Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 127 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы «Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 127 «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 209 қаулысы жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ә. Тұрашбековке жүктелсін.
Облыс әкімі Н. Көшеров
З.С. Жолдасов
Е.Ә. Дауылбаев
Е.К. Алтаев
Б.Д. Тәжібаев
Н.Ә. Тұрашбеков
Қ.Ә. Қайыпбек
Қ.О. Елибаев