|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
|
Газ мәселесі |
|||||
|
1. |
Мақталы ауылдық округі Тың ауылында газ жоқ, ауылда 174 абонент тіркелген. Сол ауылымызға газ тартуға ықпал жасауыңызды сұраймын.
Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов |
Тың елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізсін. |
01.10.2025 ж.
Қаржы бөлінуіне қарай
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Жетісай ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
2. |
Мақталы ауылдық округі Тың елді мекені аумағында 10 тік дренаж ұңғымасын қалпына келтіру жобасына енгізілмеген, жобаға енгізуді сұрайды. Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов |
Тың елді мекені аумағында 10 тік дренажді қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін.
|
10.04.2025 ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазсушар» РМК ТФ
Жетісай ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
|
3 |
Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке қашан беріледі?
Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны О.Тастанов
|
3. Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын. 3.1. Каналдар мен қашыртқыларға мемлекеттік акті және бағалау құнын шығару. 3.2. Каналдар мен қашыртқыларға техникалық төлқұжат алу 3.3. Коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелерін республикалық меншікке өткізу.
|
30.12.2025 ж.
3.1. 01.09.2025ж.
3.2. 01.10.2025ж.
3.3. 30.12.2025ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Қабылдау актісі |
|
Кәсіпкерлік саласы (фабрика салу) |
|||||
|
4. |
Мақта шикізатының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан аумағынан тоқыма фабрикасын салу. Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов |
Ауданда тоқыма фабрикасын салу бойынша ұсыныс енгізсін.
|
10.04.2025 ж
|
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Жетісай ауданы әкімдігі
|
Ұсыныс енгізу |
|
Кәсіпкерлік саласы (индустриялдық аймақ) |
|||||
|
5. |
Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында индустриялдық аймақты құру.
Асықата кентінің тұрғыны Т.Кенжебеков |
5. Индустриялдық аймақты құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын. 5.1. Инфрақұрылымды тарту үшін ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу. 5.2. Индустриялдық аймаққа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімді беру. 5.3. Инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2025-2026 ж.ж.
5.1. 01.08.2025ж
5.2. 01.09.2025ж
5.3. 30.12.2026ж
Қаржы бөлінуіне қарай |
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Жетісай ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру
|
|
Білім саласы |
|||||
|
6. |
Жетісай ауданында жоспарланған 6 жайлы мектептің 3-і қашан салынады?
Асықата кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты М.Ділдәбеков
|
Ауданда 3 жайлы мектептің құрылысын жеке инвесторлар арқылы жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін.
|
10.04.2025 ж.
|
Облыстық білім басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы Жетісай ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу
|
|
Санитарлық тазалық мәселесі |
|||||
|
7. |
Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтерге жаңадан техника берсеңіз.
Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Б.Омарбеков |
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында техниканы алу бойынша жұмыстарды жүргізіп, аудандарға табыстау.
|
01.06.2025 ж.
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Қабылдау актісі |