|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
|
|
Жер мәселесі |
||||
|
1. |
Қазіргі таңда аудан бойынша ауылдық жерлерде мал басының өсуіне байланысты жайылым жерлер тапшы болуда. Жайылымдарды қайтару бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Киелітас елді мекенінің тұрғыны Туреханов Ақылбек |
Ағымдағы жылы жоспарланған жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
|
30.10.2025 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі
Облыстық жер қатынастары басқармасы
|
Мәлімет ұсыну
|
|
Ауыз су мәселесі |
|||||
|
2 |
Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбырлары кеңес үкіметі кезінде салынған болатын, әбден тозығы жетіп, ауыз судың берілу жағдайы нашарлап кеткен. 2023 жылы ауылымызға жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіле бастағанында ел болып қуанған болатынбыз. Алайда, екі жылдың жүзі болды жұмыстар тоқтап қалды. Осы жұмыстар қашан аяқталып, ауыз суға қол жеткізе аламыз.
Диханкөл елді мекенінің тұрғыны Рыспаев Саян |
Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етсін.
|
01.07.2025 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
3 |
Ленгір қаласындағы ауыз су жауын-шашынды күндері лайланып кетеді. Ауыз су сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жасалуда.
Ленгір қаласының тұрғыны Мехлик Лидия |
Леңгер қаласының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жұмысшы тобын құрып, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныс енгізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||
|
4 |
Бидай, арпа, мақсары өсірумен айналысудамын. Соңғы екі жылдан бері мақсарыға берілетін субсидияға қаржы қаралмай отыр, осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын?
Мәдени елді мекенінің тұрғыны Әліппай Нұрдаулет |
Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес, мақсары өніміне субсидия төленетіні туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
|
10.04.2025 |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
Автомобиль жолдары саласы |
|||||
|
5 |
Көп жылдан бері проблема болып келген Қостөбе көпірі былтыр пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде. Алайда, сол көпір арқылы Қаратөбе-Қостөбе елді мекендерінің жалғайтын аудандық маңызы бар жол биылғы жылы жөндеуден өктізілеме?
Қаратөбе елді мекенінің тұрғыны Жумабеков Уәли |
Аудандық маңызы бар Қаратөбе – Қостөбе бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
|
30.07.2025 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
Мәдениет саласы |
|||||
|
6 |
Бүгінде аудандағы жалғыз мұражай арнайы ғимараттың болмауына байланысты жалдамалы ғимараттарда жұмыс жасауда. Ондағы құндылықтар мен жәдігерлерді сақтау мақсатында жаңа мұражай ғимаратының құжаты дайындалғаны туралы хабардармыз. Осы мұражай құрылысының қаржысын қарастыруға ықпал етсеңіз?
Ленгір қаласының тұрғыны Мырзалы Ғалымжан |
Леңгер қаласында Төлеби баба мұражайының құрылысын жүргізсін. |
01.09.2026.ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының Әкімдігі
|
Нысанды пайдалануға беру
|
|
7 |
Көксәйек елді мекеніндегі балалар кітапханасының ғимараты тозығы жетіп құлағандықтан, кітапхана «Жеңіс» мәдениет үйінің ғимаратына көшірілген. Орнына жаңа кітапхана ғимаратын салып берілсе. Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Мәмбетқұлов Сыдық
|
Балалар кітапханасын салу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)
Облыстық мәдениет басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу
|
|
Жарық мәселесі |
|||||
|
8 |
Қазақстан ауылы Қ.Қошанбаев көшесі 118 үйде тұрамыз. Кешкі уақыттарда балаларымыздың қауіпсіздігі алаңдатуда, осыған орай, түнгі жарық шамдарын орнатуға ықпал жасасаңыз. Қазақстан елді мекенінің тұрғыны Қопалов Абай |
Қазақстан елді мекені Қ.Қошанбаев көшесіне түнгі жарықшамдарын орнату бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
01.07.2025 ж.
|
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
9 |
Оңтүстік ауылындағы электр желілері тозығы жеткендіктен ауа райының желді, жаңбырлы, боранды күндері жарығымыз жиі сөніп, сағаттап электр қуатынсыз отыруға мәжбүр болудамыз. Осы тозығы жеткен электр желіліренің жаңаруына ықпал жасауыңызды сұранамыз. Тасарық елді мекенінің тұрғыны Молдабеков Нұрхан |
Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ және Ақмола көшелеріне электр желіcін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
01.08.2025 ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
Денсаулық сақтау саласы |
|||||
|
10 |
Қасқасу ФАП-та интернет желісінің жылдамдығы сапасы төмен.
Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Бексейтов Ерлан
|
7. Қасқасу елді мекенінде және ФАП-та интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізсін.
|
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Мәлімет ұсыну
|
|
11 |
Төлеби аудандық ауруханасында көптеген зейнеткерлер жұмыс жасауда, жастар жұмыссыз жүр
Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай |
Мәселені зерделеп, ұсыныс енгізсін. |
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Ұсыныс енгізу
|
|
Әлеуметтік мәселесі |
|||||
|
12 |
№3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізуге қаржы қарастыру туралы
Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай
|
№3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізу бойынша қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізсін. |
20.04.2025 ж. дейін |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
Ұсыныс енгізу
|