынша сызбасын бекітіп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, қоғамдық көліктерді кестеге сәйкес жүргізу.
|
30.04.2025 ж.
|
Отырар ауданының әкімдігі
|
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін (субсидия) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35,0 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен тасымалдаушы «Мұхтарәлі» ЖШС жеңімпаз болып танылған. 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап ауданішілік 12 бағыт бойынша тұрақты түрде жолаушылар тасымалдануда.
|
|
|
Спорт саласы |
|||||
|
15 |
Маяқұм ауылына жабық спорт алаңшасын салу туралы.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм ауылына жабық спорт ғимаратын салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж. |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Құрылыс басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Отырар ауданы Маяқұм ауылында жабық спорт нысанын салу үшін жобалық-сметалық құжатама әзірленіп (сметалық құны 513,31 млн теңге), 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында қаржыландыру үшін облыстық құрылыс басқармасына 23.05.2025 жылы №40-10-01/1362 хатпен тиісті құжаттары ұсынылды. Сондай-ақ, аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы қаржыландыру үшін 29.05.2025 жылы №1 ұсыныс хат жолданған. |
|
16 |
Темір ауылына жабық спорт алаңшасын салу туралы.
Темір ауылының тумасы Досжан Құрмет |
Темір ауылына жабық спорт ғимаратын салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу |
30.10.2025 ж |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Құрылыс басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Темір ауылынан жабық спорт кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған (сараптама қорытындысы №AGDS-0035/25 29.02.2024 жыл). Сметалық құны 608 млн 348,0 мың теңге. Аталған жобаны облыстың 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасына енгізу мақсатында облыстық құрылыс басқармасына ұсынылды. |
|
|
Әлеуметтік сала |
|||||
|
17 |
Мақта кластеріне жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту туралы.
Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Ауданның жұмыссыз азаматтарын жұмысқа тарту мақсатында жәрмеңкелер өткізіп, жұмысқа орналастыру. |
30.04.2025 ж.
|
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Отырар ауданындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында 02.05.2025 жылы аудандық Мансап орталығында жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде «Түркістан Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС-на 106 адам жұмыспен қамтылды. |
|
|
Кәсіпкерлік саласы |
|||||
|
18 |
Ауданда жүгері өнімін қабылдайтын және өңдеу цехтарын ашу туралы.
Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Ауыл шаруашылық дақылдарын терең өңдеу бойынша арнайы цехтар ашу мақсатында инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізу.
|
26.09.2025 ж.
|
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі
|
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
«Otyrar Cotton» ЖШС, жүгеріні терең өңдеу жобасының бүгінгі таңда бизнес жоспары әзірленіп, жер алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 4,1 млрд. тг. Қуаттылығы – күніне 200 тонна. Жұмыс орны – 20 адам. Іске асыру мерзімі – 2026 жыл |
|
|
Денсаулық саласы |
|||||
|
19 |
Отырар ауданына жедел жәрдем автокөліктерін беру туралы.
Шәуілдір ауылының тұрғыны Байжұман Қалдан Спабекқызы |
Ауылдық емханаларға жедел жәрдем автокөліктерін бөлдіріп, белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
01.10.2025 ж.
|
Облыстық денсаулық басқармасы
|
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу мекемелеріне 60 жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу жоспарланған. Аталған көліктер саралана отырып, Отырар ауданына 4 дана санитарлық автокөлік бөлдіру көзделуде. |
|
|
Білім саласы |
|||||
|
20 |
Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов мектептерін ағымдағы жөндеуден өткізу туралы.
Шәуілдір ауылының тұрғыны Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы |
Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов мектептерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
19.08.2025 ж. |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық білім басқармасы |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Реновация бағдарламасы аясында Отырар ауданындағы Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов және Қ.Мұңайтпасов мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп (Ш.Қалдаяқов мектебі- сметалық құны 248 млн тг, Қ.Мұңайтпасов мектебі- сметалық құны 134 млн тг, М.Шаханов мектебі-сметалық құны 205 млн тг), 2025 жылы тиісті қаржысы қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
Байланыс саласы |
|||||
|
21 |
Маяқұм ауылының ұялы байланыс желісінің нашарлығы туралы.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Ұялы байланыс желісінің сапасына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Отырар ауданының Әкімдігі
|
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
«Қазақстан Республикасындағы Байланыс туралы» Заңның 29-бабына сәйкес байланыс операторы өз жұмысын дербес жоспарлайтындығы көрсетілген. Қазақстан Республикасының цифрлық телекоммуникация картасының (https://digitalmap.gov.kz/current-map) 08.05.2025 жылғы мәліметі бойынша Отырар ауданының Маяқұм ауылын «Билайн» сауда белгісімен қызмет көрсететін «Кар-Тел» 4G деңгейлі, «Кселл» АҚ 3G деңгейлі байланыспен қамтыған. 2020-2024 жылдар аралығында «Билайн» операторының байланыс сапасына қатысты жергілікті әкімдікке Маяқұм ауылы тұрғындарының тарапынан шағым түспеген. Маяқұм ауылы тұрғындарының сұранысына сай 2020 жылы «Кар-Тел» ЖШС базалық байланыс станциясына модернизация жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда мобильді интернет жылдамдығы – 30 мбит/с көрсетуде. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығының Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сай 4G деңгейлі байланыстың төменгі шекті деңгейі - 10 мбит/с кем болмауы қажет. Отырар ауданы әкімдігі тарапынан байланыс операторларына «Байланыс туралы» ҚР Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес, Маяқұм, Қостерек, бестам елді мекендерінде ұялы телефон және мобильді интернет байланысының сапасын арттыру ұсынылды. Бұл жөнінде өтініш иесіне 12.05.2025 жылы №40-10-01/1234 жауап хат жолданды. |
|
|
Экология |
|||||
|
22 |
Қытай инвесторлары аудан аумағындағы сексеуіл ағашы мен жусан өсімдігін сүріп табиғатқа зиян тигізуіне байланысты облыстық экология департаменті тарапынан айыппұл салу мәселесі.
Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Табиғатқа зиян келтіру жағдайы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
Түркістан облысы экология департаменті
Отырар ауданының әкімдігі
|
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Отырар ауданында мақта кластерін дамыту мақсатында Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты «Сырдария-Арыс» (ШПК) каналы бойынан 83 агроқұрылымның пайдалануындағы 36748,4 гектар жер учаскелері «Turkistan» ӘКК-мен сатып алынған. 2025 жылы «Түркістан Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС тарапынан 23000 гектар жерге мақта егу үшін жері жыртылып тегістелген. Зерделеу барысында айдап сүрілген жерлерде сексеуіл ағашы өспегендігі анықталды. Сонымен қатар, жусан өсімдік шөбі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енбеген. Бұл жөнінде 12.05.2025 жылы №129 жауап хат ұсынылды. |
|
|
Өзге мәселелер |
|||||
|
23 |
Отырар ауданына Каспи банкінің терминалын орналастыру туралы.
Мыңшұңқыр ауылының тұрғыны Асанов Ержан Арынұлы |
Каспи банк АҚ-на ауданнан бөлімше ашу және терминалдар орнату бойынша жұмыстар жүргізу |
04.06.2025 жыл |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Аудан әкімдігі тарапынан «Каспи банк» АҚ төрағасы В.К.Кимге 14.05.2025 жылы №40-10-01/1271 аудан орталығына төлем терминалын орналастыру бойынша ұсыныс хат жолданған. Алайда, «Каспи банк» АҚ тарапынан Отырар ауданынан төлем терминалын орналастырылмайтындығы мәлімделді. (15.05.2025 жылғы №1505-73ДВ7/171 хат) |
|
24 |
Балтакөл ауыл округіне қарасты Көлқұдық ауылындағы М.Арысов көшесін жарықтандыру туралы.
Балтакөл ауылының тұрғыны Әбсеметов Әділше Бегімшеұлы |
Көлқұдық ауылы М.Арысов көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, жарықтандыру бағаналарын орнату жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж.
|
Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
Ағымдағы Көлқұдық елді мекеніндегі М.Арысов көшесін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 13,7 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. |
|
25 |
Аудан аумағындағы шыбын-шіркейлерді жою туралы. Шәуілдір ауылының тұрғыны Диханбай Есенкелді |
Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу.
|
30.05.2025 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы Сырдария өзеніне, сондай-ақ, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Отырар, Шардара, Келес, Ордабасы, Сауран аудандарында дезинсекция жұмыстарын жүргізуге 1 469,5 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер «Satti Tulik» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ешкіқора, Көлкудық е/м тұсынан Сырдария өзеніне 10 жерден 28 мамырға дейін (122 000 кг. дәрілік препарат) 11-рет суға бактериологиялық дәрі «Бактицид» жіберілді, жұмылдырылған техника- 15 автокөлік, 4 қайық. Одан бөлек, 2025 жылдың 22 сәуірі күнінен бастап Отырар ауданы аумағындағы 26 елді мекен 7 секторға бөлінген. Олар: Шәуілдір, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Қоғам, Қарғалы, Талапты, Отырар, Темір ауылдық округтерінде баръерлік залалсыздандыру «Кардинал КЭ» дәрісімен жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 12 дана арнайы техника жұмылдырылған. Арыстанбаб кесенесі, Қоғам, Көксарай, Жанкел, Ызакөл, Маяқұм, Бестам, Қостерек елді мекендерінде 25 дана рансовый аппаратпен залалсыздандыру жұмыстары атқарылды. Балтакөл, Ақкөл, Көлқұдық, Самырат, Маяқұм, Бестам, Қостерек, Шеңгелді, Көксарай, Ызакөл, Жанкел, Аққұм елді мекендері аумағын дельта планмен залалыздандыру жұмыстары жүргізілді. |