|
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы |
|||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы
*Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Ереженің 4,6,8,11,23,25 және 26 тармақтарында қате анықтамалық және бланкеттік нормалар анықталды, мәселен «заңнамаға сәйкес», «заңнамада көзделген», «қолданыстағы заңнамаға сәйкес» және «егер заңнамада өзгеше белгіленбесе». Бұл сыбайлас жемқорлықтың «қате анықтамалық және бланкеттік» нормалар тәуекел факторын тудырады. |
Басқарманың Ережесін қайта дайындап, заң талаптарына сәйкестендіру |
«Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы жаңа Ереже облыс әкімінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі №178 қаулысымен бекітілді. Жаңа Ережеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін «қате анықтамалық және бланкеттік» нормалары «Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының» сараптамасы негізінде алынып тасталды. |
|
01.10.2024 ж. |
|
2 |
Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармаларына компьютерлерге сервистік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде аудан және қала әкімдіктері тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуына ықпал етуі мүмкін. |
Аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалармен бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізу |
Түркістан облысы әкімінің аппаратында, облыстық басқармаларда, аудан және қала әкімдіктерінде бағдарламалық ақпараттық кешенді сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап «Sumato Шымкент» ЖШС арқылы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар жөнінде тапсырыстар арнайы тапсырыс парағын толтыру арқылы қабылданады. Ай сайын атқарылған жұмыстардың актісі дайындалып, салалық бөлім басшысы келісіп қол қояды. Бөлім басшысы қол қойған актіге сәйкес төлемдер жүргізілуде. цифрландыруды дамыту, цифрлық трансформация және байланыс бөлімінің басшысы Б.Абай және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бас маманы А.Байдуллаева Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктіліктерін арттырды (40 академиялық сағат). |
|
01.12.2024 ж. |
|
3 |
«Алдын ала ескерту, дабыл қағу қондырғыларының қауіпсіздігі мен мониторингін және осы тектес қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қызметі» бойынша жоба тиімсіз жоспарланған. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу конкурсын тоқтатуға мәжбүрлі туындаған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. |
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының атына ақпарат дайындау |
Түркістан облыстық Мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы №13/175-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес жоба үшін қаралған 417 000 000 теңге көлеміндегі қаржы қысқартылды. |
Жобаның тиімсіздігін растай отырып, Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына ұсыну үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2024 жылғы 1 қазанда шығыс №23/1385 хат жолданды. |
25.10.2024 ж. |