Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Созақ ауданы тұрғындарымен 10.04.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Жол саласы

1

Таукент кентінің көшелерінің барлығына асфальт жабыны төселген. Ендігі кезекте кенттегі                    15 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеп берсеңіздер.

 

Есбергенов Бердібек – Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

Таукент кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2025 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасы

Нысанды   пайдалануға беру

2

Аудандық маңызы бар Тасты және Қылти елді мекендері арасындағы жолының құрылысы 2024 жылы басталған болатын. Аталған жол төсеу жұмыстары қашан аяқталады және сапалы жүргізілсе.

 

 Бейсенбаев Нұртас Аппазұлы – Тасты елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

 

 

Тасты – Қылти бағытындағы жолдың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау.

 

30.09.2025 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Нысанды   пайдалануға беру

Ауыз су мәселесі

3

Созақ елді мекенінде ауыз су кестемен беріледі. Ауыз судың тәулік бойы берілуін шешуге қолдау білдірсеңіз.

 

Нұрымбетов Асылхан – Созақ елдімекенінің тұрғыны, зейнеткер

Созақ елді мекеніне ауыз суды тәулік бойы беру үшін құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

 

30.12.2025 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасы

Нысанды   пайдалануға беру

Спорт саласы

4

Былтырғы жылы Қаратау, Қарақұр ауылдарынан жабық кіші футбол алаңын салып, пайдалануға бердіңіздер.

Бұл жобаларыңыз ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізуде.

Осындай спорт алаңшасын Қозмолдақ ауылынан да салып берсеңіздер.

 

Арқаров Сұлтанберді – Қозмолдақ елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Қозмолдақ елді мекеніне жабық кіші футбол алаңын салу жұмыстарын ұйымдастыру.

30.09.2025 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Нысанды   пайдалануға беру

Ағын су мәселесі

5

«Шұқырой» тоғанынан келетін ұзындығы 16,2 км болатын, 60 сантиметрлік канал 1973 жылы салынған.

Алайда қазіргі уақытта канал жарамсыз күйде.

Аталған тоғанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

 

Рысқұлов Әуесхан -  Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер

 

«Шұқырой» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы жүргізу.

2025-2026 жж

 

Облыс әкімінің орынбасары

Н.Тұрашбеков

 

«Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

Созақ ауданы әкімдігі

Нысанды   пайдалануға беру

Өзге мәселелер

6

          Аудандағы уран өнідірісіне ең керегі дәнекерлеу мамандығы. Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжге дәнекерлеу мамандығын енгізуді сұраймын.

 

Жүсіпов Бауыржан – Қыземшек кентінің тұрғыны

Созақ ауданындағы №1 кәсіптік колледжде дәнекерлеу мамандығы оқытылады.

Қазіргі таңда 25 студент дәнекерлеу мамандығы бойынша білім алуда.

 

Осы бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу

06.05.2025 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Б.Тәжібаев

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Созақ аудандық білім бөлімі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

7

      Жұбайым жалдамалы жұмысшы,     8 балам бар. Тұрғын үйімнің жағдайы нашар, онда тұру мүмкін емес, тұрғын үй беруіңізді сұраймын.

 

Тілеубергенова Гүлзада – Таукент кентінің тұрғыны

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Созақ ауданынеда тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне қою мүмкіндігі жоқ. н үй мәселесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

31.12.2025 жыл

 

Созақ ауданы әкімдігі

 

Түсіндіру, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Дата публикации
02 мая 2025